Бастырылып қалу деген не нәрсе?

+1 дауыс
90.8k қаралым
Жеңгем бірде түсте ұйықтап жатып айқайлап оянды. Бастырылығып қалыппын, мені тұншықтырып жатыр екен дейді өзі. Батыс жақтың қызы болғандықтан кейбір сөздерін түсінбеймін. Ол не нәрсе?
• Санаты: Тұлға, Адам | 90.8k қаралым

37 жауап

+3 дауыс
Түн iшiнде шырт ұйқымнан ояндым. Не түсiм, не өңiм екенi белгiсiз, әйтеуiр бiр ауыр нәрсенiң үстiмнен басып жатқанын сез­дiм. Қозғала алар емес­пiн. Денем қимылдай алмағаны былай тұр­сын, “бiссiмiлләнi” айта алмай жатырмын. Үнiм шықпайды. Үстiмдегi ауыр нәрсе болса, онан бетер тұншықтырып барады. Бiрнеше минуттан соң әлгi нәрсе жiбергендей болды. Төсектен атып тұрып жарықты жақтым. Ештеңе көрiнбейдi. О, тоба, сонда бағанағы нәрсе не болды? Түс дейiн десем, өңiмде болғанын анық бiлемiн. Есiмдi жиған соң, бәлкiм, шаршағандықтан қоз­ғала алмай қалған болармын деп топшыладым. Бiрақ ұзақ уақыт бойы көз iлмедiм. Оқыс оқиға қайта қайталана ма деп қорықтым. Сәлден кейiн ұйқыға кетiппiн.

Келесi күнi жора‑жолдастарыма түндегi оқиғаны айтып бердiм. Бiрi “ол ештеңе де емес, бастырылып қалу ғана” дегендi айт­са, ендi бiрi “үйдi аластат” деген ақыл‑кеңесiн бердi. Не де болса, бәле‑жаладан аулақ деп, үйдi тазартып, аластап, құран оқыттым. Десек те кешке ұйқыға жатарда сол оқиға қайталана ма деп қорқатын болдым.
Одан кейiнгi күндерде де мазам кеттi. Түнеукүнгi оқиғаның түбiне жетiп, себебiн түсiнгiм келдi. Адам не себептi бастырылып қалады? Ол жай ғана шаршағандық немесе дұрыс жатпаудың салдары ма, әлде тылсым күштiң қатысы бар ма?
Мұндай оқиғаны жылына бiрнеше мәрте өткеретiндер бар көрiнедi. Мұны медицина ұйқы кезiндегi сал деп түсiндiредi. Яғни, ұйқыға кетпей тұрып немесе оянған соң бұлшық еттердiң жиырылып қалуы. Физио­логиялық тұрғыдан алғанда, бұл кәдiмгi паралич ауруына жақын. Әдетте мұндай оқыс жағдай мидың белсендiлiгi артып, бұлшық еттер әлсiреген ұйқы кезеңiнде болады. Осы кезде адам денесiнiң қозғала алмай қалуы қалыпты жағдай. Себебi адам миы кенеттен оянып кеткенiмен, дене параличi бiрнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесi әлi ұйқы кезеңiнде. Дененiң қозғала алмай қалуы бiрнеше секундтан бiрнеше минутқа дейiн жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшiн ол бiрнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрiнедi.
Дене параличi әдетте шалқалай жат­қанда басатынын оқыдым. Медицина мұндай кезде адамға тылсым нәрсенiң – үй иесi, белгiсiз адамдардың елестеуi заңдылық деп түсiндiредi. Кеуденi бiреу басып жатуы, тыныс алудың қиындауы, көздi аша алмау, дыбыс шығара алмау, осының бәрi ұйқы кезiндегi параличке тән нәрсе.
Алайда медицина мұны дұрыс жатпау, ұйқының бұзылуы салдарынан болатын сал­ға жақын күй десе де, халық оны әлi күнге дейiн тылсым күштермен байланыстырады.
Көнекөз танысым бұл ешқандай да ауру емес, тек үй иесiнiң немесе жынның тiрлiгi болуы мүмкiн екенiн айтты. Оның айтуынша, үй иесiне әлдебiр нәрсе ұнамаса немесе қонысты ауыстырған кезде бұрын­ғы үй қожайынының иесi қалып қойса, әлгiндей келеңсiз оқиғалар болып тұрады. Қайсыбiреулер үй иесi жақсылық не жамандықты сездiргiсi келгенде, қожайынының кеудесiне мiнiп алады деп сенедi.
Әр халық ұйқы кезiндегi беймәлiм құбылысты әрқалай түсiндiредi. Чуваш халқының аңыз‑әңгiмелерiнде вубар деген жын бар. Сол вубар әйел немесе еркек, тiптi үй жануарының кейпiне енiп, ұйқыдағы адам денесiне мiнiп алып, тұншықтырады екен. Аңызға сенсек, вубарға тап болған адам ауырады да, ал вубардың өзi одан күш жинайды. Чуваштар дуагерлер сиқырдың арқасында вубарға айналып, адамдарды дуа­лайды деп сенген. Сондықтан одан сақтанудың жолдарын iздестiрген. Түн iшiнде вубар келген жағдайда, ол туралы үй жануарына айтып берсе, ол қайта келмейдi деп есептеген. Вубар елестеген адам үйдiң кiреберiсiне күл шашатын дәстүр де болған.
Өз басым сол түнгi келеңсiз оқиғаны шаршау немесе дұрыс жатпаумен байланыстырмадым. Себебi осы күнге дейiн мұндай нәрсенi бастан өткерген емеспiн.
Жер бетiндегi адамдардың кемiнде 20-40 пайызы ұйқы кезiндегi сал күйiн бiрнеше мәрте бастан өткередi. Әр сенiм, әр адам мұның себебiн әрқилы түсiндiредi. Дегенмен мұндай күйден шығудың жолдары бiр: алдымен Аллаға сиынып, үйдi тазарту. Сонан кейiн түн iшiнде осындай жағдай қайталанса, бас бармақты, көздi не тiлдi қимылдату. Кейбiреулер мұрын арқылы дыбыс шығару көмектеседi десе, ендi бiрi керiсiнше, қозғалмай дененi бос ұстау сол күйден шығарады деп есеп­тейдi.

Мәлімет мына жерден алынған:http://www.zhasalash.kz/mbm/6415.html   Кәдеңізге жарап қалар.
Саламатсыздарма?! бастырылып калу менде оте жии болады, жылына бирнеше емес айына бирнеше рет. бугин тунде мысалы ушин. жогарыдагы суреттегендей денемди кимылдата алмаймын, есимди билемин, козим ашык бирак сол бастырылган сатте козимди тас жумып жатуга тырысамын, ойткени козиме бирнарселер коринип заремди алады. неше турли нарселер, адам болсын, зат болсын, коленке болсын.бугинги бастырылганымда, козимди ашпаймын деп кулагыма жанымда жаткн жолдас кыздарымнын кулгендери естиледи, кадимги кулки емес, шайтан кулки, ал шынында ол кыздар уйыктап жатыр. бастырылар кезимде озим сеземин ойткени уйкыга кетип бара жаткандай боламында бирак тунгиык, теренге кетип барамын канша тырысамын уйыктап кетпей, сол сатте турып кетуге бирак женилип, сол тереннин тубине жеткенимде бастырылу басталады.((((((( тилимди камилага келтирип, бар кушимди жинап, тым болмаса саусагымнын ушын кимылдатып болсын айтеуир терлеп тепшип оянаын. бунын себеби неде???
+3 дауыс
Бастырылып қалған адамдардың айтуынша... Ұйықтап жатқан адамның мойнын біреу буындырғандай болады ауа жетпей, түс еместігін түсінгеніңмен жаныңда адам жастса мені қозғап жібер деп те айта алмайсың. тілің, қолың байланған күйі жата бересің деушеді.
Қара сақал))
0 дауыс
Менде ұйықтағанда коп бастырылып қалам кейде типти ұйықтауға да қорқам нестесем болады
Менде де дал осындай жагдай жиi кайталанады. Типти кунде десемде болады... Казир уйыктауга коркам тагы кайталанама деп...  Дем жетпей кыйналам ояна алмай
0 дауыс
Жатарда даретпен жане фалак, нас, аятул курси, сурелерин окып жатыныздар. Азанга дейин жын шайтандар тиысе алмайды. Ал осы сурелерди тан ертен даретпен окысаныз кешке дейин тиысе алмайды. Негизи бастырылып калу адамнын озинен болады. Куна истер жасап журуы,  немесе лас жерде журуы, жатуы. Аллах шипасын берсин!
0 дауыс
Менде 5-6 жыл болды бастырлып калай берем тунде де кундизде ол жагдайда озим тандай кагып жане тилим тистеп оянам или тукирип оянам ойымша ол жын не истеримди озим билмей журм естум бар оган комектесетин ертеден калган ырым шайтан шоп дит батыс жакта сол шоппен уйди аластау керек дит. Сол шоп жок кететин шыгар деп ойлайм...
0 дауыс
Ия дурыс айтасыздар мендеде мине дал казир туп тура сондай окига болды. Биринши тамган судын дауысын естидим ойанып келе жатып салден сон бирдемке келгендей болды миым шынылдап козгала алмадым. Баска болмеде карындасым журген кундизги сагат 14:30 шамасы айкайлаймын комекке шакырам бирак дауысым жетпейди турып отыргандай жургендей болам есик жакка бирак бул не екенин билгим кеп жатамын бирак козгалар емеспин бисмилланы да калиман келтирдим комектеспеди за болып боктап тобелеске шакырдым бирак денем козгалар емес бауыр жагымды басып ауыртып жатыр бираз киналып жатып жиберди тусинер емеспин бул жагдайды артынан тук болмагандай жаксы болдым .
0 дауыс
Менде кунде Ондай жагдай бболады 3 аидай болды брак казр жок жатарда датетпен жатып ккунинине 1 сагатай курган тындау кажкт жын болса ози ак кетеди мукин 1 аптада мукин 1 жылда бирак кетери анык жын козинизге корнбесе болганы коринсе бул жаксы емес
0 дауыс
Менде бундай окига жиы кайталанатын. Дарет алып, дуга окып жатамын. Сонда тыныш уйктаймын, кейде денемды козгалталмай жатамын бырак ушъп жаткандай боламын. Казир кайталанбайды шукир Аллага.
0 дауыс
Бастырып қалғанда бас жактарынызды қараңыздар кундизги киген аяқ киим (табишке носки ) болмауы тиіс себеби кундиз аяктарынызбен лас жерлерди басасыздар сондыктан неше турли жаман түс коресиздер.Кеиде бастырылып калу ыңғайсыз жатудан да пайда болады...
0 дауыс
Естігенмін

Бірақ бір рет те болмаппын
0 дауыс
Бастырылып калу ол адамнын озыне байланысты,Ойткены адамнын аузы толган богауыз болса немесе жасап журген ыстеры мусылманга жат кылык болса онда ол адамнын бастырылуы бекер емес, Уйыктар алдында АЛЛА есымды жалгыз кудайды ауыздарынызга ала жатыныздар, Жане жай псмлла демей таза мусылман тылымен БИССМИЛЛАХИ деп айтыныздар,Ондайдан коркудын тук кажеты жок,
0 дауыс
Бастырылып калуга мен уйренип кеттим. Ен басында катты корыкканмын. Тусимде де уйыктап жатыр бастырылып жатканымды. Мен ишиммен жатамын ойткени ынгайлы. Сол жатыста гана болады бастырылу. Сурелерди ишимнен кайталап айтамын одан кейин женилденемин. Козимди ашпаганмын. Ен сонгы бастырылганымда 1 кун бурын маган келе жатканын биреудин жане иыгымда биреудин колын сездим. Ешкандай медицинамен байланысты емес деп ойлаймын.
0 дауыс
Бүгінгі түнді ұмытпаспын! Негізі түнде Наас сүресін оқып ұйықтадым. Бірақ бүгін көмектеспеді. Түнде бір рет емес 3 рет бастырылып шықтым. Біріншісінде жай кәдүілгі күндердегідей болды. Екінші ретінде жанымда біреу ары бері жүргендей болды. Үшінші рет бастырылғанымда әлгі нәрсе төсегімнің шетіне қолын тіреп маған қарап тұрды. Қорыққанымнан көзімді тарс жұмып алдым. Және де басқа күндері қорқынышты түс мүлдем көрмейтінмін. Дәл бүгін бірнеше қайтара қорқынышты түс көріп оянып кете бердім. Таңғы бестерде ұйқыны ойлағым да келмеді. Ұйқым келіп жатты, бірақ қайтадан қорқынышты түс көремін бе деген сезіммен ұйықтамауға тырыстым. Тыныштандыратын ертегілер оқуға тырыстым көмектеспеді. Бір жаманда қайтадан ұйықтап қалыппын. Қайтадан қорқынышты түс көрдім. Есім шығып кетті. Негізі бастырылып қалуды жай ғана физиологиялық нәрсе деп ойлайтынмын. Бірақ дәл бүгінгі зат өзгеше болды...
0 дауыс
Ассалаумағалейкум. Менде бугин осындай жагдай болды. Туркистанда оқимын. Жалға пəтер алып жатканыма 1 айдай болды. Сағат 17.00 шамасы, бөлмеде жалғыз жатырмын, биресе анамның биресе арғы бөлмедегі жолдас жигиттердің дауысы естиледи. Біраз уақыт солай сандырақтап жаттым. Бир кез басталды аяқ қолым қимылсыз. Керек десеңіз саусағымда тилимде қимылдамайды. Текқана көзімнің алмасын ары бери қимылдата алдым. Калиманы билсемде сол кезде ұмытып қалдымда оның орнын тіліме ең бірінші келген ЫҚЫЛАС сүресін оқыдым. Оқып бітірер бітірмес жанағы күш өз жайыма жіберді. Бірак үстімде ешкім отырғанда жок, тұншықтырғанда жоқ. Текқана құлағыма Нұрлан Өнербаевтің дауысы естілді себебі ұйықтардан алдын бір екі өленін тыңдап жатқан ем. Бірақ ол өлең айтпады . Не дегені есімде жок текқана АДАМ жəне ХАЙУАН деген создер есімде қалып кетті. Бул процесс 1минутқа созылды. Білгендеріңізбен бөлісіңіздер. Рахмет!!!
0 дауыс
Мен бугин обед упкыттында орындыктарды койып екы бетиммен жаттым, бастырылдым кулагыма отдел кадрда истейтин апай биртурлы коркынышты дауыспен акырын Жансая деп сыбырлады асыкпай , сосын аркамнан бир саусак тиды туртты. Айгайласам шыкпайт даусым неге екенин билмеймин тилим сондай кезде колма кол калимага келеды кайта кайта кайталап сонда да бираз уакыттан сон жиберды. Жаткан жеримнен тура сала артыма караппын сосын бираздан сон есимды жидым бирак орнымнан козгалмаппын турмаппын да сонда мен тусимде орнымнан турганмын гой... Жиы бастырыламын ол не себепты екен ? Оте коркынышты
0 дауыс
Салеметсиздерме, менде жии бастырыламын, 1 рет конакта болганда бир уйктаганда 10-13 рет бастырылган кездер болган. Онын алдында да сосын да бастырылган кездер коп болды. Окыгамын бир жерден ол мидын озара денеден ерте оянып кетуинен деп. Менин ойымша оган болысатын бастырыла берсениз, оянган сон: жататын орын алмастыру,терезе ашып таза ауа киргизу(болмеде коп адам жатса ауанын жетиспеушилиги(гулдер коп болса жаксы болмеде) ду'а оку.
0 дауыс
ал сендер басып жаткан нарсенин турин кориппендер ози?
0 дауыс
Ассалаумагалейкум!!! Мен кунде бастрлатын едим даже 1 тунде 3-4рет, брак кундиз бастырылып кормеппин. Ондай кезде журек катты согады, согысы кулагымнан шыгып кете жаздайды. Ннше турли жагдай болды брак барин аитатын болсам коп болп кетер кыскада нуска. 4-5жыл бурын бастырылып кайта кайта бола бергендиктен корку сезим болмай бастады сол кезде фантазия косамын бастырылу кезинде, бастырылып жатыр бреу аягымнан устап томенге тартып бара жаткандай ойласам дал солай болп жаткандай 2-ши рет тосегимнен жаймен ауага котерилгенде фантазия костым тагы дал солай болгандай болд ояансан орнында жатасын. уйкыман оянып сосн кулем дауыстап баска не келеди колынан           коркыткдан баска брак коркыта алмадын деп содан 4-5 жыл бастырылмай калдым сонгы кезде тагы басталып жур сол жагдай брак казир корку сезимим бар ондай фантазия коса алмайтн болдм. Ол бастырылу ештене емес агайын тустин ишинен тус корип жатып бастырылу деген ен жаман адамды псих кылып жиберетиндей ешкимде ондай болмаган шыгар деп ойлайм неге десен меннен коп бастырылатн адам жок шгар, сондай стажбен сондай уровеньге жеткен шгармын тустин ишинде тус корип еше бастырылу болган болса мени тусинесиндер!!! Ондай кезде коркпай сойлесип сурак койып жане оган билдирту керек колынан осыдан баска ештене келмейтини жане сиз суре окып оны куйдире алатынынызды жеткизип жане казир мен суре окысам кашып кетесинго братишка деп прикол устау керек деп ойлайм.
0 дауыс

Мен де бала кезимнен бастырыламын. Бир рет бастырылганда кишкентай бопе бас жагыма отырып ойыншык сылдыратып отырды, кейн аппак бойы узын адам коринди, тагы биретинде кишкентай кыз бир козы жок есиктен сыгалап карап турды. Ал кеше бастырылганда жолдасым уйге келип балалармен ойнапжур екен. Дауыстары естиледы бирак әдеттеәдеттегідей козгала алмаймын. Не айкайлай алмайм, бисмилляны айтайн десем ауызымды бирдене шымшып бурайды. Содан оянып кетсем кайта уйктап кетемін Де кайта бастырылам. Содан әйтеуір тұрып кеттім.  Жолдасым жумыста еды, балалар уйде ойнап журген. Негизи ұғуымша бейуакытта уйыктаганда және уйды таза устамаса, тосек орынды уакытылы жуып шайып турмаса солай болады. Жане бастырылганда сол ощим уйктап жаткан болмены корип тұрамын. 

0 дауыс
Саламатсыхдар ма жамағат! Бүгін шошып ояндым. Бастырылып қалу дегенді естіген боларсыздар. Ояна адмай арпалысу не түсін екенін не өңін екенін түсінбейсің. Бар сезгенін сені тұңғиыққа тастап барады, жаның шыққанша қарсыласасың кеп, денеңнің бəрі қатып қалған, жансыз. Бар тірлігін қимылдау мен дыбыс шығару, қолыңды, аяғыңды, тіпті аузыңды матап тастап бара жатқандай күй кешесің. Ішінен бар білетін дқғамды, Ля иляха иллАллах-тан бастап түгел қайталап айтып шығам, тіпті санамда намазға да жығылам, ояну үшін. Сонда ғана мені қайта жіберетін сияқты. Қалай оянам бірден қатты айқайлап жіберем. Менде мұндай жағдай беймезгілде көз шырымын алған кезде болады. Əрқашан десем қателеспейм. Бүгін ұйқтап оянып алып бірдег бастырылып қалмасам жарар еді дедім. ондайымды біліп ұйқтамайтын едім. Бүгін тағы қайталанды. Сондай қорқынышты арпалыспасаң қалып кететін сияқтысың. Қазір дəрет алып қайта жаттым. Ұйқтауға қорқам. Қасымда да ешкім жоқ. дұға айтып жатудан басқа амал жоқ...
0 дауыс
осы жана бастырылып калдым.бариникиндей окига.корпе жамылып жатырдым сол оте ауыр болды козгала алмадым,миым жумыс истеп турд,, осыдан 1 жыл бурн осылай 3 рет болды .биыл 1 рет.тосекти жинап кагып жату керек .куран алып касына.сонда кетер . Шошып корыкпаныздар,ештене де болмайды !!! тек психика га берилмениздер .бариде жаксы болады.

ЖАКСЫ ЖАТЫП,ЖАЙЛ ТУРЫНЫЗДАР !))))
0 дауыс
Мены екы тус мазалайды.

1  Мен тусымде уйыктап жатырмын.Кап кара бир нарсе маган беттеп келды.Мены оны итерип келесы болмеге кашып барып есыкты култап койыппын.Сосын шашымды жайып тенселып отырмын.Колыма кайшы алып озимнен озим шашымды ойып алыппын.

2 Бул тусимде озимнын алдынгы жигитимды кордим.Бир рет емес типти 7 8 рет кордим.Кунде корем.Бирак тусымде маган салкындык9
0 дауыс
менде де болды  осымен 4 рет .. тунель таризди жерге кирип кеттм журип келе жатрм .бирден  жаман кулки жане ад деген создерди естигенди болдм .козмди , аузымды .колымды еш жерди кимылдата алмаи жатр билип жаттм бастырлп жатканымды ..бисмилланы аита алмадм ..  сагат 6менир ойымша кыздаиды коп азгырады жане де ол озмзден ...дарет алып суре окып жатканымз жон мен солаи истегели жатрмн...бул тура кеше болды. онын алдында бастырылганда  бр жаман жауыс хаха деп кулди да коркып кеттин ба деди
0 дауыс
Негизи бугин тунде мен де биринши рет бастырылып калдым.Оз басымнан отпегенсин тусинбитн едим. Бурын апам айтатн еди шалканнан жатпа деп и естигеним бойынша адам шалкасынан жатп уйктаса адам денеси жансыздану мумкун деген ангимени. Тунде мен де бастырылганымда буртурли басымды котере алмай денемди кимылдата алмай колымды жогары котергендей болдым бирак колым сол орнында тур.Уйкыдамын ба ояумын ба тусинби калдым. Бирак сойлей алмасамда ишимнен бисмилла бисмилла деп кайта кайта айта берип едим денем женилденип босап калд. Сосн  жантайып жаттым.Шынымен де адам уйктаганда шалкасынан жатпау керек сиякты
0 дауыс
Мен жиі бастырыламын! Бурыннан бала кезімнен көзіме бір елестер көрінеді...даже м
0 дауыс
Менде бугин екинши рет болып тур. Катты киналып жатрм козгалмай  касыма апаларым конып еди олар ана жатка кулип шулап отыр.  Негизинде олар уйктап жатыр. Тусим емес бары  анык болып жатыр. Касымда 10айлык балам уйктап жатыр. Балама колымды созсам жетпейди. Ойлап жатрм баламды. Ол жалгыз калад енди мен озимди олип бараткандай болдым.   Бирак ой келд баламды колыммен оятаайын деп. Жыласа кыздар шауып келеді деп. Баламды туртсемде ол уйктап жатыр. то даусым шыкпайд кровать жогары агаш сол агашты согып жатырм бирак даусы шыкпайд тыкылдаган. Жарты саг омирмен арпалыскандай болдым. Биринши рет бастырылганда биссмиля деп айтканда комектесип еди. Бугин кайта кайта айтып жатырм комектеспкйтин бур куш жибермей жатыр. Биреу айтып жатыр оң жағынан жат деп. Оң жаққа жатсам оянсам кайта сол жакпен жатрм  оң жакка жатсамда3.4рет кайталанп ауыстырлпкетем сол жакка. Жана болган окига саг3тунги. Калай оянганымды билмей калдым. Оянсам балам жыбырлап оянып маган карай кулип домалап келип емип жатыр. Уйктап калды. Сосын ана жакка шыгып кызларга айтып бердім. Олар шошып. Келесиде кайталанп калса коркам.  Басынан откендер тусинеди. Ертен бауырсак писирип мешітке барып келесин
0 дауыс
Салеметсиздерме?!Мен бугин тунде уйыктар алдында солай бастырылдым.Куйеуим жумыстан жай шыгатын болды да соны кутип жатып уйыктап кетиппин.Бир мезгилде бастырылып жатырмын и куйеуим келип алыпты дейм,коленкесин корем бирак анык озин емес кашан келип алдын десем мине каз келдим деп и то касыма жатады турин коре алмаймын,бир кезде кайта турып кетип калады неге жатпай журсин дейм,бастырылып козгала алмаймын бир кезде куйеуим атын айтып айкайлап жатырмын бар даусыммен колымды созып ол мени естимейтин сиякты бир кезде касыма кайта келип отырады куйеуим деп ойлап отырм колымнан устайды,бир кезде катты киналып жатканымды корип ана куйеуим бас жагыма отырады екен и бас жагыма басымды котерип карасам ана адам баска шашы аппак адам екен бисмилла хи рахмани рахим деп айтсам ана адам артка шегинеди айтпай калсам кайта бетиме бурылып карайды.Сойтип жатып оз озимди жулкып ары бери оятып алып дереу бас жагыма карасам ешким жок.Куйеуим келмеген тел алып жанталып звандадым неге онын кайта кайта атадым бир нарсе ушырамадыма деп звандасам мине келдим дейд.Айкайлап жибердим кайдасын тез келмей деп озим шошып дирилдеп турмын.Куйеуиме айтсам корипкелге барайык сол айтып берер дейд ал мен ондай корипкелдерге мулдем карсымын.Сонда бул не тылсым куш болганыма или катты шаршаганымнанба билмедим.Мени алиде мазалап отыр.Кеше тунде болган окига.Не истеуим керек жатарда дарет алып жуынып жатканмын бирак.Мешитке барып дем салдыру керекпе?!
0 дауыс
Мен тоже көп бастырылып ұйқтап қаламын. Менде əртүлі жағдай болады. Мен қорқамын. Жатар алдында, таза болып, Бісміллəні обязательно айтсам да, бұл қайталанады. Бірақ неге? Иə, сіздер айтып жатырсыздар, что ұйқтап жатырмын, но өңімде болды деп. Келісемін. Мен тоже солай. Мысалы, мен де былай болады. Мен ұйқтап жатырмын. Ал əлгі нəрсе мені үстімнен басады. Ал мен ояна алмаймын, қасымдағыларға айтайын десем, даусым шықпай, айқалайғым келеді. Но істей алмаймын. Денем қозғалмайды. Ал бір күні мен ұйқтап жатқанда, ештеңе мені баспады, бірақ денем қозғалмайды, көзім ашық жатыр, бірақ ұйқтап жатқандай сезіндім. Даже қолымды қозғалта алмаймын. Потом кейбір күні қорқынышты түс көрсем, оянуға тырысамын, тоже солай ояна алмаймын. Түсімде мені өлтірмек болған əрекетті көремін. Қатты қорқамын. Тағы бір жолы мен ұйқтап жатырмын. Тоже жанағыдай көзім ашық, комнатаны көріп тұрмын. Қап - қараңғы, но əйнекке қарағанымда қара бір нəрсе тұрады. Ол күні қатты шошыдым сол заттан. Енді жақында мені ұйқтап жатқанда, өңімде мені бірдеңе қылқындырды. Тағы даусым шықпайды. Потом кеше мен ұйқтап жатырмын, өңімде менің артымда бірдеңе жатты. Мен итерсем қозғалмайды. Тағы даусым шықпай, біраз уақыттан соң ояндым. Мен Бісміллəні ылғи айтамын, таза жүремін. Енді не істесем болады? Бұл не нəрселер? Неге болады менде бұндайлар? Мендегі паралич па?
0 дауыс
Мен бугин тунде катты бастырылдым, устимнен кап кара тусиниксиз нарсе келип басты.  Козгала алмадым, даусым шыкпай ды,бул бир неше минутка жалгасты.карангы болмеде жалгыз уйыктап жаткам. Бул не болуы мумкин ? Бундай жагдай менде болып турады. Бир жолы жалгыз уйыктап жаткам болмеде жаным да кара киимде толык айел мени оятпакшы болып мени жулкылады, козим ашалмадым, колыммен устап сездим толык биреу отырганын. Сосын мени буындырды орнымнан ушып турдым карасам ешким жок. Далага жугирип шыгып кеттим. Оте коркынышты жагдай.
0 дауыс
Ол мен ушин оте уйреншикти жагдай,уйктаганда типти коркам,басымнан бастап аягыма дейн корпеге оранып алам . Мени туншыктырмайды,жай гана бир коленке корем немесе болмеде жаткан иним,агап т.б сойлеп бирдене истеп жатады ал мен ана коленкени коремде ал оян,ешкалай ояна да, сойлейде ,кимылдай алмайм,1 сагатка созылады,дыбыстар естиледи. Ал оянсам Бари уйктап жатыр.Ал бугин мен мысыгыммен уйктап жаткам мени кытыктагандай болды,ол кундиз ,ояна алмайм кулким келед бирак бирдене устап тургандай,оянсам ештенке жок касымда сестренка уй жинап жур екен,ал даже казирги саттерде биреу оятып жатса ояна алмайм,даусын естим бирак никак катты коркам. Вроде таза журем ...
0 дауыс
Менде бастырылып калу кунде болады мейли кундиз болсын тун болмын калгып кетсем болды бастырылып каламын...сурелерди айтып бас жагыма пышакты да койдым комектеспеди...мазам кетти уйыктаудан калдым
0 дауыс
Салеметсиздер ме!
Менде 2 рет болды ондай жагдай, 1 ши рет азаннын дауысын естидим козгаламай калдым журегим тез сокты жане мойнымдагы тамыр катты сокты атылып кетедима деп корыктым дауысын естидим анык сокканын. Козгала алмай арен дегенде калиманы айттым 2 рет сонда бирак жиберди, неге олай тусинбедим. Естуым бойынша жын жагалап жур деп айткан
0 дауыс
Салем баринизге, бастырылу деген жаман ак, менде часто болады, кобинесе после обеда уйктап алгым келеди 4-6 аралыгында, солай уйктасам тунде обязательно бастырыламын, негизи ол уакыт олер аралык уакыт дейди гой уйктауга болмайды ол кезде дейди, а калай уйктамаймын кысып турса, кишкентай емизули балам бар сол уйктаганда уйктап алгын келеди... уйкы вообще канбайды казир:) а кейде ынгайсыз жатканнан ба алде баска бирдене ме жок шаршаганнан ба бастырылып каламын, козимди ашкым келмейди, маскара коркамын ашуга.... тилимди калимага келтирип тагы уйктап кетсемде бастырылатын жагдайлар болады.
0 дауыс
Мен бүгін (10.04.2020) сағат түнгі 4:00 де ұйқыдан ояндым. Не үшін ояндым деп, әлі түн екен ғой деп тағы ұйықтайын деп ұйқыға кеттім. (Егер бастырынатын болсам жатар алдында өзімді жайсыз сезінем как будто жайсыз нәрсе болатын сияқты болып тұрады. Соны сезгеннен уже бастырынатынымды білетін болдым. Ал бүгін Таспих тарту керек еді деп жатып ұйықтап қалдым) Сол сәтте есік жақтан қара түсті нәрсе жанымды алатындай бір нәрселер істеп жатыр мен қорқып  тұншығып жаттым. Қорқып кетім келесі бөлмедегі мамады айғайлап шақырдым мамааааа деп жерді ұрып бар дауысыммен. Мама келіп "не болды?" деп сұрады. Жалғыз жатуға қорқып жатырм менімен бірге жатшы деп сұрандым. Қазір туалетке барғым келіп тұр деді. Жанында ақ көйлек киген қыз бар. (Сестренкам сияқты негізі сестренкам жоқ өмірде тек бір інім бар.) Мамада сол қызға қызға қарап тұр еді. Мен айттым сонымен бірге барып келші дедім. Жанағы есік алдындағы тұрған жын қинап қорқыта берді. Мен Аллаға бар ықласыммен жалбарынып сақташы, қорғашы деп айтып жатырмын. Сол кезде бір бала келіп жаныма жатты. Ол ағам екен менің. (Негізі өмірде менің ағам жоқ.) Қасыма келіп жатып қолыма айна или телефонға ма қарап бетімізді көрдім. Менде өзімше ааа ағам екен ғой деп қолын басыма қойып саусақтарын ұстап жаттым. Сосын біраздан көзімді ашып ояндым, сағат 4:36 екен. (Сонда жарты сағат қиналып жаттым ба?!) Ентігіп қалдым. Қазір сағат 5:54 болды әлі ентігіп жатырмын. Менде бұл бастырыну деген кішкентайымнан бар. 7-8 жас кезімде түнде ұйықтап жатқанымда құлағыма әйел кісі келіп қатты айғайлады. Содан уже басталды. Қазір жасым 24-те. Кей бастырынғанымда "Биссимиллах" деп айтамын. Сол кезде кетіп қалады, ал уже үлкейген сайын кетпейтін болды көөөп рет қайталағанда әрең кетеді. Кей бастырынғанда сол үстіме келіп біреу отырып алып дем ала алмай қалатын едім. Кейде қатты жел соғып көрпемді ашып тастайтын, оянсам көрпем үстімде тұрған болады. Мынадай тылсым жағдайлар көөөөп болды ұйқыда жатқанда. Бәрі есімде жоқ бірақ. Кей бірінде ұйықтап жатырмын бірақ не жағдай болып жатқанын біліп жаттым. Сол сәтте бір қара көлеңке ішіме кіріп алды, тіпті бүлк етіп кіргенінде сездім. Ал түсімде Құран кітапты көрем, әйтеуір мұсылманша түстер көрем.
0 дауыс
Мен еки рет бастырылдым екеуинде де тунде терезеге карап сол жакпен уйыктап калыппын терезени штормен жаппай. апа тателерим айту шеди терезени жауып жат деп ол қасиетті Құран кітабында да жазылган жабатындарды жауып таза жату керек он жак иыкпен. Терезени жауып жатуга кенес беремин

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,807 жауап
153,165 пікір
72,927 қолданушы