Бастырылып қалу деген не нәрсе?

+1 дауыс
90.8k қаралым
Жеңгем бірде түсте ұйықтап жатып айқайлап оянды. Бастырылығып қалыппын, мені тұншықтырып жатыр екен дейді өзі. Батыс жақтың қызы болғандықтан кейбір сөздерін түсінбеймін. Ол не нәрсе?
• Санаты: Тұлға, Адам | 90.8k қаралым

37 жауап

0 дауыс
Мен де бір қызық әңгіме айтып берейін, жұбайым қайта қайта бастырылып жер астынан қол шығып тартады дейтін. Сосын мен қорғасын құятын апаға жүр жүр деп апардым. Сонда ана апа айтты:"Мархом мамаңның мәйітінің оң жағында бір туысың қәбірін жануар қазып ойып тастаған,оны бірінші таспен содан соң топырақпен көміңдер деді. Біз келесі күні таңертең барсақ , шынанда тап солай 13 жасында қайтыс болған қайнапам қәбірін қазып тастаған екен . Біз апа айькандай,таспен , топырақпен көмдік,содан кейін бастырылмады. Мен әлі таң қаламын,ай Алла ол қалай, тірі жан мен марқұм арасында осындай связь болама деп. Енді 6 жылдай өтті қайтадан бастырылып жүр,мен калима айтканда оянады "уф,деп". Қорғасын құятын апаға жүр дейін десем,осы күнде оқысам ол ислам бойынша дұрыс емес. Бақара қоссам жақсы ұйықтайды қызық.
0 дауыс

Бүгін таңға жуық сағат 5-тер шамасында бастырылып қалдым. Оң жақ қырыммен жатқанмын, бір кезде ауыр бір нәрсе үсітмнен басып қалды.Маған оның ауырлығы мен аяғы сезілді. Қозғала алар емеспін.Көзімді ашуға да қорықтым.Тілімді "біссіміллаға" әрең келтіріп, қайталап айта бердім. Ол нәрсе менің құлағыма жақындап, түсініксіз бірдемелері айтты.Оның сыбырлағаны мен демі маған кәдімгідей сезілді.Түсім емес екенін біліп жатырмын. Бір кезде ол мені жібергендей болды. Атып тұрып мамамды шақырып айқайладым. Мамам дауысымды естіп жүгіріп келіп жарықты қосты.Одан кейін таңға дейін ұйықтауға қорқып, ояу жүрдім.

Бұндай жағдай мен жалғыз тұрғанда жиі болатын. Үнемі таза жүріп, таза жатуға тырыссамда жиі қайталанып тұратын.Ұйықтауға қорқатын кездерде болатын.Негізі жалғыз болған әйел адмға сондай нәрселер жақын болады дегенді еститінмін. Екі-үш айдан бері әке-шешемнің үйіне көшкеннен бері қойып қалған.Бүгін тағы қайталанды. Кешке бөлмеме кіругеде қорқамын.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,803 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы