+1 дауыс
1.4k көрілді

10 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине қанағаттанамын, мақал-мәтел деген тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні, қазақтың ғасырлай  бойы жинаған мол мұрасы емес пе? тіпті кебір мақал-мәтелдерді естіп отырып мақтаныш сезімі бойымды кернеп өзімнің қазақ екеніме қуанамын.
Кейде бір жете түсінбей қалатын сөздер болады, оларды қайта-қайта оқып түсінуге тырысамын:
Мысалы бір мақал:
"Бір ит арбаның көлеңкесінде келе жатырып, осы керуенді мен сүйреп келе жатырмын,- депті" дейді................
+3 дауыс
Мақал-мәтелді жақсы түсінем, бірақ жиі қолданып айта бермеймін. Мәні өте жоғары сөздерді түйін ретінде береді сондықтан ақылға тез қонымды келеді.
+3 дауыс
ия көңілім толады, және көп қолданатын кездерім болады. Коп қолданатын мақалдарым "Тауды биік демендер, талаптансан шығасын", "Ұят кімде болса, иман сонда", "айырылмастай досына, қайырылмастай сөз айтпа"
+3 дауыс
Ия өз орнымен болса.
Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады.
Сұлулық бетте емес жүректе.
Сабыр түбі сары алтын.
0 дауыс
Жақсы мақалдар барғой. Кейде мақалдап сөйлегенде жақсы.
Бірақ кейбіріне кейде тіптен түсінбей қаламын.
+1 дауыс
ия, жақсы сұрақ, қазақтың мақалдары да мәтелдеріде көп, менде 7777 мақал деген кітап түрінде файл бар, ішін оқысаң күшті күшті мақалдар бар!!!
Адай, рас па, олай болса бізге жіберси
0 дауыс
Алтын көрсе періште жолдан таяр... Періште сенің алтыныңды не қылсын?!
0 дауыс
Дана халқымыздың шығарған мақал мәтеліне қанағаттанбау деген... үш ұйықтасам түсіме кірмес..!
0 дауыс
кейбір жерлеріне мүлде қарсымын мыс: Жетім қозы асырысаң аузы мұрның- май қылыр, жетім бала асрасаң аузы мұрның- қан қылыр
0 дауыс
Әрине! Мақал-мәтел дегеніміз - сөз маржаны, сөз мәйегі емес пе? Мақал-мәтел дегеніміз - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мақал-мәтелде поэзияның, астарлап айтудың, үлкен тәлім-тәрбиенің зор мәні жатыр. Қазақ халқы халық ауыз әдебиетінде шешендік сөздерді, мақал-мәтелдерді қолданған. Мақал-мәтелдер түрлі-түрлі тақырыптарда болады. Сонда мақал-мәтелдерге түкіруге бола ма екен? Әрине, жоқ! Бұл інжу-маржан сөздерде терең ой жатыр... Енді, бұл сөздерге немқұрайлы қарау, қанағаттанбау деген барып тұрған ұятсыздық. Біз қазақ халқы қазақтың тарихын, қазақтың мәдениетін дамыту керекпіз!
...