0 дауыс
481 көрілді
Менің сұрағым мынадай.

Менің автокөлігім россиский учетта тұр.Сол көлігімді қазақстанның учетына калай аударсам болады, канша болады, жалпы аударуға бола ма?

Қомақты ақшаға Қазақстандық етіп істетуге болады деп естіген едім, сол қаншалықты рас?

Не істеуге болады, заңды жолын айтсаңыздар...

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу мерзімі 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген механикалық көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану қағидалары, шарттары мен мерзімдері туралы қаулы жобасы жарияланды. Көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін 200 мың теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін қолдану үшін азаматтар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.
Келесідей көлік құралдарына бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін 200 мың теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесі қолданылады:

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;

іздеуде табылмаған;

басқа мемлекеттің құзыретті органында бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік тізілімнен шығарылған;

кедендік тазалаудан өткен.
...