+5 дауыс
Ер кісінің әйелінің қасында болғаны дұрыс па, алде бұрыс па?
25.12.2010 2.1k қаралым

17 жауап

+10 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Партнерские роды деп жүр ғой қазір осыны. Әйелдің босану процесі кезінде сұрықсыз кейіпке енетіні соншалық, күйеулерінің бойында мұнан кейін жиіркеніш сезімі туындайды екен. Бір әлеуметтік сауалнаманың қорытындысынан оқығам бұрын. Өмірге ұрпақ әкелудің қаншалықты қиын іс екенін еркектер де білсін демесең.... ай, осының керегі жоқ-ау...
29.12.2010
Мен де естігем. Еш керегі жоқ
Мен де естигем , жалпы айелинин босануына катыскан еркек тубинде айелин тастап кетеди деген де ырым бар коринеди.
+7 дауыс
Қазір ондайға рұқсат берген сияқты!бір жағынан дұрыс сияқты...адам өміріндегі өте керемет сәтті ең қымбат адаммен бірге бөліседі!
25.12.2010
қайдағы керемет! Қиналып жатқанда оларға ешкім жақпай қалады!
+8 дауыс
Қолдамаймын.Ұят сияқты(
25.12.2010
+9 дауыс

егер қатыным босанып жатса қасында тұрмас едім no

25.12.2010
өңдеді
Қатыным деген дөрекілеу,жолдасым,жұбайым,әйелім,сүйіктім,жаным деп үйренсей))))
әзірше еркежан деп жүрмін
+8 дауыс
Менімшеде бұл қыздардың мәселесі сол сәтте қасында жігіттерін көргілері келсе қасында болуға рұқсат беруге болады.Ал мен қарсы емеспін сыртта күткен дұрыс деп ойлаймын.
29.12.2010
+8 дауыс
Болғаны дұрыс,босанар кезде кетіп қалса,өйткені қиналған кезде сүйеніш керек.Қазақ әйелдеріне таң қаламын қыңқ етіп дыбысын шығармайды ғой менен басқасы,мен бажылдақ болып шықтым,енді ше,кәдімгі немістердің гестапосы қалай қинайды,дәл солай ғой!Босанған соң ұмытып кетеді дейді,жоқ мен ұмытқам жоқ,иә, кейіп кеспір болмайды,жалпы екіқабат әйелдерді ренжітпеңдер,олардың бір аяғы жерде,бір аяғы көрде ғой.
29.12.2010
+8 дауыс
менің ойымша бұл мәселені өте дұрыс қылған себебі адамнан адам пайда болып шығу өте қиын ал оны айел қауымы өте жақсы біледі, ал кейбір ер кісілер мұнын қаншалықты қиын екенін түсіне бермейді сондықтан кейбіреулері маған ұл керек деп шіренеді айтайын дегенім ер кісілер кірсін жане өздерінін жұбайларынын қалай қиналғанын көрсін сонда шамалы мейірімділеу болады Айелін бұрынғыданда көбірек құрметтейді деп ойлаймын.
21.01.2011
+9 дауыс
Бирмингем университетінің зерттеу­шілері ер азаматтардың әйелді босанды­ру кезін көруі өте зиян деген қорытынды­ға келіпті. Соңғы кездері сәнге айналып бара жатқан бұл үрдіс жігітердің санасына үлкен соққы болып тиеді екен. Мұндай әсерден кейін жігіттердің көңілі тез босағыш болып, жігерінен айырылатын көрінеді. Оның бала тәрбиесінде де зияны байқалған. Өйткені баланың туылу сәтін көрген әке керек жерінде қатал бола алмай қалатыны анықталыпты. Бәрінен бұрын, ер адам одан кейін зайыбы алдындағы міндетті орындай алмай қалуы мүмкін деседі.
06.02.2011
Ер адамдар әйелден де нәзік болғаны ғой.
+8 дауыс
Керек емес қасында болып, болған жағдайда олар өздерін біртүрлі сезінеді ғой..
31.03.2011
Менің ойымша қасында болу қажет емес.
+8 дауыс

Өй, мынауың қорқынышты тақырып екен... жауабым жоқ. smiley

07.04.2011
өңдеді
+6 дауыс
Қазақтың менталитетіне жат,әңгіме қылудың өзі ұят тақырып.
26.09.2011
+6 дауыс
Пайдасынан зияны көп болғандықтан, Қарсымын.
26.09.2011
+7 дауыс
Бүртүрлі болатын шығар ер адамға психологиялық әсер ететіні анық сондықтан өз басым қасында болғаннан көрі сыртта күткенді қолдаймын.
27.09.2011
+6 дауыс
Негізі шетелде осылай өтетін шығар. Ал мұсылмандар олай жасамайды. Меніңше күнә сияқты (нақтысын білмеймін)
04.11.2011
+5 дауыс
ДҰРЫС ЕМЕСС, БҰРЫССС деп ойлаймын. Мен қарсымын, болашақта жолдасым қаласа да келіспес едім ))
17.11.2011
+5 дауыс
Дұрыс емес деп ойлаймын негізінен қазақ халқында мұндай болмаған әйелінің босанғанын сыртта күтіп тұрған,бірақ күйеуі болмаса да басқа туыстарының бірі болғаны дұрыс деп ойлайм өйткені босандырғанда туылған нарестенің жұлын майын акушерлер алуы мүмкін,сөйтіп нарестенін аяқ қол сүйектері нашар дамиды
17.11.2011
0 дауыс
қазіргі кезде  рұқсат берді ғо ,өзің кіргің келсе  болады
13.02.2013
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
72,998Қолданушы