+3 дауыс
Ару күн әнінің сөзін қайдан тапсам болады?
04.08.2013 3.7k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап


Шыққанда шұғылаңнан жадырап,
Тәжім етер, саған шексіз атырап.
Ару күлім қаққандай, сәуле құшқан шақтарда,
Жас жүрегім қалар ма күй ақтармай.

Төңірекке шырай, көрік таратып,
Дүниені бір өзіңе қаратып.
Шалқып, тасып келе берші,
Нұр сәулеңді төге берші,
Маған бақыт бере берші, ару Күн.

Жағасына мөлдір көлдің барғанда,
Сәулетіңе назар ауып қалғандай.
Осынау бір шақтарда, арман күлім қандай,
Алтын айна көл түбінде жатқандай.

Құдірет күш бір өзіңнен табылған,
Саған мәңгі жер-ана да табынған.
Өзің келген шақтарда,
Ешкім қалмас шаттанбай,
Теңдесі жоқ, ерке сұлу, ақ маңдай.
04.08.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы