0 дауыс
8.4k көрілді
Рамазан айында айтылатын "Жарапазан" немесе "Жарамазан" бар. осы өлеңді кешктетіп, әрбір үйдің қақпасының алдына барып, хормен айтушы едік....

Ал, сұрақ: Сіз кезінде өзіңіз айтқан жарамазанның сөзін білесіз бе, тым болмаса есіңізде қалған бөлігін ғана жазсаңыз...

Ораза қабыл болсын!

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаранамаз айтамыз уйінізге уйіңіздің ішіндегі шиеңізге Оқтай-тақтай Осы уйдегі женешем таптұйнақтай апшық, апшық сары табаққа салып шық сары Сары табаққа сыймаса 500 теңге алып шық осы жолдары есімде қалыпты
0 дауыс
Айтамын жармазан уйынизге кошкардай косыл берсин бесигинизге кошкардай косыл берсе бесигине кунделик кунде болсын есигине еееее...  Мекедей бир агаш бар бас тиген жайкалып жапрагы жерге тиген жайкалып жапырагы жерге тисе осы уйде бир женгем кудай суйген эйййй...  Ак тауык,  кызыл тауык курма шашарей  осы уйде бир женгем тенге шашарей алып шык алып шык сары табакка салып шык сары табакка симаса еттегине салып шык еттегине симаса 500 тенге алып шык
0 дауыс
Жарпазан келыптур есигине

Кошкардын уын берсн бесыгыне

Тагы берсын береке бесыгыне

Жарапазан

Жарапазан

Жарапазан
0 дауыс

Жарапазан желдірмесі:
Үйің үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Ақтөбедей көрінген,
Қандай байдың үйі екен !
………………………………
………………………………….
Сосын жарапазан сөзіне келіп жетеді.

Айтайын айт дегенде жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман!

Ассалаумағаликұм, дәуіт ғалам,
Ағаға осы үйдегі бердік сәлем.
Ағаға осы үйдегі берсек сәлем,
Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам!

Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,
Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған,
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.

Мінгені Пайғамбардың жирен дейді,
Намазды он екіңде үйрен дейді.
Намазды он екіде үйренгесін,
Тіліңе қызыл істік түйрелмейді.

Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Ораза намазыңның несі жұмыс.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс.

Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,
Бұтағы жер мен көкке тиіп тұрған.
Ораза намазыңды тұтып барсаң,
Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.

Біреуі бес намаздың таң намазы,
Оқыған тал түстегі қай намазы.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,¬
Терісі шұбар киіктен-жайнамазы.

Біреуі бес намаздың бесін біл тек,
Аллаға оқыдым деп қылма міндет.
Аллаға оқыдым деп қылсаң міндет,
Алдыңда дайын тұрар екі жендет.

Біреуі бес намаздың екінтіні,
Үстінен жалғыз қылдың секіртеді.
Қылмысың ол дүниеге жақпай барсаң,
Барғанда ахиретте өкіртеді.

Біреуі бес намаздың ақшам намаз,
Қойыңдай алдыңдағы бақсаң намаз.
Намазды әр уақыт қылсаң қаза,
Тартасың ахиретте өзің жаза.

Біреуі бес намаздың Жашихты,
Білген адам тартады тәспиықты.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Алдыңда періштелер бас иіпті.

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман.
(әр шумақтан кейін қайырма қайталанады.)

Жарапазан сөзінен кейін жарапазан батасына келіп жетеді.

Үйіңіздің артында шатыр болсын,
Балаңыздың үлкені батыр болсын.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Балаңның батырлығы татыр болсын!

Айтайын жарапазан есігіңе,
Ұл берсін қошқардай ғып бесігіңе.
Ұл берсе қошақардай ғып бесігіңе,
Береді Аалла бірге нәсібін ед.

Айтайын жарапазан есігіңе,
Қыз берсін құндыздай ғып бесігіңе.
қыз берсе құндыздайғып бесігіңе,
Береді Aлла бірге нәсібін де.
Аллаху әкбар, -деп бет сипайды.

Мәлімет islamkz сайтынан алынды.

0 дауыс
Жарамазан айтамыз үйінізге үйініздін ішіндегі күйінізге ақ тауық қызыл тауық құрма шашарай осы үйде бір женге бар ақша шашарай ақша шашпаяқапшық апшық сары табаққа салыпшық сары табақа сыймаса 500 тенге алыпшық
...