+2 дауыс
5.2k көрілді

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Білім беру бағдарламасында көп өзгеріс бар. Мектептердің бағдарламасы жалпылама мағлұмат беру мақсатында құрылуы мүмкін. Ал, гимназия, лицейлер өзінің бағытына қарай бір саланы тереңдетіп оқытады, сол салаға баланы бағыттайды. Мысалы, ағылшынды тереңдетіп оқытатын гимназиялар, яки математика мен физиканы тереңдете оқытатын лицейлер бар. Білім беру бағдарламасында өзгеріс болған жерде, білімнің деңгейі жөнінен де көп айырмашылықтар болатыны сөзсіз. Көп жағдайда лицейлер 6-7-8 сыныптарға қабылдау жасайды, сонан соң мектептегі жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі осы білім беру мекемелерін жағалап кетеді. Сонсоң мектеп бітірген кезде "алтын белгі" мен "үздік аттестат" алушылардың көп пайызы қарапайым мектептен емес, сондай гимназиялардан шығып жатады. Ал, сол білімнің іргетасын қалап, негізін салған мектептің еңбегі елеусіз қалады. Сонымен қатар, сыныпта жақсы оқиытн оқушы болған сайын оқушылар арасында бәсекелестік күшее түседі де, оқушылар жарыса оқиды, білім де жоғарылай түседі. Мектепте "кіл оқымайды" десем артық болар, оқитын адамдардың саны азайғанда бәсекелестік төмендейді, салыстырмалы баға қою пайда болады. Ол оқушы мына оқушыға қарғанда әйтеуір бірнәрсе деп айтады дегендей сипатта. Бірақ, Jas.vip айтып кеткендей, оқитын бала қай жерде де оқиды ғой. Сонсоң қай жерде болмасын білімге зор талап қойылу керек. Біздегі, өзім оқып жатқан жерлердегі, білім жүйесін көріп қарным ашады, амал нешік?! Бізде білім деген ұғымды бірінші орынға қою керек дегеннің өзінде ысырылып артта қалып бара жатқан секілді, бірақ бір жағынан төмен деп те айтуға болмайды. Өз кезегімен жүріп жатыр, бірақ бөркімізді аспанға лақтырып қуанарлықтай деңгейде емес!
Оқыймын деген адамға қандай болсада мектептің айырмасы жоқ меніңше!
+2 дауыс
Әрине бар. Гимназия, Дарын секілді мектепте білім жақсы береді, бірақ та адамның  өзіне байланысты, оқитын бала окиды ғой,тағы да айта кететін жайт қазір акшамен гимназияға туседі де оқымай акшаға сеніп жүре береді, бундай да Қазақстан қалай 50 елдің қатарына кіреді?!
Ақшамен түсуі әбден мүмкін, бірақ оқымай жүреді дегеніңіз артықтау ма деп ойлап отырмын. Өйткені, ондағы оқушылар ел ішінен іріктелініп алынған, белгілі бір салаға ерекше бейімі, яки қызығушылығы бар балалар, сондықтан олардың ішінде ең болмағанда бір салаға қызықпайды, тек ақшаны беріп қойып жүреді дегенге сене алмаймын.
бари бирдей акшага сенип жургендер емес! ия бар арамызда тек акшага гана сенетиндер но со акшаны жумсау ушин де оку керек ко
0 дауыс
гимназияда сабактарды терендетип окытады
...