+1 дауыс
6.6k көрілді
ЖСН (ИИН)-нің соңғы 6 сан нені білдіреді? Бастапқы 6 сан туған жылы, айы, күні екенін белгілі, қалған 6 сан нені білдіреді? тез арада жауап керек!!!!!!!

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап


Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр.

ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бет жағында туған күнінен төмен қарай берілген 12 цифрдан тұрады. Қазақстан Республикасы азаматының паспортында 32-бетте орналасқан.

ЖСН енгізудің мақсаты белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтерді тіркеудің бірыңғай жүйесіне өту болып табылады. Бұл нөмір бұл адамға өмір бойына берілетін нөмір болады.

Іс жүзінде ЖСН-ды СТН, ӘЖК, статистика органдарының коды және т.б. алмастырады, бұл кейін қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасауын жеңілдетеді.

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223  Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес жеке куәліктерінің бет жағында ЖСН көрсетілмеген жеке басын куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігі) қайта ресімдеу 2007 жылғы 13 тамыздан бері басталды.

Қазақстан Республикасы көптеген азаматтарының жеке куәліктерінде ЖСН бар екенін атап өту қажет, себебі аталған нөмір жеке куәліктере 1997 жылдан бері басылып жүр.

Заңның 13-бабының 5-тармағына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттарды беру бұрын берiлген құжаттарды тiркеушi органға тапсырған жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

ҚР азаматының паспортын және жеке куәлігін қайта ресімдеу үшін азаматтар тіркелген жері бойынша ХҚКО-ға, ол болмаған жағдайда аумақтық әділет органдарына келесіні ұсынуы қажет:

- ҚР азаматының паспорты немесе жеке куәлігі;

- азаматтарды тіркеу кітабы;

- 2 фотосурет (3,5 см х 4,5 см).

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатының бет жағында ЖСН көрсетілмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің 32-бетіндегі мәтінде 12 цифрдан құралған ЖСН көрсетілмеген шетел азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН бар Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігіне қайта ресімдеу үшін келген орны бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабарласады.

Сондай-ақ 2012 жылдың 19 мамыранан бастап Пралмент мәжілісінің депутаттары заңнамаға бұл мерзімнің ұзартылуын қарастыратын түзетулер енгізуге бастама жасағанын мәлімдейміз, яғни ЖСН мен БСН-ға өту түпкілікті өту мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін болып келеді.


ЖСН-ның 12 цифрының мәні

Төрт бөлімнен тұрады:

Бірінші –  6 цифрдан тұрады:  жеке тұлғаның туған жылы (соңғы екі цифр), айы, күні көрсетіледі.
Екінші – 1 цифрдан тұрады: жеке тұлғаның жынысы мен туған ғасыры көрсетіледі  (Мысалы, өткен ғасырда туған ер адам код 3 алады. Ал осы ғасырда туған әйел адам 6 нөмір коды беріледі).

Үшінші – 4 цифрдан тұрады: оған жүйедегі тіркеудің реттік нөмірі кіреді.
Төртінші –1 цифрдан тұрады: бақылау цифры.

0 дауыс
ол сандар сенің жеке сәйкестендіру нөмерің.  ......................................
0 дауыс
Туған жылы, айы, күні, жынысы (тақ сан болса ер, әйел адам болса жұп сан),  7-ші сан туған ғасырың, қалған төрт сан тіркелу нөмері
...