Тоқты
Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай болғанымен одан түк шықпайтынын түсініңіз. Бұл жыл сізден төзім мен ақылды қажет етеді.Жыл бойы сіңірген еңбегіңіздің жемісін қараша айында көретін боласыз. Тәуекелге бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлықтар күтіп тұр. Бастысы - өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу.Егер іске құлшыныспен кірісер болсаңыз ол міндетті түрде жемісті болады. Өз кәсібіңізді ашудан қорықпаңыз. Екінші жартыңыз сізді үнемі қолдап, құлшынысыңызды арттырып отырады. Қараша айында өміріңізде айтарлықтай оң өзгеріс болады.Осы жылы өзіңізге деген сенімділік пен белсенділігіңіздің арқасында мансабыңызды өсіре аласыз.Алдын ала жақсы жоспар құрып алғаныңыз дұрыс. Жоспарды қаңтар айынан бастаңыз, ең белсенді уақытыңыз - қазан мен қараша айлары. 2013 жылы сезім мәселесінде де жолыңыз болады.
Торпақ
Сіз осы уақытқа дейін жақындарыңызға үнемі қамқор болып келдіңіз,енді өзіңізді ойлайтын кез келді. Жаңа жылда көптеген саяхаттар күтіп тұр.Ой-өрісіңіз, біліміңізді кеңейте түсесіз, жұмысқа керек тәжірибе жинақтаудың жаңа мүмкіндіктері туады. Білгеніңізді басқамен бөлісуде тартынбаңыз,ұжымға бірігіп істеген жұмысыңыз жемісті болады. Әсіресе мамыр айында менмендік қасиетті тізгіндеп ұстауға тура келеді, бұл қасиет жақсылыққа апармайтынын түсініңіз.Жұмыста қиындықтар туып жатса, әңгіменің басын ашып бәрін тек бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Егер сабыр сақтасаңыз, сіздің ұйымшыл топ құруға мол мүмкіндігіңіз бар.Барлық жұлдыздар сізге махаббат жолында көмектесуге әзір. Жаныңыздағылар мен өзіңіздің ішіңізге қайта үңіліп көріңіз. Сізге не керек? Өз өміріңізге разысыз ба? Жылдың ең елеулі оқиғалары қараша айында болмақ. Жауапкершіліктен қашпаңыз.Түрлі жобалар мен шараларға бел шеше кіріскеніңіз өзіңізге тиімді.Жұлдыздардың жорамалынша, жыл соңыңда сізге қамқор және еңбекқор адам жолығады.
Көңіліңізді күдіктен айырыңыз. Өз интуицияңызға сенуді үйреніңіз. Бұл жылы сізде қол қусырып отыратын уақыт болмайды. Өйткені сіз жасау керек шаруалар кезек күтіп тұр. Алғашқы жарты жылда еңбекке деген құлшынысыңыз артпақ. Өзімшілдікке жол беріп қоймаңыз. Романтикалық кездесулер сіздің өміріңізді таңғажайып етпек. Бала-шағасы бар ата-аналар үшін бұл жыл ерекше түсіністіктің жылы болмақ. Егер жаныңызды жегідей жейтін мәселелер пайда бола бастаса, онымен тез арада арпалысуға тырысыңыз. Шамаңыз жетпей жатқан тұстарда жаныңызға жақын досыңызды шақырыңыз. Болмаса, арнайы психологтың көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс. Жалғыз шешемін деген мәселелер жақсы нәтиже бермеуі мүмкін. Екінші жарты жылдықта жұмысқа деген құлшынысыңыз ерекше артпақ. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліп, спортпен еркін шұғылданатын боласыз.
Егіздер
Жүрген ортаңызда мерейіңіз үстем болып, дәрежеңіз арта түседі, биыл. Ең бастысы – басқаны тыңдаудан бас тартпаңыз.Дәрежеңіздің көтерілуі соған байланысты. Мынау есіңізде болсын: Жылан жылында қиылған некенің ғұмыры ұзақ та, баянды болмақ. Қандай қиындық болмасын сіз жеңе аласыз, соны ұмытпаңыз! Жылдың алғашқы жартысы тынымсыз болғанымен екінші жарты жылдықта байсалды өмір кешесіз. Жаныңыз қалаған іспен шұғылданыңыз. Махаббат мәселесінде анау айтқандай қиын мәселе болмайды. Күз айы жұмысыңыздың өрге басар мезгілі дей беруге де болады. Сіз өз биігіңізге асықпай, аяңдап жетесіз. Тек наурыз айында өзіңізді қай істе көргіңіз келетіндігін анықтап алып, сол бағытқа қарай жүргеніңіз жөн. Жылан жылы сізден көп мөлшерде сабырлылық пен төзімділік күтеді.Бастаған істі аяқсыз қалдырсаңыз, еңбегіңіздің жемісін күтпеңіз. Ал қараша айында сізге жаңа жұмыс тапсырылады. Сенімді жұмыс! Жауапкершіліктен қашпаңыз. Ауырдың астымен жүрмеуге тырысыңыз.
Шаян
Келер жыл сіз үшін ең бақытты жыл болғалы тұр. Бақыт дегеніміз не? Әрине, денсаулық, махаббат, сәттілік, және т.б. Оптимизмнен қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. Жаныңыздағыларды таңдандырып, тек күліп жүріңіз. Жоқ, жалғандықтың еш керегі жоқ. Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. Егер балаларыңыз болса, оларға көп уақытыңызды жұмсаңыз. Сіз шығарып салған жылдан қалған сенім келер жылы біраз істің басын қайырып тастауға жетеді. Шектен тыс өркөкіректік танытудан сақтаныңыз. Егер бұл мінезіңізге ерік беріп алсаңыз, біраз жақсы адамдармен байланысыңыз үзіліп қалуы мүмкін.Салмақты қатынас үшін сабырлылық керек-ақ. Нағыз шешуші кезеңге жетіп қалғаныңыз есіңізден шықпасын. Жұмыс ауыстыруыңыз ықтимал. Бұл жыл, сіз үшін, шешім қабылдау мен тәуекелге бел буудың жылы болмақ. Осылай өзіңізге деген сеніміңіз нығая түседі. Өзіңізді бағалай құрметтеу арқылы жаныңыздағылардың пікірін айтарлықтай өзгертесіз.
Арыстан
Бұл жылы бірінші кезекке отбасы мен үй шаруасын қоюға тура келеді. өзгертіңіз Белсенділігіңізді қоғамда емес, шаңырағыңызда көрсетіңіз. Сізді, сонымен қатар, таңғажайып саяхаттар да күтуде. Жылдың ортасы мен соңында жан дүниеңізде аздаған өзгерістер болуы мүмкін. Бірден жоғарыға ұмтылудың қажеті жоқ, алдымен өзіңізге не керек екендігін анықтап алыңыз. Жаңа үй тұрғызуға не ескі үйіңізде жөндеу жұмыстарын жасауға кірісіңіз жөн болар еді. Осылай күшіңіз жұмысқа да, үй шаруасына жетерлігін дәлелдеңіз. Жылан жылында жеке өміріңізде келеңсіз жағдайлар бола қоймайды. Жыл басталысымен-ақ өзіңіздің басқаға керек екендігіңізді сезініп, бақытты күй кешесіз. Бұл жыл БАҚ-та жұмыс жасайтын арыстандар үшін қолайлы болмақ. Екінші жарты жылдықта дизайнерлер мен шығармашыл адамдарды сәттілік күтіп тұр.Десе де мансап өсіру үшін жанталасудың қажеті шамалы. Шаршасаңыз, өзіңізге демалыс жариялаңыз да табиғат аясында тыныстап қайтыңыз!
Бикеш
Бұл жыл сіз үшін сәтті өтпек. Өйткені сіздің шығармашылық белсенділігіңіз артып келеді. Жылан жылы алға қойған мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалмақшы. Сондықтан өмірлік жоспарларыңызды тағы бір айқындап алыңыз. Сізді бизнес жолында көптеген табыстар күтіп тұр. Өз өміріңізді қалай көргіңіз келсе, оны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Жылдың алғашқы жартысында мансабыңыз өспек. Мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бірте-бірте орындалып жатса, таң қалмаңыз. Өйткені бұл сіздің жылыңыз. Қаңтар мен ақпан айларында жұмысыңыз қарқынды түрде алға баспақ. Бар ісіңізге мұқият болыңыз. Бастықтарға сіздің жұмысқа деген құлшынысыңыз бен өзіңізді көрсете білуіңіз ұнайды. Кәсібилігіңізді арттырудың ең сәтті кезі - екінші жарты жылдықтың шілде айы.
Таразы
Үйіңізге және отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз жылан жылында.Сіз үшін жылан жылында бизнес саласындағы шешімі жоқ сұрақтардың оңтайлы жауаптары табылып, сәттілік серік болғалы тұр. Көктем - таңғажайып романтикаға толы кездесулерге толы мезгіл. Жылан жылы сіз үшін сезімге ерік беретін жыл болмақ. Егер әлі отбасын құрмасаңыз, іске кірісіңіз. Сәтті кездесулер үйлену тойына дейін апаруы мүмкін. Көктемде, әсіресе мамыр айында жұмысыңызға ерекше көңіл бөлесіз. Маусым айынан бастап карьераңыздың өсуіне жол ашылмақ. Сонымен қатар, басқа жақтан ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Бәрінің байыбына барып ойланыңыз. Егер жеке бизнесіңіздің алға басқанын қаласаңыз, онда барлық сәттілікті қараша айынан күтіңіз.
Сарышаян
Жылан жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. Осы жылы көптеген мәселенің түйінін оңтайлы шешесіз. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақ. Алғашқы жарты жылдықта көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Бұл жыл сізден еңбекқорлықты, төзімділік пен сабырлылықты күтеді. Сонымен қатар жылан жылында оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер тууы мүмкін. Шешім қабдылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз. Пайдалы әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз. Бәрі сізден үлгі аларлықтай жақсы шаруа бітіріңіз. Жаныңыздағылардың көңіліне қараңыз, сізге ренжулі жандардың санын арттырып алмаңыз.Карьера жасауды ғана ойламай, адал еңбекпен қаражат табуы көздеңіз. Қызметті өзіңіздің құлыңыз етіңіз.
Мерген
Сізге өткен өміріңізге есеп беріп, болашаққа жаңа жоспар құратын уақыт жетті. Мазасыз тіршіліктен бас тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөліңіз. Жұрттың қамын жеп, қамқорлық жасау сіздің ғана маңдайыңызға жазылмаған. Жұмысыңыз кедергі келтіріп жүрген болса, аз уақытқа демалыс алыңыз. Алғашқы жарты жылдықта мұндай өзгерістерді қабылдау қиын болғанымен, жаз айларынан бастап бәрі де қалпына түседі.2013 жылы өзіңізге назар аудартуды біржола доғарып, «көлеңкеге» айналғаныңыз сіз үшін дұрыс болмақ. Бұл жеке және қоғамдық өмірге де, жұмысқа да қатысты айтылған болжам. Сізді жоғары мансап күтіп тұр. Бастысы өзіңіздің қарсыластарыңызға тойтарыс беру. Бастаған ісіңізді әрқашан аяғына дейін жеткізіңіз. Әріптестеріңізбен текетіресіп, бастығыңызға қарсы шығудың еш қажеті жоқ. Шыдамдылық танытсаңыз, қыркүйек және қазан айларында жұртшылық сіздің барлық талантыңыз бен іскерлігіңізге куә болады.
Тауешкі
Сіз өте қайсар жансыз және кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сондықтан да төрімізге шыққалы отырған жылан жылында жұмыста да, үйде де көптің назарында боласыз. Әріптестеріңізді, туыстарыңызды, жора-жолдастарыңызды ренжітіп алмауға тырысыңыз, арты жақсылыққа апармайды. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ. Тамыз, қыркүйек айларында өміріңізге елеулі өзгерістер енгізуден қалыс қалмаңыз және қараша айында сізді өте жағымды жаңалық күтіп тұр.Дәл қазір сіздің мәртебеңіз жеткілікті дәрежеде биік болып тұр, сондықтан әріптестеріңіздің арасында көшбасшы болуға мүмкіндігіңіз бар. Тек теріс мінездеріңізді көрсетіп қойып жүрмеңіз. Жылдың басында көптеген сәтсіздіктермен дос болғаныңызбен, жыл ортасындағы саяхат пен тәжірибе алмасу сапары сіздің өміріңізді мәнді әрі қызықты ете түспек.Маңызды шешімдерді жеті рет өлшеп, бір рет кесуді ұмытпаңыз және ең сенімді серіктеріңізбен ақылдаса отырып қабылдаңыз.
Суқұйғыш
Жаңа жылдағы өзгерістер қаңтар айынан-ақ анық байқалады. Бойыңызда бұрын-соңды болмаған күш пайда болып, белсенділігіңіз артады. Осы талпынысыңыз арқылы көшбасшылыққа да жетіп жатсаңыз таңқалмаңыз. Адамдарға деген қарым-қатынасыңызға көңіл бөліңіз. Ойыңызда қосымша білім алу жоспары жүрген болса, уақыт созбастан, дәл осы жылы құжаттарыңызды тапсырыңыз, арты сәттіліктерге толы болмақ. Бұл жыл маңызды әрі елеулі оқиғаларға толы болады. Қаңтар-тамыз айларында шығармашылық жетістіктерге ие боласыз және көптен ойыңызда жүрген асқақ мақсаттар ақиқатқа айналады. Екінші жарты жылдықта міндетті түрде демалыс алатын болыңыз. Қоныс аударулар мен үй жөндеу жұмыстарын келесі жылға қалдырғаныңыз дұрыс.Өзіңізді сынап көріңіз және кәсіби өсу мен биік жетістіктерге жеткізер қадамдарды қорықпай жасаңыз. Қазақ «жыламаған балаға емшек жоқ» дейді. Сондықтан бәрі де өзіңіздің талпынысыңызға байланысты болмақ...Арман орындалатын күн де алыс емес деп сеніңіз.
Балықтар
Бұған дейін қолға алғаныңызды жалғастыра түсіңіз: өзіңізді, өмірдегі орныңызды, мақсатыңызды, сүйіктіңізді іздеуді... Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, алып-қашпа әңгімелеріне назар аударушы болмаңыз. Көп уақытыңызды танымыңызды кеңейтуге, көп саяхат жасауға, жаңа мәдениеттерді тануға арнаңыз. Шетелдіктермен араласуды әдетке айналдырыңыз.Қайнап жатқан қазанның бетін жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын уақыт жетті. Дұрыс әрекет жасасаңыз, сәттілік сіздің жағыңызда. Қысқасы, осы жылы асқан белсенділік танытыңыз. Сонымен қатар, оқу орнын,жұмысыңыз немесе тұратын қалаңызды ауыстырғыңыз келіп жүрсе, жылан жылы ең ыңғайлы кезең.Жақсы қызметке ие болу немесе қаржылық жағдайыңызды жақсарту туралы мақсат-мұраттарыңыз толығымен орындалады. Тіпті, беделді шетелдік компания маңызды ұсыныс жасауы да мүмкін. Іскерлік семинарлар, тренингтер, ұзақ іссапарлар – сіз үшін өте пайдалы болады. Жалпы келер жылғы ең үлкен жетістік иегерлері – шығармашылық адамдары екен.