Салт-дәстүр туралы | 10.4k қаралды
10.4k қаралды

2017 жыл қызықты сәттер мен есте қаларылық оқиғаларға толы болады. Ол материалды құндылықтар, жеңісті көксеу, рухани ізденіс пен жайлылыққа деген ұмтылыс басты мақсат болатын сипат алмақ.

2017 жылға арналған жұлдызнама керек еді?

Мынау 2016 жылға арналған жұлдыз жорамал!

2016 жыл жұлдыз-жорамал

Үстіміздегі жылы әлемдегі жағдай тыныш бола қоймайды: жағымды процестер баяу қарқында жүріп, жетістіктер қиындықтар арқылы жетіледі. Сондай-ақ, кей мемлекеттерді түбегейлі өзгерістер күтуде. Мемлекет ішіндегі қақтығыс, жаһандық саяси процестер, табиғат өзгерісі де орын алу мүмкін. Жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдары жанжалды әшкерелеуге толады. Аталғандарға қарамастан, қоғамда рухани жетілуге деген мығым ұстаным қалыптасып, философия мен дінге қызығушылық артады.

Тоқты: Үстіміздегі жылы кәсіби қызметіңізде үлкен өзгерістер күтіледі. Тіпті, бұл жұлдыз белгісіндегі туғандардың кейбірі басқа салаға бет бұрып, болашағы бар мамандық иесі атанады. Алайда діттеген мақсатыңа жету үшін, өмірдегі барлық іс-әрекетте табандылық танытып, қосымша күш жұмсау керек. Отбасылық өміріңізде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алда-жалда өзгеріс бола қалғанның өзінде, ол сіздің пайдаңызға болмақ.

Торпақ: Өміріңіз ойыңыздағыдай өрбіп келе жатқанымен, аңсағаныңызға қол жеткізбекте ыждаһатты болғаныңыз жөн. Бұл жыл қиындықсыз өтпейді, бірақ әр асуды бағындырып, қиындықпен күрескен сайын өмірден тәжірибе жинап, қанатыңыз қатая түседі. Сүйген адамыңызға жылы шырай таныта білсеңіз, жеке бас мәселесінде бақытқа қауышасыз.

Егіздер: Көрген-түйгені мол адамдармен араласу егіздерге рухани толастап, тәжірибелі болуға себін тигізеді. Жаңадан келген жыл көптеген дүниеге көзіңізді ашып, кәсібіңіз бен жеке өміріңіздегі бас қатырарлық мәселер өздігінен шешіледі. Кейбір егіздер жанұясы жаңа адамдармен толығуы ықтимал.

Шаян: Жұмысыңыздағы қиындықтарға қарамастан, көптеген шаяндар мансап баспалдағында алға жылжиды. Бастысы, төзімді болып, мәселені жылдамдатуға тырыспаған абзал. Жыл басында созылмалы аурулардың сыр беруіне байланысты қиындықтар орын алуы мүмкін.

Арыстан: 2016 жыл арыстан белгісінде туылғандар үшін бірсарынды бола қоймайды: бірде сәтсіздікке ұшыраса, бірде айы оңынан туып, өткен күнде қалған армандарының есесін толтыра алады. Бастысы, өзіңізге сенміділікті жоғалтпаңыз. Сіздер үшін күз мезгілі жайлы болмақ.

Бикеш: Жылдың алғашқы жартысында қызметіңіз бен мансабыңызда жетістіктерге жетуге мүмкіндік пайда болады. Алайда отбасы мәселелеріне байланысты мүмкіндігіңізді жіберіп алуыңыз ықтимал. Сондай-ақ, қастық ойлаушылардың әрекеттері себепті кей дүниелерден айырылуыңыз болжалуда. Жаз мезгілінің ортасынан бастап жағдай жақсара бастағанмен, қиындықтар толығымен жоқ болып кетпейді.

Таразы: Жыл қоғамдық өмірде табысқа жетуді қалайтын таразаларға танымалдық алып келеді. Ал жылдың екінші жартысы – қызмет пен білім аясын кеңейтуге қолайлы. Жеке өміріңізде күтпеген жағдайлар орын алса да, олар жағымды сипатта болады.

Сарышаян: Бұл жылы жақындарыңызбен, сүйіктіңізбен қарым-қатынас уайымға батырып, біраз әбігерге салады. Оған қоса, араларыңыздағы дау ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Көктемгі уақыт – қаржы жұмсауға қолайсыз. Бірақ жылдың екінші жартысында қалтаңыз қалыңдап, бастаған істеріңіз жемісін береді.

Мерген: Күз түскенше қаржылық мәселелерде сақтық танытыңыз. Тәуекелге барудан бас тартып, қаражатыңызды сақтаудың тиімді жолдарын ойластырыңыз. Сәтсіздіктерге ұшырауыңыз мүмкін. Бірақ өзіңізге деген сенімділікті еш уақытта жоғалтпаңыз. Табанды болып, аянбай еңбек етіңіз. Ол қиын сәттерді жеңіл өткеруге көмектеседі.

Тауешкі: Барлығын алдын-ала жоспарлауға тырыссаңыз да, бұл жыл тосын сыйларға толы болады. Бұл қызметіңізге де, отбасыңызға да қатысты. Жылдың екінші жартысында қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін.

Суқұйғыш: Биылғы жыл биіктерге самғап қана қоймай, шыңнан төмен құлауыңыз күтілуде. Мұнымен қатар, жаныңызға жақын адаммен ренжісіп, бір-біріңізден алыстауыңыз мүмкін. Жылдың екінші жартысында еңбекқорлығыңыз бен жауапкершілігіңіз себепті қызметіңізде табыстарға жетіп, биіктерден көрінесіз.

Балықтар: Жыл басында түйіні шешілместей көрінген мәселелер уақыт жылжыған сайын ойыңыздағыдай жүзеге аса бастайды. Жеке өміріңізде уайымға салынуыңыз мүмкін, махаббат мәселесінде әдептен аспағаныңыз дұрыс. Жыл ішінде өзіңізді нашар сезініп, бойыңызда бұғып жатқан дерттің сыр беруі ықтимал.

жұлдыз-жорамал

1 жауап



2017 жылға арналған жұлдыз-жорамал көптеген тосынсыймен қуантады. Қызыл Қораз жылы – жамандық пен қауіп-қатерден ада. Келе жатқан жылы «күтпеген», «тосынсый» сөздері өміріңізде жиі қолданылатын болады. Ол, әсіресе, махаббат мәселесіне қатысты. Ертегі әлемінде жүргендей күй кешіп, сезімталдыққа бол алдырасыз. Десе де абай болғаныңыз абзал. Сезімге толы сырлы әлемде өзіңізді жоғалтып алмасаңыз болғаны.

Тоқты. Келе жатқан 2017 жыл Тоқтылардың бойында күш-қуат таситынын жұлдыздар уәде етеді. Алайда оны қайда жұмсарыңыздың білмей, бар істі күш сала атқаруға тырысасыз. Соның салдарынан бойыңызда барды мақсат-жоспарларыңызға жету мақсатында емес, одан мүлдем басқа арнаға шығын еткендей күй кешіп, уайымға салынасыз. Шындығыныда, бұл сезімнің алдамшы екенін білгейсіз. Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайды. Бар ынтаңызбен істеген кез-келген іс ертелі-кеш жемісін берері анық. Сондықтан бұл жайт алаңдауға себеп емес.


Торпақ. 2017 жыл Торпақтардың күш-қайратын, төзімділігін сынға алады. бұл сынақтың негізгі құраушылары – қызығу мен ләззат. Сақтық танытыңыз! Келе жатқан жыл Торпақтардың ләззат алуға деген ынтықытығының артатыны сонша, шәрбатқа батып, шыға алмаған шыбындай күйге түседі. Ол өмірдің барлық саласына қатысты. Тіпті, қарапайым ғана жалқаулықтың өзі Торпақтарды тереңге тартып әкетуі мүмкін.


Егіздер.2017 жыл Егіздерге маңызы зор, үлкен істер атқаруға мүмкіндік береді. Ол Егіздердің өміріне әсерін тигізбей қоймайды. Келе жатқан жылы оларға белгілі бір істі қолға алып, бос шаруаларға мән бермей, соған ғана көңіл бөлу, алға қойған мақсаттарының ішінен ең маңызды әрі келешегі зорын таңдау оңайға соғады.


Шаян.2017 жылы Шаяндар өмірінде көптеген қызықты жайттар, тосынсыйлар орын алады. Олар келер жылы өзін толықтай үй шаруасына, жөндеу жұмыстарын жүргізуге арнағысы келгенімен, бұл ойына кедергі келтіретін тамаша мүмкіндіктер мен күтпеген жағдайлар орын алады. Сондықтан төрт қабырғаға қамалып отыру мүмкін болмайды. Бұл жылы Шаяндар көптеген жаңа таныстық, кездесу күтеді. Олардың кейбірі Шаяндар үшін тағдыршешті сипатта блолып, өмірін өзгертуі мүмкін. Жаңа таыстарының арқасында қызметі мен мансабында ғана емес, жеке өмірінде де біраз дүние өзгереді. Десе де мұндай сақтық тантытқан жөн, себебі жаңа таныстықтардың барлығы пайдалы бола бермейтінін ұмытпағайсыз.


Арыстан. Келе жатқан 2017 жылы Арыстанға жағымпазданатын, қошемет сөздерін үйіп-төгетін жандар аз болмайды. Бірақ оларға алданудың, босаңсудың қажеті жоқ. Әр мақтау сөздің астарында қулық жатқанын біліңіз. Жалпы, бұл жыл Арыстандар үшін табысты, сәтті жыл болмақ. Оның еңбекқорлығы жетістікке жеткізеді. Ал бар ынтасымен қолға алған істерінің барлығы жемісін береді. Өз бағасын білетін, қашанда тек өзіне сенетін өршіл Арыстан қызметінде, мансабында биікке жетелейтін пайдалы мүмкіндіктерді жібермейді. Ал жеке өмірінде үйлесім мен гүлдену кезеңі орын алады.


Бикеш. 2017 жылы Бикештердің өмірінде көп өзгерістер орын алады. оларға бір дүниеге ғана назар аудару, тек бір жоспардың соңынан жүру қиындық туғызады. Бір жағынан, бұл өзгерістер әдеткі өмірін ағымын бұзғандықтан, Бикештердің ызаландырады. Басқа қырынан алсақ, дәл осы өзгерістер өмірін қызықты, жарқын етеді.


Таразы. Келе жатқан 2017 жыл Таразылар үшін махаббат және шығармашылық арнасында өте сәтті болатынын жұлдыздар уәде етеді. Ал ұйымдастырушылыққа қатысты жоспарлар айтарлықтай табысты бола қоймайды. Өкінішке орай, нақтылық, ұқыптылық және тәртіпті талап ететін кез-келген мәселе аздаған қиындықтар тудырады. Ал ішкі әлеміне, сезімдеріне басы бүтін берілген Таразылар келер жылы жұмысына салғырт қарап, салдарынан ол опық жегізуі мүмкін.


Сарышаян. 2017 жыл Сарышаяндар үшін сәтті болмақ. Өзіне, өз күшіне сене білетін Сарышаяндар жолында кездескен мүмкіндіктердің барлығын құр жібермейді. Нәтижесінде өмірінде бірқатар оң өзгерістер орын алады. Өзгелері «жеті рет ойлап, бір рет кеспек» үшін біраз уақыт ой соңында жүргенде, салқынқанды Сарышаяндар мақсатына жетудің оңай жолын тауып, күмәнсіз, табысқа қол жеткізеді. Келер жылы бұл жұлдыз белгісі өкілдері діттеген мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыра алады. Олардың бойындағы әр істі саралай шешіп, дұрыстығына көз жеткізіп барып қолға алу қабілеті бұл жылы Сарышаяндар үшін аса пайдалы болмақ. Өзгелердің аяқтан шалуға талпынған кез-келген жымысқы әрекеті Сарышаяндарға зиянын тигізе алмай, қазған орларына өздері түседі. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген жандардың ойы – нақты, жауабы – жылдам.


Мерген. 2017 жылы Мергендер бойында бұғып жатқан жаңа дарын мен қырларын байқайды. Оның шығармашылық қабілеті және парасаттылығы көп мүмкіндіктерге есік ашып, талай биікті бағындыруға көмектеседі. Әрине, бұл деген әрбір Мерген 2017 жылы ғаламат дүниелерді жүзеге асыруы тиіс дегенді аңғартпайды. Бірақ олардың қатысуымен жасалған істің қай-қайсы болмасын бұрынғыдан айтарлықтай жақсырақ шықпақ. Ең бастысы, айналысқан істердің барлығы Мергендердің көңілін қанағаттандырып, қызығушылығын арттырады.


Тауешкі. Жұлдыздар Тауешкілерге 2017 жылы барынша сақ жүруді ескертеді. Бұл жылы үлкен қателік жіберіп, арман-мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыздың күл-талқаны шығуы мүмкін. Оның себебі жүрегіңізде тұтанған бір сәттік сезім болуы ықтимал. Өкінішке орай, әдетте ұстамдылығымен, сабырлылығымен көзге түсетін Тауешкілер кенеттен пайда болған сезімге бой алдырып, көптеген қателікке ұрынады. Ең алдымен, қауіп-қатер жеке өміріңізде, махаббат арнасында туындайды. Алып ұшқан сезім Тауешкіні елітіп әкетіп, ұстамдылық пен салқынқандылықтан айырылған олар өз құмарлығының құрбанына айналады.


Суқұйғыш. Қораз жылы Суқұйғыштар өмірі қызықты сипат алады. Жұлдыздар жаңа мүмкіндіктер сыйлап, өмірін өзгертуге жағдай тудырады. Мұндай мүмкіндіктер Суқұйғыштардың қатысуынсыз-ақ өздігінен пайда болады. Оларды пайдалану не жіберіп алу Суқұйғыштардың өз ырқында. Өмірді жарқын ету үшін берілген мүмкіндіктердің құр өзі аздық етеді. Ол үшін мүмкіндіктерді дұрыс қолдана білу қажет. Ал ол Суқұйғыштар үшін оңай болмауы мүмкін. Мақсаттарының соңында жүріп, ережелерге, ағсқа қарсы жүзіп, қателіктерге ұрынуы мүмкін. Нәтижесінде табысқа жеткізетін мүмкіндіктердің ізі де қалмайды. Сонымен қатар көптен күткен үлкен табыс үлкен қателікке айналуы ғажап емес.


Балықтар. Балықтар үшін келе жатқан 2017 жыл – тосынсыйларға күтпеген жайлар толы. Балықтар қандай жоспар құрып, табандылық танытса да, жұлдыздар өзгерістерн енгізбей қоймайды. Олардың қашан орын алатынын болжау мүмкін емес. Әрине, бұл Балықтар алдағы жылға ешқандай жоспар құрмауы тиіс деген сөз емес. Керісінше, жоспарлау керек. Тек жоспарыңыздың күтпеген жерден өзгеруіне дайын болыңыз. Оллардың еш зияны жоқ. Керісінше, өз пайдаңыз үшін қолдана аласыз. Мұнда, бастысы, өзгерістермен күресуге күшіңізді жұмсамаңыз. Орын алған өзгерістерді мүмкіндігінше дұрыс бағалап, соларға сәйкес жоспарыңызға түзетулер енгізіңіз.


Толығырақ: http://alashainasy.kz/interested/2017-jyilga-arnalgan-juldyiz-joramal-90851/

118,354 сұрақ
305,191 жауап
153,292 пікір
67,543 қолданушы