+1 дауыс
4.1k көрілді
Осы ҰБТ басталғалы ұлттық университет пен мемлекеттік университетке түсу үшін балл айырмашылықтары туралы айтыла бастады. Ұлттық университет пен мемлекеттік университеттің айырмашылығы неде? Әлде ұлттық университет тек қазақ тілінде оқыта ма ?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлттық, мемлекеттік мұның бәрі оқу орындарының статустары ғой. Бұдан басқа халықаралық деген статус бар мысалы: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы қ.). Ұлттық статус бұл мемлекеттікке қарағанда жоғары. Ұлттық университеттер көбіне алдыңғы қатарлылар деп көрсеткені ғой. Өзіңіз қарап отырсаңыз ұлттықтың бәрі атақты ЖОО екен. Және мемлекеттік гранттарды бөлу кезіндеде ұлттық университеттерге жеке конкурс жүреді. Ал мемлекеттіктер жалпы конкурсқа қатысады. Қарап отырсаңыз газетте грант иегерлерінің қорытындысы шыққанда ұлттық университетке түскендер бөлек шығады ғой. [Міне мына жерде][1] ұлттық, мемлекеттік деп әрбір университеттер бөлініп көрсетілген.


  [1]: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%BA_%D0%B2%D1%8B%D1%81%D1%88%D0%B8%D1%85_%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%B1%D0%BD%D1%8B%D1%85_%D0%B7%D0%B0%D0%B2%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B9_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0
Түсінікті! Рахмет!
тамаша жауап)) +1
Рахмет!!!!
+1 дауыс
ұлт пен мемлекеттің айырмашылығы қандай болса  бұл да сондай деп ойлаймын
+1 дауыс
Ұлттық университеттің дәрежесі мемлекеттік университетке қарағанда жоғары шығар, сосын  ұлттық университеттің дамуына көп қаржы бөлінетін болар.
+1 дауыс
Ұлттық универлерге КазНу, Агу, деген сияқтылар жатады
Мемлекетік универлерге Евразия, Назарбаев, Кимп дегендер жатады
Еуразия мемлекетік емес ҰЛТТЫҚ УНВЕРСИТЕТ. НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНВЕРСИТЕТ.
...