0 дауыс
6.0k көрілді
Лизинг деген не ?

http://virazh.kz/leasing/

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Лизинг - қарапайым айтқанда, үш жақты келісім. Лизинг алушы бір басқа банк арқылы тауар алады. Ол тауар сіздің емес банктың атағында болады, Сіз толық ақшаны банкке қайтарғаннан кейін ғана ғана сіздің атағыңызға аударуға болады. Сіздің атағыңызда болмағаннан кейін сатып не басқа біреуге бере алмайсыз
мысалы : мен машина алдым делік лизингке, ал енді ол жерде 1 700 000 мыңды лизингке алсам, оның өсімі болмайды солайма ? мен ол ақшаны төлеп болғансоң, мүлік менікі болама ?
Әрине өсімі болады ғой (қанша пайыз болатыны банкке байланысты), бірақ банктен ақшалай несие алып тауар алғаннан гөрі лизингке алған көп тиімді
Ескертетін жай егер сіз банкке ақшаны дер кезінде төлемесеңіз банк оны сатылымға шығаруға құқылы (яғни тартып алады), мысалы 4-5 ай төлеп келіп 6-шы айын төлемей қалсаңыз автоматты түрде банктің иелігіндегі зат болып есептеледі де, алдыңғы айларда төлеген ақшаңыз босқа кетеді. Сондықтан толықтай төлеп тұруға сенімді екендігіңізді біліп алып алу керек
сізге көп рахмет.
+1 дауыс

ЛИЗИНГ сөзі ағылшын тіліндегі LEASE – жал сөзінен шыққан.

Лизинг – лизинг шартын жүзеге асыруға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастар жиынтығы, оған сәйкес жалға беруші (әрі қарай – лизинг беруші) жалға алушы (әрі қарай – лизинг алушы) нұсқаған мүлікті белгілі бір сатушыдан өз меншігіне алуға және осы мүлікті лизинг алушыға ақылы негізде уақытша иеленуге және пайдалануға  беруге міндеттенеді.

Жалгерлік қатынастар 4000 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Тарихшылар алғашқы жал шарттарын шумерлік Ур қаласынан тапқан. Олар б.з.д. 2000 ж. қыш тақталарға жазылған. Ежелгі шумерлер негізінен ауылшаруашылық құрал-саймандарын жалдаған. Алайда көне заманда жалдау нысаны тек қана соқа болмаған.

Финикиялықтар теңіз кемелерін жалға табысты беріп қана қоймай, қосымша өз командаларын ұсынған. Орта ғасырларда әркім сатып ала алмаған рыцарьлық қару-жарақтар жалгерлігі кеңінен таралды.

Қазіргі заманғы лизинг ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. 1940-шы жылдардың басында Чикаголық автомобиль сатушы Золи Фрэнк бір емес, бүкіл машина паркін жалға беруді ұйғарды. Бүгінде бұл адамды «қазіргі заманғы автолизингтің атасы» деп атайды. Алғашқы лизингтік компаниялар  он жыл өткен соң – ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының орта шенінде пайда болды.  Кейбір дереккөздерде дәл мезгілі – 1954 жыл деп белгіленген. Лизингтің қазіргі заманғы тарихы осы уақыттан басталады.  Араға ондаған жылдар салып, қаржылық жалгерлік әлемде кеңінен өріс алады. Бүгін дамыған елдерде экономикаға нақты инвестициялардың шамамен 30-40%-ы лизингтің үлесіне тиесілі.

Қазақстанда қаржылық жалгерлік едәуір кеш – 90-шы жылдардың басында пайда болды. Сондықтан лизинг тарихы Батыста жарты ғасырды еңсерсе, Қазақстанда небары 15 шақты жылдан бері есептеледі.  Дегенмен, елімізде лизингтің артықшылықтарын түсініп-бағалайтын кәсіпорындар саны күн өткен сайын артып келеді. Инвестиция тапшылығы, ұзақ мерзімді қаржыландыру қиыншылықтары мен өндірісті жаңартудың өткір қажеттілігі жағдайында қаржылық жалгерлік өнеркәсіп пен сауданы дамытудың тиімді құралына айналады.

ЛИЗИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Лизинг – мүлікті сатып алу және оны лизинг келісімшартының негізінде белгілі бір бағаға, белгілі бір мерзімге және келісімшарттан туындайтын белгілі бір шарттармен лизинг алушыға табыстау бойынша инвестициялық қызмет түрі, лизинг алушыда мүлікті құнын төлеп сатып алу құқығы қалады.

ЛИЗИНГТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Өндірістік қуаттылықтарды айналымдық қаражатты жұмсамастан жаңарту;
80%-ға дейін қаржыландыруды қамтамасыз ету;
Мүлік лизинг алушы кәсіпорынның балансында көрсетіледі;
Лизинг келісімшартының әрекет мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін;
Лизинг бойынша сыйақы түгелдей шегерімдерге жатқызылады;
Алғашқы іске пайдалану жылындағы қосарлы амортизация нормасы;
Лизинг келісімшарты әрекет еткен мерзім ішінде ҚҚС біркелкі мөлшерде есептеледі;
Лизинг берешекті өтеу кестесін жасау тұрғысынан аса икемді болып келеді;
Лизингтің заты лизинг келісімшарты аяқталғаннан кейін лизинг алушының меншігіне беріледі;
Сатып алынып отырған лизинг заты лизинг мәмілесінің бірден бір қамтамасыздығы болып табылады.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГ ШАРТТАРЫ

Лизингтің мерзімі:

     · Оңтайлы мерзім – 37 ай.

Сыйақы мөлшерлемесі:

     · Жылдық 15%.

Аванстық төлем енгізу:

     · Лизинг затының құнының 15%-ы және одан көп мөлшерде.

Сіздің лизингке көлік құралдарын, құрылыстық және арнайы техниканы сатып алуыңызға болады.

Сондай-ақ біздің компания автокөлікті жалға беру қызметтерін ұсынады.

ЖАЛҒА АЛУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Кәсіпорынның айналымдық қаражаттарын үнемдеу;
Көлікке салынатын салық пен автокөлікті сақтандыру қаражатын үнемдеу;
Сервистік қызмет көрсетуге, техникалық тексеруге, қосалқы бөлшектерді, автошиналарды сатып алуға, автотұраққа және жууға байланысты қиындықтардың болмауы.
Жалға алу құнына төмендегілер кіреді:
Жүргізушінің жалақысы;
Сақтандыру (Автокаско + НС, ГПО);
Жөндеу (ТТ1, ТТ2);
ЖЖМ;
Жуу, автотұрақ;
Көлік салығы;
АКБ, авто-резинаның (Қыс, Жаз) құны;
Техникалық тексеруден, ЖПБ комиссиясынан өту.

Ұқсас сұрақтар

...