0 дауыс
3.5k қаралым
Жаңаөзендік мұнайшылардың жалақы мәселесінде басшылықпен келіспей қалып, жаппай көтеріліс ұйымдастырғаны туралы мемлекеттік БАҚ-нда ашық айтылмайды. Сол туралы толық мәліметтерді білгім келеді.
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақтың қойылғанына біраз уақыт болған

8 жауап

+4 дауыс
Бұл оқиға туралы мемлекеттік БАҚ-тардан толық ақпарат алуың мүмкін емес СЕБЕБІ: Жаңаөзен оқиғасы Ешқандай жалақы мәселесінен туындаған жоқ, жаңаөзендік мұнайшылар өз жалақыларына өте риза , Бұл жерде мүлде басқа мәселе көтерілген, бұл оқиғаның туу себебінде саяси астар жатқанына күмәнім жоқ. Анығын Жаңаөзендіктер немесе сол оқиғаға қатысқандар айта жатар, айтпаса біздегі көптеген беймәлім оқиғалар сияқты жұмбақ күйінде қала бермек!!!!!!!!! (Осы саясатқа кіріспей-ақ қояйн деп едім, бірақ амал жоқ жауап беріп отырмын... )
оны қайтан шығардың жалақыны өзің төлегендей 7 ай бойы жалақыларын алалмай шыдап жүрген халық оларды жұмыстан қуып жібергеннен кейін пайда болды
+5 дауыс
К+ телеарнасының ютубтағы жеке бетинен карай аласын, ардесы міне http://www.youtube.com/user/KplusTV
бұл сайттың өзінің официальный сайты міне www.kplus-tv.net бұл сайттан онлайн режимінде к+ каналын көруге болатын еді негізі, бірак менде бұл сайт ашылмайды, сеннен де ашылмауы мүмкін казтелеком жане тагы коптеген операторлар бұл сайтты блокировать етип тастаган.
Билайн "интернет дома" арқылы ашылады
+2 дауыс
Жас Алаш газетінде толып жатыр ақпарат!!!!
+3 дауыс
Жаңа ғана барлық желілер қосылды өзім Жаңаөзен қаласынан боламын. Өтірік әңгімеге сене бермендер бәрін бұрмалап жазып жатыр. Ешқандай киіз үй өртенген жоқ, бәрін өз көзіммен көрдім жиналған халыққа менің білуім бойынша Ak-47 мен алыста тығылып оқ атты сол кезде он шақты адам өлді. Қазір Жаңаөзенде 100ге жуық адам өлген деседі
http://www.youtube.com/kplustvkaz#p/u/0/aLzw_hmNZmM
Менде болғанмын аланда, шүкір бәрі. Шындықты айтқан аз да болса.
+1 дауыс
телевизордағының барлығы өтірік, айналып келгенде қарақшылардың ісі хулиганство деп Жаңаөзен төңкерісі дұрыс емес деп жылы күйде соларға жаба салмақшы. Осының кесірінен қаншама жас балдар өлді. Қараптан қарап көшеде бара жатқан адамды салып алып кетіп жатыр. Сол әділдің па? Неге олар қара халыққа қару қолданады олай?
Неге олар қара халыққа қару қолданады олай? Неге сол қара халықпыз деп отырғандар өз қара бастарының қамына бола бүкіл қазақтың ғасырлар бойына аңсаумен жеткен тәуелсіздік мерекесі күні бүкіл қазақтардың берекесін алып,мерекесін быт -шыт қылады деген сұрақ тумайды ма?
+2 дауыс
Неге олар қара халыққа қару қолданады олай? Неге сол қара халықпыз деп отырғандар өз қара бастарының қамына бола бүкіл қазақтың ғасырлар бойына аңсаумен жеткен тәуелсіздік мерекесі күні бүкіл қазақтардың берекесін алып,мерекесін быт -шыт қылады деген сұрақ тумайды ма? Сол жердегі 800 адам қалған 12000000 қазақтан өз мүдделерін неге артық қояды деген сұрақ тумайды ма? Өз қолдарымен неге өз бала -шағаларының игілігіне қызмет істеп жатқан нысандарды қиратады,өртейді деген сұрақ тумайды ма? Банкоматтарды бұзып тонау кәдігімгі бандалық шабуыл емес па деген сұрақ туындамайды ма? Өз қаласын аяусыз өртеу,сол қаланың Қазақстанның кішкентай бір бөлшегі екенін ескерсек Қазақстанға деген қарсылық,Қазақстанға деген жаулық емес па деген сұрақ туындамайды ма? Егер Қазақстанға деген жаулық болса осы елдің заңды иесі бүкіл қазақ халқына деген қарсылық па не? Жоқ әлде Қазақ халқы тек қана сол Жаңаөзендіктер ғана ма? Кеше ғана Тәуелсіздік мерекесінен бұрын Жаңа жыл мерекесінің шыршасын орнаттық деп шуылдаған жалған патриотизм қайда,бүгін өз қолымызбен мерекенің тас-талқанын шығарып бүкіл әлем алдында масқара болсақ? Сырт әлем Қазақстанда,қазақтар өстіп жатыр деп айтады.Ол қазақтардың ішінде бәріміз бармыз менде,сенде,олда.Сонда біз не үшін құрбан болуымыз керек.Шын мәніне келгенде Жаңаөзендіктер өз қарақан басының қамы үшін,өз жалақылары үшін бүкіл қазақтарды жерге қаратып отырғандай болып көрінбейді ма?Олай болуын қаламаған да болар.бірақ дәл қазіргі жағдайда солай көрініп отыр.Оны билік әрине өз қолайына пайдаланады.Өз ойымша бұл өте сәтсіз ұйымдастырылған,ішінде біреулердің жалпы қазақ еліне деген өшпенділігі араласқан акция болды.Өте өкінішті.Телевизордағылардың бәрі өтірік болса,онда олар оның бәрін қайда,қашан түсіріп үлгерді?Ол мүмкін ба?Мен өзімнің бар саналы өмірімді оппозицияға арнадым деп жүрген адаммын,бірақ осы сұрақтар мазалайды.Біз қай - қайсымыз болсақта бірінші өз отанымыздың патриоты болуымыз керек деп ойлаймын.Өз мүдделерін тықпалайтын әлдекімдердің жетегінде кетуден сақ болуымыз керек.Осыдан кейін маған қарай шабуыл басталарын сеземін,бірақ өз ойымды айтпай тұра алмадым,кешіріңдар.
+1 дауыс
Біржақты ойламау керек, неге бүлдірді деп. Желтоқсан -86-да да осылай бүлдірулер, қиратулар болған. Бейбіт мақсатта шығып, артынан халық осылай істейді.  Жако, өзің қатысқан болсаң, соның бәрін көрдің ғой. Әрбір толқулар осылай басталып, арандатушылар кесірінен осылай стихиялы түрде бүліншілікке барады. Бұл толқуда бастаушы адам не топ болса, мұндай болмайды. Өзенде ондай топ болмаған, ереуілшілер бөлек тұрған топ қана, бүлікшілер емес.
Биліктің басты қателігі, боевой патронмен халыққа оқ атуы. Осындай толқулар өркениетті елдерде де болады, бірақ олар халыққа оқ атпайды.Тағы бір қателігіі, сол мұнайшылардың талабымен санаспауында болып отыр. Олар тек қана айлық сұрап отырған жоқ, қазіргі кездегі мұнай кен орындарының активтері шет елдіктердің қолында, сол активтерді билік реттесін, қазақстандық жұмысшылар мәселесін шешсін деп қойып отыр. Кешегі болып өткен толқулар бәрібір батыста болатын еді, ақыры болып тынды және осылай болуға өзі итермеледі, провакацияға барды. Билік осыны біле тұра жұмыс жасамады. Қазақ ТВ-да беріп отырғандары бір жақты, бәрін бұзақыларға жабу.
+2 дауыс
Мен де Жаңаөзен қаласынанмын, Кеше президент келіп барлық мәселені шешті, Жаңаөзендіктер құдай қаласа Жаңа жылды тойлауға рұқсат беруі мүмкін. Президент өзі айтты!!!
егер халық тыныш болса, бәрі ойдағыдай болса ком.часты алам деді ғо))) алып тастаса екен Жаңа жыл болсын болмасын
127,975
сұрақ
322,912
жауап
153,163
пікір
73,058
қолданушы
...