0 дауыс
3.6k көрілді
Ауылдық мектеп пен қалалық мектептің айырмашылығы? Және ЖОО-ға түсу үшін қайсысы қолайлы?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ауылдың да , қаланың да алуан түрі бар. Оқитын орныңа байланысты. Ауылдық жерлердеде қаланың мектебін , кенттің мектебін басып озатын мектептер бар. Нақты жауап ала алмайсың. Себебі нақты стандартпен жүрген ауыл немесе қала мектебі жоқ.
Саламатсызба Жахар мырза! Ең бастысы өзіңе байланысты! Оқимын деген ниетіңе, білім нәрімен сусындаймын деп алға қойған мақсатыңа! Өткен ғасырдағы керемет ақын-жазушыларымызды қарасақ көбісі кедей отбасынан шыққан, қайыршы болып жүріп оқыған, бірақ алған бетінен қайтпаған! Қазіргі жастардың көбісі еріншек, өзімде еріншекпін мойындаймын! Бірақ тек кінәні мектеп пен мұғалім, мемлекет деп оларға кінә артып қоймайықшы!
Өте жақсы пікір.
Белгісіз
Дұрыс айтасың,қала мен, ауылдың мектептерінің айырмашылығ жоқ.Компьютер, интерактивті тақталар ауылдық жердің мектептерінде де бар.Ауылыдқ жердің балалары қазақшаны өте жақсы біледі,бірақ ағылшын, орыс тілі деген сабақтардан мүлдем нашар. себебі ауылдық жерде дұрыс кадр жоқ. Ағылшын тілінен осы мөселе қала мектебінде де бар, сондықтан біз балаларымызды ағылшын тілінен қосымша курстарға беріп отырамыз. Қаланың балары ағылшынды мұғалімнен әлдеқайда артық біліп отырады.Ауылда бұндай мүмкіншілік жоқ.
Саламатсызба Жақсы мырза!  Дұрыс айтасыз, ауылдық жерде де ондай проблемалар бар, қалада да бар! Ағылшын мен орысшаға судай бірақ ауылдан оқыған талай қазақ баласын көрдім! Қаладан да талай білімдіні көрдім! Қаланың керемет мектебінде оқып орысша екі сөздің басын қос алмай тұрғанды да көрдім. Ауылдан мектеп бітіріп орысшаға түсінбейтінді де көрдім! Бұдан шығатын қорытынды ОҚЫҢЫЗДАР!
0 дауыс
Айырмашылығы: қаланың мектептерінде оқушыларға барлық жағдай жасалған (интерактивный тақталар, компьютер, ноутбуктар, бассейн, душ, жақсы спортзалдар , спортқа қажетті заттар т.б) .Ауылдық мектепке қарағанда, қаланың мектептерінде білім беру деңгейі жоғарырақ деп ойлаймын.  ЖОО-ға түсу үшін екеуі де қолайлы.....
0 дауыс
Білім сапасында болар.Ауылда бірінің өзі жақсы,бірінің көзі жақсы дегендей,ата-анасы жақсы кісілер деп бағаны көтермелеп жібереді.Қалада ондай жоқ қой.Бірақ сол небір-небір білімділер,ғұламалар ауылдан шығады.
0 дауыс
Ауылда қаладағыдай жағдай жасалмаған, тәртіп онша қатал емес, Мадияр айтқандай мұғалімдер ата-анасымен жақсы араласатын, беделді ата-ананың балаларының бағаларын көтермелеп жібереді. Білім деңгейі бірдей.
0 дауыс
Ауыл мен қаланың білім беру деңгейі бірдей,әйтседе ауылда ақылды балалар көп себебі ауылда оқушы саны аз сол себепті сабақ жиі сұралады,ал қалаға келетін болсақ қалада әр класстың өзінде 20-25 кемдегенде 15 -тен жоғары сол себепті 45 миунтта соның 4-5 ғана сабақ айтады ,ауылдың балаларға жағдай жасалмағанымен білімге келетін болсақ жоғары,қаланың балалары ЕНТ -ге жақындағанда қосымшаларға барып сабақ алады,ауылда олай емес әу бастан дұрыстап оқытады.Бұл менің пікірім!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!Талқылаудың қажеті жоқ!!!!!!!!!!!!ЕКЕУІДЕ ҚОЛАЙЛЫ!!!!!!
20 -25 емес , 34-36 оқушы
Белгісіз
15-тен жоғарығо недесекте!
Белгісіз
...