+4 дауыс
2.5k көрілді

11 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның мінезі жүре келе қалыптасады деп жатады, мінез деген туа пайда болады негізі. Тек өмір сүре келе мінез жан жақты ашылып дами түседі. Сол секілді қыз бала тұрмысқа шығып жаңа өмір бастағанда, оның мінезі де жетіле түседі. Түскен ортасына қарай мінез деген құбылады, бірі жақсы жағына енді бірі кері қарай. Содан көбісі айтып жатады, " тұрмысқа шығып мына баланың мінезі өзгеріпті " деп, негізі олай емес, бәрі де уақыт өте келе ортасына қарай жан жақты ашылып, дами түседі.

Ал "ӨЗГЕРЕДІ" дегендерге толықтай келіспеймін. Өйткені,  ауыр мінезді қыз тұрмысқа шығып жеңілтек, немесе керісінше болып кетпейді ғой.
+5 дауыс
менинше озгеретин сиякты, кыз кезинмен келин болудын айырмашылыгы копкой
+5 дауыс
Егер оның мінезі қисық болса өзгерткені абзал. Ақылы бар адам еркелігін тастап үлкен өмірге еркін араласады. Ал, ақылы аз олса сол баяғыша болады десе оған...
+5 дауыс
Әрине өзгереді деп ойлаймын. Бірақ өз үйіңде алған тәрбиеңе,келген жеріңе  байланысты ғой,жақсы жаққа қарай ма,жаман жаққа қарай ма?

Қанша апайларым тұрмыс құрды,1-ші апама барып бата алады,сонда барлық қыз бірге еріп барамыз. Не айтатынын да білеміз:ата-анаңа қалай қарасаң,барған жеріңде де ата-анаңа солай бол. Менің балаларымның арасында айырылысқаны жоқ,сен де осы кеткеніңнен өміріңнің аяғына дейін қиындықта да,жақсылықта да жұбыңмен бірге бол.Балаларың көп болсын,қайғың жоқ болсын.

Апам биыл 88-де,жүре тұрса екен,осы сөздерді өзіме   жеке айтқанға дейін:))))
сенің апаң сенің қызыңа да батасын берсін!
рахмет)))
+4 дауыс
Өзгеретін секілді))))))
+4 дауыс
Қыддар озгеретін сиақты емес. Озгереді ғой!!!
+4 дауыс

менинше озгереди.Кыз бала,негизи кандай да адам болсын туганынан талай кубылады гой.мектеп кабыргасында журип,бойжеткен сон кандай достары болады.Ал келин болганга келсек...арине...кандай ене кездеседи немесе журип журген жигит бас кезинде жаксы коринип,неке киылганнан кейин мулде баскаша болуы мумкин...сонын бари асер етеди...келе-келе бала дегендейsmiley

+4 дауыс
Өзгереді ғой.... Қыз күніндегі арсын-гүрсін, "ә" десе, "мә" дейтін кейбір сыныптастарымның сызылған келін болғандағы түрлерін көріп талай күлгенмін өз көзіме өзім сенбей!  Бірақ, мен өз басым аса бір өзгеріске ұшырай қоймағандаймын. Әрине, ас үйдегі тәжірибемнің шыңдалып, сәл ысылып, пысығаным болмаса!!
+3 дауыс

Психологияда адамның мінезі өзгермейді дейді. Ия, адамның мінезі туа бітеді.

Бірақ барған жерінің жағдайларына үйренуі, яғни соған бейімделіуі мүмкін. Өзгермейді, жай бейімделеді.

+4 дауыс
Егер сағы сынып қалса жасық болып өзгереді,келін болып түскенде жұмыс көбееді,бала шаға ,күйеу,үй жұмысы,айлық алатын жұмыс,қонақтар, осы ритмге қалыптаса алмаған адам,қыз кезінде бәрі жақсы жаман қатын қайдан шығады деп,салпы етекке айналып тозып кетуі де мүмкін,тозып барып есін жиып етегін түзеп,қайтадан ұқыпты қалпына түсетіндер де бар,сол күйі салақ болып кететіндер де бар,өйткені аданың еті үйреніп  алады,ал күл шашар баланың қопармайтын,шашпайтын жері жоқ.Мен өзім салақ болып,одан кейін қайтадан әрең түзелдім,өйткені қысқарту кезінде қатты шайқас болды,үйге қарайтын шама болмады,жеңіске жетіп барып есімді жидым,түзелмей кететіндер қаншама,ал қыз кезінде бәрі ұқыпты,бәрі жинақы,әп әдемі.Көбі боянуды қойып кетеді,сосон кейбіреулер бай жерге барғанда байлықты,өзін қошеметке бөлегенді көтермей есіріп,бәрінен бір күнде айырылып өмір бойы өкініште жүретіндері де бар.Семіздікті көтермейтіндер бар.
сіздің пікіріңіз өте ұнады!
+3 дауыс
өзгереді, егер қыз ортасына үйренгісі келсе, отбасын ойлайтын болса мінезін өзгертеді деп ойлаймын. бұл жерде тек қыз ортасын өзіне үйіріп әкетердей  болуы керек.
...