+1 дауыс
5.3k көрілді
Қазақша жұлдызнама қайдан оқуға боалды? Қазақшалап жазылған жұлдызнамалар бар ма екен?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ (30.04.13. – 06.05.13.Ж)

Тоқты

Тоқтыларды бұл аптада тек сәттілік күтіп тұр.Өйткені бұл аптада көптен бері ойға алған шаруасы жүзеге асқалы тұр. Сондай-ақ, ағайын-туғанмен кездесіп, бір жасап қалмақсыз. Апта барысында өзіңізге жасаған өтініштерді орындауға тырысыңыз. Өйткені жұртқа жасаған жақсылығыңыз екі есе болып қайтқалы тұр. 

Торпақ

Бұл аптада денсаулығыңызға көптеп көңіл бөлуге тырысыңыз. Көптен бері мазалап жүрген жайларды қайта-қайта еске түсірудің қажеті жоқ. Бар нәрсені санаңыздан сілкіп шығарып тастаңыз. Жаңашылдыққа, жаңа өмірге қарай беттеуге талпыныңыз.

Егіздер

Жұмысыңызда сыйлы болуы үшін, сәттілікке қол жеткізу үшін әріптестеріңіздің алдында абыройлы болуға тырысыңыз. Бірақ бетіңізге күле қарғанмен, сіздің сыртыңыздан ғайбаттап кетуден тайынбайтын әріптестеріңіздің бар екенін де ескере білгеніңіз жөн. Сондықтан сақ болуға тырысыңыз.

Шаян

Ойламаған жерден табысқа кенеле кетесіз. Бірақ уысыңыздан шығарып алмаңыз. Сондай-ақ сізге көп мақтанған жараспайды осыны ескере жүріңіз. Сіздің еңбекқор екеніңізді ел біледі. Сондықтан еңбегіңіз ел алдында еленетініне сеніңіз. 

Арыстан

Бұл аптада жан-жарыңыздың көңілін табуға тырысыңыз. Қауырт тірліктерден бір сәт демалып, отбасыңызға көңіл бөлуге тырысыңыз. Дүкен аралап немесе таза ауада тыныстап қайтсаңыздар көңіліңіз бір серпіліп қалатыны анық. Әрі жан-жарыңыздың алдындағы қадіріңіз де арта түспек.

Бикеш

Алыс жолға сапар шегуіңіз мүмкін. Сондықтан бәріне дайын болғаныңыз жөн. Сапар сізге жаңаша бір серпіліс сыйлайды.  Сондай-ақ апта бойы аптықпай, бар шаруаыңызды тиянақтап орындауға тырысыңыз. Әйтпесе күтпеген кедергілерге тап болуыңыз мүмкін.

Таразы

Бұл аптада біреуге қарыз ақша беруден аулақ болыңыз. Өйткені сіздің отбасыңызда ойламаған жерден қаржылық дағдарыс орын алуы мүмкін. Сондықтан ақшаңызды үнемдеп жұмсауға тырысыңыз. Ал, жеке басыңызға келетін болсақ, денсаулығыңыз мықты болуы үшін құнарлы тағамдар жеуге көңіл бөліңіз. Соңғы уақытта тамақтану мәселесіне жүрдім-бардым қарап жүргеніңізді ескергеніңіз жөн.

Сарышаян

Сарышаяндар сезімге берілгіш келеді. Сондықтан, жақындарыңыздан көңіліңіз қалатын сәттер де болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылғаныңыз жөн. Сарышаяндар күрескер келетіндіктен, сіздің кез-келген іске мойымайтыныңыз хақ.

Мерген

Аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударғаныңыз жөн. Бұл жеті сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де өзіңіз көретін боласыз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді естен шығармағаныңыз жөн. Сонымен қатар, әрбір істі байыппен шешуге тырысыңыз. Асыққан шайтанның ісі екенін ұмытпаңыз.

Тауешкі

Әрбір істе қайыр бар екенін ұғыныңыз.Сондықтан шамаңыз келсе, жоқ-жітікке көмектесуге тырысыңыз. Жасаған жақсылығыңыз Жаратқаннан қайтатынына сеніңіз. Көптен көрмеген ағайын-туыстарыңыз қыдырып келуі мүмкін. Олардың көңілінен шығуға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Ең бастысы бұл апта сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай болған жағдайда да өз өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз. Осы аптадағы істеріңіз алдағы тірлігіңізге ықпал етуі мүмкін. Маңызды шешім қабылдағанда мұқият болыңыз. 

Балықтар

Соңыңыздан ерген бауырларыңызға қамқорлық таныта біліңіз. Үлкендігіңізді көрсете білсеңіз, олар да сізге қарап бой түзейтіні анық. Сондай-ақ, бұл аптада үлкендердің тарапынан айтылған сын-ескертпелерге құлақ асуға тырысыңыз. Өйткені жақындарыңыз сізге жамандық ойламайды.

Ақпарат көзі:  http://www.qazaquni.kz/9594.html

Осылай жазсаңыз ЖЖ лайық :)
...