+4 дауыс
1.9k көрілді
Бұл формулаларды қазырғы заманда қолдануға болады ма7

Немесе ол сөздерідің функциясы қазыр істей ме7

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Менімше қазақтың мақал-мәтелдері уақыттық,мезеттік өлшемдерге симайды.Олар сондықтан да өміршең.Феодалистік құрылым кезіндегі айтылган мақалдардың,арада неше құрылым өтіп кетсе де  қазіргі біз өмір сүріп отырған дәуірдің кажеттілігін қамтуының өзі соның айғақ дәлелі емес пе? Мысалы: "Бай байға құяды,
сай сайға құяды", "Баймен бай құда болса арасында жорға жүреді,кедеймен кедей құда болса арасында дорба жүреді", "У ішсең руыңмен", "Бір адам таққа мінсе, қырық адам атқа мінеді"-деген мақалдардың  мәндері қазіргі заманда көрініс бермейді деп айта аламыз ба,менімше жоқ. Сол сияқты тұрмыста болмасын,өмірде болмасын,өнерде болмасын,кез келген салада бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған мақалдар көрініс беріп отырады және олар келешекте де қолданыстан қалмайды деп ойлаймын,әрине қазақ,қазақ болып тұрғанда.
+2 дауыс
"Қазақтың мақал-мәтелдерінің  көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгілі,  не Құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар"...(Абай, 29-қарасөз)
+3 дауыс
Неге айтпасқа.Мен күнде сөйлегенде мақалдап н\е мәтелдеп сөйлеймін.Сонда сөйлегенің өте әдемі шығады.Әрине,бұл менің өз ойым ғой.! )))
0 дауыс
Неге керек емес? Нақыл сөздер, мақал-мәтел ата-бабаларымыздың бүгінгі ұрпаққа берер үлгі-тәрбиесі... Сан жылдар бойы халықтың пайдасына жарап, өмірде өз орнын жоғалтпақ емес!!!
...