Әлемдегі ең алғашқы көлік 1769 жылы Парижде жасалған. Оны Николас Джозеф Кагнот есімді механик құрастырып шығарады. Оған Францияның соғыс министрі Этьен-Француа артелериялық жабдықтарды алып жүретін техника ойлап табуды тапсырады. Осы тапсырма бойынша Кагнот пен екінші әскери механик Брезин бумен жүретін алғашқы автокөлікті құрастырып шығады. Автокөліктің жылдамдығы сағатына 4 шақырым болады. Сондай-ақ ол 5 тонна жүкті тасымалдай алатын еді. Алайда көліктің ең қиын жері тежегішінің нашарлығынан бірнеше апат орын алады. Нәтижесінде 1771 жылы көлікті жасау ісі тоқтатылады. Әйтсе де Кагноттың бумен жүретін көлігі әлемдегі ең алғашқы көлік ретінде тарихта қалды.
Ал бензин двигателімен жүретін алғашқы көлік ретінде 1885 жылы Карл Бенц құрастырған 3 доңғалақты, 2 орындық автокөлік саналады. 1886 жылы жасалған Готлиб Даймлердің көлігі іс жүзінде қолданысқа түскен алғашқы көлік саналады. Тағы бір деректер бойынша ең алғашқы бензинмен жүретін көлікті Зигфрид Маркус 1875 жылы құрастырып шығарған. Бұл көліктердің жүру жылдамдығы сағатына 15-16 шақырым еді. Сағатына 100 шақырымдық жылдамдықпен жүретін көлік тек 1899 жылы пайда болды. Парижде тұратын Бельгиялық Камилл Женатци осы электромобильді құрастырып шығады. La Jamais-Contente (“Неудовлетворённая”) деп аталған көлікті 2 электродвигатель қозғалтатын.