+1 дауыс
7.2k көрілді
Айтады ғой ырымда "Кішкентай бала жол қараса үйге қонақ келеді"- деп. Сол шындыққа жанаса ма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен бұл туралы естігем. Біз жол ашса деп айтамыз. Біз кішкентай кезімізде жол ашып ойнайтынбыз, сол кезде апам айтып жататын: "Жол ашпа үйге қонақ келеді"-деп. Меніңше бұл қазақтың жәй шығарып алған ырымдарының біреуі сияқты.
+1 дауыс
Бұл ырым қайдан шықты? Осы сұраққа жауап табайын алдымен. Кезінде бір сыйлы немеесе көптен күткен қонақ келер уақытта кішкентай балалар тағатсыздана күтіп жолға шығып қарағыштай берген ғой. Немесе барып көріп кел дейді үлкендер. Жолға шығып  қарап келеді. Осы ырым осы нәрседен пайда болған деп ойлаймын.

Біз ҚАЗАҚ халқы ырымшыл келеміз ғой. Ата-бабамыз солай бізге қалдырып кеткен. Оған енді көп сене берудің керегі жоқ деп ойлаймын. Кейбір ырымдар бар шындыққа жанасатын. Бірақ ананы да мынаны да ырым екен деп сене берудің керегі жоқ. Қонақ келетінін бір Алла біледі.
Жолға қарап кел емес. Балалар тоңқайып, ауының арасынан қарайды соны айтып тұрмын.
0 дауыс
Шындыққа жанасады,себебі кішкентай бүлдіршін кез-келген сәтте жол қарай бермейді,анда-санда бір қарайды,және көп ұзамай үйге қонақ келеді,сондай-ақ қасық түсіріп алсаң да келеді деген ырым бар. Ақжол,көпшілік жол қарауды басқаша түсініп жатқан сияқты,ол далаға шығып жолдың бойына қарау емес,үйде тоңқайып тұрып,екі аяғының ортасынан қарап тұру емес пе еді жол қарау деген.
0 дауыс
Ол шын. Ойткени, мннин еки кызым да жол караса ия папасы келеди,ия болмаса озимиз бир жакка жол журемиз. Сондыктан бул шын екен. Жай гана карамайды. Бунын артында бирдене бар. Казир мысалы кызым жол карап жур. Кнйин не болганын айтып берермин
...