+2 дауыс
Өшіргіш неден жасалады? Кім ойлап тапты? Қашан ойлап тапты?
02.08.2013 5.6k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Өшіргіштің орысша атауы "резина", соған қарағанда резенкеден болмаса каучуктен жасалатын болар.
02.08.2013
0 дауыс
XVIII ғасырда ағылшын оқымыстысы Джозеф Пристли өз заманының шебер химигі ретінде танылды.  Дәл осы Пристли әлемдегі ең бірінші өшіргішті ойлап тапты. Оған астроном досы Шарль Мари де ла Кондамин көмектескен. Шарль Аризонға  шеккен сапарында жерден кезіккен кішкене каучук бөліктерін жинап жүреді. Үнді жұрты бұл материалды тұрмыстық қажеттілігіне қолданатын еді. Шарль жинаған бұйымдарын Еуропаға әкеліп, досы Пристлиге көрсетеді. Химик бірнеше тәжірибе, зерттеу жүргізіп, каучук көмегімен грифельмен жазылған қағаздағы жазуды өшіруге болатынын анықтады. Бұл 1770 жыл болатын.  Жазушылар мен ғалымдарға зор қуаныш сыйлаған өшіргіш резеңке өмірге осылай келді. Оның бір ғана кемшілігі – тез ұсақталып қала береді, бұл өшіргіштің ғұмыры ұзаққа бармады.  1832 жылы америка ғалымы Чарльз Гудьир каучукті басқа материалмен – күкіртпен араластыру керек деп шешті. Сөйтіп резеңке тығыздалып, біраз уақыт қолдануға жарады. Одан 19 жыл өткен соң резеңкені қарындаштың басына орналастыру туралы идея  ғалымның  ойына оралды.
11.07.2020
127,965Сұрақ
322,906Жауап
153,169Пікір
73,033Қолданушы