0 дауыс
297 көрілді
Көтерме бағада ет сататын сайт ашу тиімді ме?Мейрамханалар мен кафелер,асханалар жалпы сайт бойынша сатып ала ма екен?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Меніңше қазіргі таңда өте тиімсіз сияқты. Себебі қазақтар қолымен ұстап көріп алмай, тауарды тұтынуы қиындау. Мен алдын мынадай жүйеде жұмыс істейтін сайтты көрген едім. Сайтқа кіру арқылы онлайн тағам, (продукты) қант, май, шай-пайды таңдап онлайн  төлегеннен кейін үйге жеткізіп беретін қызмет түрі бар сайттың бар екенін білетін едім. Қазір есіме түспей тұрғаны. Бұл да бір қызмет түріне жатады. Сонда да бұндай сайт неге екені белгісіз, мүмкін біздің тұтынуышы ретінде психологиямыз басқаша көзқараста болғандықтан шығар ілгері дамып жүріп кетпеуіне әкеліп жатыр. Дамыған елдерде мұндай жүйелер үлкен сұраныста және іске асып жатыр. Біздің елде Электронды коммерция жақсы қарқынды дамымай жүйені істегенмен оны қолданысқа енгізу қиын. Алдағы 2-3 жылыдң еншісінде бұл олқылықтарыдң орны жойылып қалар.

Әзірге мынадай жобаларды іске асыруға болады, әрине жалғыз адамның қолынан келмейді, арнайы инвестор тауып үлкен қаражатпен іске асыратын болсақ мына сайтты мысалға көрсете аламын. Өте жақсы жоба. http://www.wikicity.kz/ Осы сайт секілді жобаларды іске асыруға болады. Бұндай жобаларды еш шығынсыз монитизациялауға болады. Бірақ саған бәрібір кем дегенде 5-10 шақты адамды жұмысқа алуға тура келеді. Контентімен айналысатын, SMM, программист қажет болады. CMS-тің негізінде жасай саламын, жалғыз өзім істеймін деген дұрыс қағида емес. Жалғызыдң шаңы шықпас. Жақсы бизнес жоспар жасау қажет, SWOT талдау т.б. барлығын жоспарлап барып іске асырған дұрыс. СВОТ талдау жасағанда бұл бизнес тұрын бастаған дұрыс па әлде жоқ екендігіне көзің жетеді.

Көз жұмып істей саламын деген іс дұрыс емес. Құр босқа өз уақытыңды жоғалтасың және ойланып барып істемеген істің нәтижесі жақсы болып кетуінің мүмкіндігі аз. Өлшеп тіккен тон келте болмайтынын есіңнен шығарма.
0 дауыс
жеке сөйлесиік, хабарлас - [email protected]
...