0 дауыс
2.7k көрілді
Сiздер жақта ораза айында жарапазан айта ма?Және мәтiнi қандай?

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жарапазанды көп жастар білмейді. Жарапазан айтайық десең одырая қарайтындары да кездесер. Шамасы "мынауың не то" дейтін шығар. Көбіне Наурыз бен Айт мейрамында айтылады. Оның қатып қалған мәтіні жоқ. Әркім өзі шығарса да болады (нағашы-жиен, жезде-балдыз, жеңге-қайны болып әзілмен). Жарапазанды айтқан адамға үй иесі теңге, болмаса бір нәрсе беру керек. Ал, бермей қалу сараңдықтың шегі, өте ұят нәрсе. Негізі түбі қайта жанданарына сенемін.
+1 дауыс
Жок осы жылы айтпады!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+1 дауыс
жарапазан деген не ол........................................
былай айтканда олен айтасын саган акша не кампиттер беред
+2 дауыс
Ия,айтады ғой!
Ең танымалы (вечный хит) мәтіні баяғы:
Ақ тауық,қызыл тауық құрма шашар ей,
Осы үйде жеңгем(ағам) бар теңге шашар ей
теңгесін шашпай ақ қолыма бер
Қасымдағы қу жолдастар алып қашар ей!
деп соңында бата беріп кетеді
P.S Кезінде айтқамқыз өзімізде))
+1 дауыс
Aitpaidy,ol ne ekeninde bilmeim *_*!Azan siykty narse ma?
кандай азан сондай жарапазан сози гой Ак таук кызыл тау құрма шашар ей
+1 дауыс
Онтустикте туратындар жаксы биледи не екенин!
Мен ҚЫЗЫЛОРДАДАНМЫН, жарапазан айтты дегенді естімеппін... қалада тұрған сон естімеген болуым керек, ауылдық жерді білмедім...
ШЫмкетти айтам! Менде калада турам бари биледи не екенин
+1 дауыс
Бір рет жарапазан айтып көриппін. Бірақ нақты матінін білмейм. ))))))))))
+1 дауыс
Ауылды жерлерде айтады, қалада естімеппін. Өзім кішкентай кезімде көршілеріммен бірге айтып көргенмін. Иті бар үйлерге айтпай үй маңынан үнсіз өткеніміз есімде))
+1 дауыс
Ия айтады мен өзім Оңтүстік өңірінненмін кезінде мен де айтканмын матіні мынадай болуы керек:
Жарапазан айтып келдік үйіңізге
Уйіңіздің ішіне күйіңізге
Ақ тауық кара тауық қурма шашар ей
Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар ей!
Алып шық!Алып шық!Сары табаққа салып шық!Сары табаққа симаса етегіңе салып шық!
Сосын бата оқылады
+1 дауыс
иә жарапазан көбінде домбырамен желдірме түрінде рамазан айында айтылады яғни оразада, мен қытайдын Алтай деген жерінде рамазан айында айтатынын естідім.олар ауылды жереде атпен жұріп, қолдарына домбыра алып, қоржын салып алып үй-үйді аралап айтады деп естідім бірақ көбі есімде қалмапты бар білерім.
 *Үйің үйің үй екен
Үйдің көркі ши екен
ақ шатырдай көрінген
қайсы байдын үйі екен
............................
оразан қабыл болсын ұстаған жан....
*  солай айтып жататын бірақ есімде қалғаны осы ғана.
0 дауыс

Жарапазанның негізгі мақсаты — осы қасиетті айда ислам дінін насихаттау, халықты жақсылыққа шақыру. Ол туралы Ахмет Байтұрсынұлы: “Жарапазан – Рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады”,- деп жазған.

Жарапазан негізі үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімін үй иесіне арнап, оның жақсы қасиеттерін мадақтайды. Ол, әдетте, былай басталады:

Үйің, үйің үй екен,

Үйдің көркі ши екен.

Саба көркі бие екен,

Сандық көркі түйе екен.

Ақтөбедей көрінген,

Қандай байдың үйі екен!

Кейін дәстүрлі дінімізді насихатта:

Айтайын, “айт” дегенде Жарапазан,

Бір келген он екі айда ораза иман!

Ассалаумағалейкум, дәуіт ғалам,

Ағаға осы үйдегі бердік сәлем.

Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам!

Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,

Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған,

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.

Мінгені Пайғамбардың жирен дейді,

Намазды он екіңде үйрен дейді.

Намазды он екіде үйренгесін,

Тіліңе қызыл істік түйрелмейді.

Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,

Ораза намазыңның несі жұмыс.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс.

Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,

Бұтағы жер мен көкке тиіп тұрған.

Ораза намазыңды тұтып барсаң,

Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.

Біреуі бес намаздың таң намазы,

Оқыған тал түстегі қай намазы.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Терісі шұбар киіктен-жайнамазы.

Біреуі бес намаздың бесін біл тек,

Аллаға оқыдым деп қылма міндет.

Аллаға оқыдым деп қылсаң міндет,

Алдыңда дайын тұрар екі жендет.

Біреуі бес намаздың екінтіні,

Үстінен жалғыз қылдың секіртеді.

Қылмысың ол дүниеге жақпай барсаң,

Барғанда ахиретте өкіртеді.

Біреуі бес намаздың ақшам намаз,

Қойыңдай алдыңдағы бақсаң намаз.

Намазды әр уақыт қылсаң қаза,

Тартасың ахиретте өзің жаза.

Біреуі бес намаздың Жашихты,

Білген адам тартады тәспиықты.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Алдыңда періштелер бас иіпті.

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Бір келген он екі айда ораза иман.

Осы соңғы екі жолы қайталанып отырады. Соңғы бөлімінде үй иелеріне бата беріледі.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...