+2 дауыс
3.7k көрілді
Жиі қолданатын мақал-мәтел немесе нақыл сөзіңіз бар ма?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның 2 сүйікті ойыншықтары бар - „Өз тағдыры” , „ Өзгенің сезімі”. Жиі қолданбайм,бірақ ұнайды
+2 дауыс
Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен өзіңді алып шығар, Білімің мен ақылың екі жақтап! Абай атамыздың айтқаны, осы нақыл сөзді жиі қолданамын.
+1 дауыс
Еңкейгенге еңкей - атаңның қара құлы емес, Шалқайғанға шалқай - пайғамбардың ұлы емес.Көп қолдана бермеймін,бірақ ұстанымым осы сөз
+2 дауыс
Ата-анам әрдайым достарымен бірге жүреді. Екі сөздерінің бірі солар, солардың балалары... Мен еш қарсылығым жоқ, керісінше мен "Өз достарыңды бағалай біл, бірақ әкеңнің достарын құрметте, өйткені ол әбден сыналған достық" деген нақылды жиі есіме түсіріп тұрам! Және тағы жиі есімде сақтайтын нақыл "Қалжың сөз де тұз сияқты, шамадан асып кеткенде дәмі бұзылады!".
+1 дауыс
"проклятый популярность" ))
+1 дауыс
Әркімнің әр ұстанымы болады. Бірақ маған Елекенің профайлындағы кішкене ғана алға жетелейтін, талпыныс беретін бір жақсы сөздер ұнап қалды. Егер сен ұша алмасаң жүгір. Жүгіре алмасаң жүр. Жүре алмасаң еңбекте. Бірақта алға қарай талпынысыңды жоғалтпа.
Маған да ұнады...
0 дауыс
74
Еңбек етсең еріңбей,
Тояды қарның тіленбей

...