Тұлға, Адам | 24.9k қаралды
24.9k қаралды
Жеңгем бірде түсте ұйықтап жатып айқайлап оянды. Бастырылығып қалыппын, мені тұншықтырып жатыр екен дейді өзі. Батыс жақтың қызы болғандықтан кейбір сөздерін түсінбеймін. Ол не нәрсе?

33 жауап

Түн iшiнде шырт ұйқымнан ояндым. Не түсiм, не өңiм екенi белгiсiз, әйтеуiр бiр ауыр нәрсенiң үстiмнен басып жатқанын сез­дiм. Қозғала алар емес­пiн. Денем қимылдай алмағаны былай тұр­сын, “бiссiмiлләнi” айта алмай жатырмын. Үнiм шықпайды. Үстiмдегi ауыр нәрсе болса, онан бетер тұншықтырып барады. Бiрнеше минуттан соң әлгi нәрсе жiбергендей болды. Төсектен атып тұрып жарықты жақтым. Ештеңе көрiнбейдi. О, тоба, сонда бағанағы нәрсе не болды? Түс дейiн десем, өңiмде болғанын анық бiлемiн. Есiмдi жиған соң, бәлкiм, шаршағандықтан қоз­ғала алмай қалған болармын деп топшыладым. Бiрақ ұзақ уақыт бойы көз iлмедiм. Оқыс оқиға қайта қайталана ма деп қорықтым. Сәлден кейiн ұйқыға кетiппiн.

Келесi күнi жора‑жолдастарыма түндегi оқиғаны айтып бердiм. Бiрi “ол ештеңе де емес, бастырылып қалу ғана” дегендi айт­са, ендi бiрi “үйдi аластат” деген ақыл‑кеңесiн бердi. Не де болса, бәле‑жаладан аулақ деп, үйдi тазартып, аластап, құран оқыттым. Десек те кешке ұйқыға жатарда сол оқиға қайталана ма деп қорқатын болдым.
Одан кейiнгi күндерде де мазам кеттi. Түнеукүнгi оқиғаның түбiне жетiп, себебiн түсiнгiм келдi. Адам не себептi бастырылып қалады? Ол жай ғана шаршағандық немесе дұрыс жатпаудың салдары ма, әлде тылсым күштiң қатысы бар ма?
Мұндай оқиғаны жылына бiрнеше мәрте өткеретiндер бар көрiнедi. Мұны медицина ұйқы кезiндегi сал деп түсiндiредi. Яғни, ұйқыға кетпей тұрып немесе оянған соң бұлшық еттердiң жиырылып қалуы. Физио­логиялық тұрғыдан алғанда, бұл кәдiмгi паралич ауруына жақын. Әдетте мұндай оқыс жағдай мидың белсендiлiгi артып, бұлшық еттер әлсiреген ұйқы кезеңiнде болады. Осы кезде адам денесiнiң қозғала алмай қалуы қалыпты жағдай. Себебi адам миы кенеттен оянып кеткенiмен, дене параличi бiрнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесi әлi ұйқы кезеңiнде. Дененiң қозғала алмай қалуы бiрнеше секундтан бiрнеше минутқа дейiн жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшiн ол бiрнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрiнедi.
Дене параличi әдетте шалқалай жат­қанда басатынын оқыдым. Медицина мұндай кезде адамға тылсым нәрсенiң – үй иесi, белгiсiз адамдардың елестеуi заңдылық деп түсiндiредi. Кеуденi бiреу басып жатуы, тыныс алудың қиындауы, көздi аша алмау, дыбыс шығара алмау, осының бәрi ұйқы кезiндегi параличке тән нәрсе.
Алайда медицина мұны дұрыс жатпау, ұйқының бұзылуы салдарынан болатын сал­ға жақын күй десе де, халық оны әлi күнге дейiн тылсым күштермен байланыстырады.
Көнекөз танысым бұл ешқандай да ауру емес, тек үй иесiнiң немесе жынның тiрлiгi болуы мүмкiн екенiн айтты. Оның айтуынша, үй иесiне әлдебiр нәрсе ұнамаса немесе қонысты ауыстырған кезде бұрын­ғы үй қожайынының иесi қалып қойса, әлгiндей келеңсiз оқиғалар болып тұрады. Қайсыбiреулер үй иесi жақсылық не жамандықты сездiргiсi келгенде, қожайынының кеудесiне мiнiп алады деп сенедi.
Әр халық ұйқы кезiндегi беймәлiм құбылысты әрқалай түсiндiредi. Чуваш халқының аңыз‑әңгiмелерiнде вубар деген жын бар. Сол вубар әйел немесе еркек, тiптi үй жануарының кейпiне енiп, ұйқыдағы адам денесiне мiнiп алып, тұншықтырады екен. Аңызға сенсек, вубарға тап болған адам ауырады да, ал вубардың өзi одан күш жинайды. Чуваштар дуагерлер сиқырдың арқасында вубарға айналып, адамдарды дуа­лайды деп сенген. Сондықтан одан сақтанудың жолдарын iздестiрген. Түн iшiнде вубар келген жағдайда, ол туралы үй жануарына айтып берсе, ол қайта келмейдi деп есептеген. Вубар елестеген адам үйдiң кiреберiсiне күл шашатын дәстүр де болған.
Өз басым сол түнгi келеңсiз оқиғаны шаршау немесе дұрыс жатпаумен байланыстырмадым. Себебi осы күнге дейiн мұндай нәрсенi бастан өткерген емеспiн.
Жер бетiндегi адамдардың кемiнде 20-40 пайызы ұйқы кезiндегi сал күйiн бiрнеше мәрте бастан өткередi. Әр сенiм, әр адам мұның себебiн әрқилы түсiндiредi. Дегенмен мұндай күйден шығудың жолдары бiр: алдымен Аллаға сиынып, үйдi тазарту. Сонан кейiн түн iшiнде осындай жағдай қайталанса, бас бармақты, көздi не тiлдi қимылдату. Кейбiреулер мұрын арқылы дыбыс шығару көмектеседi десе, ендi бiрi керiсiнше, қозғалмай дененi бос ұстау сол күйден шығарады деп есеп­тейдi.

Мәлімет мына жерден алынған:http://www.zhasalash.kz/mbm/6415.html   Кәдеңізге жарап қалар.
Саламатсыздарма?! бастырылып калу менде оте жии болады, жылына бирнеше емес айына бирнеше рет. бугин тунде мысалы ушин. жогарыдагы суреттегендей денемди кимылдата алмаймын, есимди билемин, козим ашык бирак сол бастырылган сатте козимди тас жумып жатуга тырысамын, ойткени козиме бирнарселер коринип заремди алады. неше турли нарселер, адам болсын, зат болсын, коленке болсын.бугинги бастырылганымда, козимди ашпаймын деп кулагыма жанымда жаткн жолдас кыздарымнын кулгендери естиледи, кадимги кулки емес, шайтан кулки, ал шынында ол кыздар уйыктап жатыр. бастырылар кезимде озим сеземин ойткени уйкыга кетип бара жаткандай боламында бирак тунгиык, теренге кетип барамын канша тырысамын уйыктап кетпей, сол сатте турып кетуге бирак женилип, сол тереннин тубине жеткенимде бастырылу басталады.((((((( тилимди камилага келтирип, бар кушимди жинап, тым болмаса саусагымнын ушын кимылдатып болсын айтеуир терлеп тепшип оянаын. бунын себеби неде???
Бастырылып қалған адамдардың айтуынша... Ұйықтап жатқан адамның мойнын біреу буындырғандай болады ауа жетпей, түс еместігін түсінгеніңмен жаныңда адам жастса мені қозғап жібер деп те айта алмайсың. тілің, қолың байланған күйі жата бересің деушеді.
Қара сақал))
Менде ұйықтағанда коп бастырылып қалам кейде типти ұйықтауға да қорқам нестесем болады
Менде де дал осындай жагдай жиi кайталанады. Типти кунде десемде болады... Казир уйыктауга коркам тагы кайталанама деп...  Дем жетпей кыйналам ояна алмай
Жатарда даретпен жане фалак, нас, аятул курси, сурелерин окып жатыныздар. Азанга дейин жын шайтандар тиысе алмайды. Ал осы сурелерди тан ертен даретпен окысаныз кешке дейин тиысе алмайды. Негизи бастырылып калу адамнын озинен болады. Куна истер жасап журуы,  немесе лас жерде журуы, жатуы. Аллах шипасын берсин!
Менде 5-6 жыл болды бастырлып калай берем тунде де кундизде ол жагдайда озим тандай кагып жане тилим тистеп оянам или тукирип оянам ойымша ол жын не истеримди озим билмей журм естум бар оган комектесетин ертеден калган ырым шайтан шоп дит батыс жакта сол шоппен уйди аластау керек дит. Сол шоп жок кететин шыгар деп ойлайм...
Ия дурыс айтасыздар мендеде мине дал казир туп тура сондай окига болды. Биринши тамган судын дауысын естидим ойанып келе жатып салден сон бирдемке келгендей болды миым шынылдап козгала алмадым. Баска болмеде карындасым журген кундизги сагат 14:30 шамасы айкайлаймын комекке шакырам бирак дауысым жетпейди турып отыргандай жургендей болам есик жакка бирак бул не екенин билгим кеп жатамын бирак козгалар емеспин бисмилланы да калиман келтирдим комектеспеди за болып боктап тобелеске шакырдым бирак денем козгалар емес бауыр жагымды басып ауыртып жатыр бираз киналып жатып жиберди тусинер емеспин бул жагдайды артынан тук болмагандай жаксы болдым .
Менде кунде Ондай жагдай бболады 3 аидай болды брак казр жок жатарда датетпен жатып ккунинине 1 сагатай курган тындау кажкт жын болса ози ак кетеди мукин 1 аптада мукин 1 жылда бирак кетери анык жын козинизге корнбесе болганы коринсе бул жаксы емес
Белгісіз
Менде бундай окига жиы кайталанатын. Дарет алып, дуга окып жатамын. Сонда тыныш уйктаймын, кейде денемды козгалталмай жатамын бырак ушъп жаткандай боламын. Казир кайталанбайды шукир Аллага.
Бастырып қалғанда бас жактарынызды қараңыздар кундизги киген аяқ киим (табишке носки ) болмауы тиіс себеби кундиз аяктарынызбен лас жерлерди басасыздар сондыктан неше турли жаман түс коресиздер.Кеиде бастырылып калу ыңғайсыз жатудан да пайда болады...
Естігенмін

Бірақ бір рет те болмаппын
Бастырылып калу ол адамнын озыне байланысты,Ойткены адамнын аузы толган богауыз болса немесе жасап журген ыстеры мусылманга жат кылык болса онда ол адамнын бастырылуы бекер емес, Уйыктар алдында АЛЛА есымды жалгыз кудайды ауыздарынызга ала жатыныздар, Жане жай псмлла демей таза мусылман тылымен БИССМИЛЛАХИ деп айтыныздар,Ондайдан коркудын тук кажеты жок,
Бастырылып калуга мен уйренип кеттим. Ен басында катты корыкканмын. Тусимде де уйыктап жатыр бастырылып жатканымды. Мен ишиммен жатамын ойткени ынгайлы. Сол жатыста гана болады бастырылу. Сурелерди ишимнен кайталап айтамын одан кейин женилденемин. Козимди ашпаганмын. Ен сонгы бастырылганымда 1 кун бурын маган келе жатканын биреудин жане иыгымда биреудин колын сездим. Ешкандай медицинамен байланысты емес деп ойлаймын.
Бүгінгі түнді ұмытпаспын! Негізі түнде Наас сүресін оқып ұйықтадым. Бірақ бүгін көмектеспеді. Түнде бір рет емес 3 рет бастырылып шықтым. Біріншісінде жай кәдүілгі күндердегідей болды. Екінші ретінде жанымда біреу ары бері жүргендей болды. Үшінші рет бастырылғанымда әлгі нәрсе төсегімнің шетіне қолын тіреп маған қарап тұрды. Қорыққанымнан көзімді тарс жұмып алдым. Және де басқа күндері қорқынышты түс мүлдем көрмейтінмін. Дәл бүгін бірнеше қайтара қорқынышты түс көріп оянып кете бердім. Таңғы бестерде ұйқыны ойлағым да келмеді. Ұйқым келіп жатты, бірақ қайтадан қорқынышты түс көремін бе деген сезіммен ұйықтамауға тырыстым. Тыныштандыратын ертегілер оқуға тырыстым көмектеспеді. Бір жаманда қайтадан ұйықтап қалыппын. Қайтадан қорқынышты түс көрдім. Есім шығып кетті. Негізі бастырылып қалуды жай ғана физиологиялық нәрсе деп ойлайтынмын. Бірақ дәл бүгінгі зат өзгеше болды...
Ассалаумағалейкум. Менде бугин осындай жагдай болды. Туркистанда оқимын. Жалға пəтер алып жатканыма 1 айдай болды. Сағат 17.00 шамасы, бөлмеде жалғыз жатырмын, биресе анамның биресе арғы бөлмедегі жолдас жигиттердің дауысы естиледи. Біраз уақыт солай сандырақтап жаттым. Бир кез басталды аяқ қолым қимылсыз. Керек десеңіз саусағымда тилимде қимылдамайды. Текқана көзімнің алмасын ары бери қимылдата алдым. Калиманы билсемде сол кезде ұмытып қалдымда оның орнын тіліме ең бірінші келген ЫҚЫЛАС сүресін оқыдым. Оқып бітірер бітірмес жанағы күш өз жайыма жіберді. Бірак үстімде ешкім отырғанда жок, тұншықтырғанда жоқ. Текқана құлағыма Нұрлан Өнербаевтің дауысы естілді себебі ұйықтардан алдын бір екі өленін тыңдап жатқан ем. Бірақ ол өлең айтпады . Не дегені есімде жок текқана АДАМ жəне ХАЙУАН деген создер есімде қалып кетті. Бул процесс 1минутқа созылды. Білгендеріңізбен бөлісіңіздер. Рахмет!!!
Мен бугин обед упкыттында орындыктарды койып екы бетиммен жаттым, бастырылдым кулагыма отдел кадрда истейтин апай биртурлы коркынышты дауыспен акырын Жансая деп сыбырлады асыкпай , сосын аркамнан бир саусак тиды туртты. Айгайласам шыкпайт даусым неге екенин билмеймин тилим сондай кезде колма кол калимага келеды кайта кайта кайталап сонда да бираз уакыттан сон жиберды. Жаткан жеримнен тура сала артыма караппын сосын бираздан сон есимды жидым бирак орнымнан козгалмаппын турмаппын да сонда мен тусимде орнымнан турганмын гой... Жиы бастырыламын ол не себепты екен ? Оте коркынышты
118,420 сұрақ
305,358 жауап
153,301 пікір
67,794 қолданушы