+1 дауыс
6.0k көрілді
Қазір көпшілігіміз табиғи сиыр сүтінен гөрі тетрапакеттегі "Мое молоко", "Любимое" сияқты сүттерді пайдаланамыз. Жарнамаларында қанша өтірік айтылғанымен, олардың құрғақ сүттен жасалынатыны белгілі. Сол құрғақ сүт неден және қалай жасалады екен?
Жакында билетин боласын
kazak15el, бұл не деген сөзің? анықтап жаз.

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Құрғақ сүт - ұзақ мерзім сақталуы үшін кептірілген сүтұнтағы. Құрғақ сүтті тез арада жоғары температурада кептіру  қондырғыларында дайындап, төлазығы мен адам тағамына қосынды ретінде пайдаланады.
Сүтті құрғату тәсілi.
Көшпелі дәуірде қазақтар да сүтті түгінен айырылған тері арқылы құрғатқаны туралы Ақселеу  Сейдімбек айтады: Теріні түгінен айырудың мұндайда екі-үш түрлі тәсілі қолданылады. Бірі – и салу тәсілі. Тек иі өтіп кетпейтіндей, идің быршыған дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі – теріні жібітіп отырып, өткір ұстарамен түгін қырып тастайды. Үшіншісі – сойылған малдың жас терісін ағын суға салып қойса, төрт-бес күнде түгі сыдырылып түсіп қалады. Осындай тәсілдердің бірін қолдану арқылы дайын болған түксіз теріні суға салып, шуашы мен шайырынан айырылғанша әбден сапсып жуады. Ақжемденіп, май-сөлінен арылған тері шүберектей болып тазарған кезде сөреге жая салады. Келесі күні қой-ешкіні қосақтап жібереді де мол етіп сүт сауады. Ол сүтті мүмкіндігінше үлкен қазанға құйып, әлгі теріні соған салады да, астына маздатып от жағады. Біраздан соң тері салған сүт шымырлап қайнай бастайды. Қайнаған сайын қойыла береді. Қойылған сайын сүттің бар маңызын тақыр тері бойына тарта береді. Бір мезгілдер болған кезде сүт қойыртпақтанады. Тері болса, ағара бөртіп, әбден ісінеді. Содан, қойылған сүт сарқыла таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Сол бетінде теріні сөреге жайып тастайды. Тері түнімен жел қағып тобарсып, сол күні түске дейін кеуіп-ақ қалады. Түс қайта тағы да қой-ешкі қосақталып, тағы да қазан сүтке толады. Тағы да қазан астына жайнатып от жағып, әлгі сүтсіңді болған теріні тағы да қазанға салып қайната бастайды. Осы жағдай үшінші рет қайталанады. Сол кезде сүт сіңген терінің қалыңдығы бармақ елі болып, өн бо йына уыз сүттің маңызы тұтылады. Мұнан соң, үшінші рет жайылған тері тобарсып кебе бастаған кезде шиыршықтап орайды да, маңызы ұшып кетпес үшін қарынға немесе бүйенге салып, ауызын буып тастайды.
+1 дауыс

Мына жерден орысша)

0 дауыс
Кургак сутти озин ишип жкрген боларсын
0 дауыс
http://jakoblog.kz/302/ Осы жерден қарасаң болады.
...