+1 дауыс
83.7k көрілді
Аспан аспан денелеріне байланысты ырым және тыйым сөздер керек еді?

Жұлдыздарды санамайды.
Жұлдыз санаса, өлім-жітім, жаманшылық көп болады.

Айды қолмен көрсетсе, отбасында жаманшылық болады.

Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл - өлім-жітім шақыратын жаман ырым.

Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «менің жұлдызым жоғары» дейді.

Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.

Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.

Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.

Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.

Түнде үйден күл шығармайды. Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.

Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Айға қарап дәрет сындырмау

Жаңа ай туғанда аймен сәлемдесу
0 дауыс
Қазақта жанып тұрған отқа май тастап, соның лапылына қарап болашақты болжайтын ырым бар. Май тасталған оттың жалыны ашық түсте болса – жақсылықтың нышаны. Оттың жалыны қарақошқыл болса – жамандықтың белгісі [9, 53-б.].

Қазақ от шашпайды. Ыстық күлді төкпейді. От шашса өрт шығады, күл төксе бұрқырап көзді қармайды, сөйтіп, ойды адастырады деп жориды [9, 66-б.].

Күнге байланысты қазақта мынадай тиымдар бар:

- Күнге қарап дәрет сындырма.

- Күн батарда күнмен таласып жұмыс істеме.

- Күн батарда ұйықтама.

- Күн батқан соң қорадан мал шығарма.

- Күн шығарда ұйықтама [17, 262-б.].

Ай мінажаты

Көшпенділердің өмірінде сакралды аспан денесі Ай өте маңызды рөл атқарған. Көшпелі халықтарда бастапқыда ұзақтығы он айлық ай күнтізбесі болған. Қазақтардың және олардың ата-бабаларының алдымен жіңішке орақ түрінде ғана пайда болатын Ай 7 күннің ішінде жарты Айға толысып өседі. Келесі шерігінде (7 күн) Ай толысып шеңбер, дөңгелекке айналады. Бұны қазақ «онбесінде толған айдай» дейді. Ай өскенде сол жағына қарай толысып өседі. Ал енді келесі кезеңде Ай біртіндеп оң жағынан бастап кетіліп 7 күннің ішінде тағы да жартыланады – жарты Айға айналады. Осы кетілу әрі қарай жалғасып қалған 7 күннің ішінде толық мүжіліп бітеді. Сонымен мөлшермен алғанда 28 күндік бір айдың алғашқы 14 күнінде Ай туады, өсіп өнеді, жетіледі, толысады. Ендігі қалған 14 күннің ішінде, былайша айтқанда, Айдың біртіндеп кему, мүжілу, тозу, жоғалып біту үдерісі жүреді. Сондықтан да Ай біздің ата-бабаларымыздың мифологиялық дүниетанымында, түсінігінде жаратылып  пайда болудың, өсіп-өнудің, толысудың, одан біртіндеп кемудің, азаюдың, түбінде  құрып бітудің нақты нышаны, аспандағы көрінісі болып табылған.

Қазақ Айдың 28 күндік бір циклын (айналымын) адам өмірімен салыстырған. Адам баласы да жоқтан бар болып жаратылады, туады, өсіп өнеді, толысады, бұдан соң қартаю басталып, қай жағынан болсын біртіндеп кемиді, мүжіледі, ең аяғында өліп жоқ болады [5, 122-123-бб.]

Жалпы, Азия құрлығындағы көне күнтізбенің тарихын зерттеуші Фролов деген ғалымның зерттеулеріне қарағанда, сонау палеолит заманында пайда болған алғашқы күнтізбені (календарь) әйел заты ойлап тапқан және де ол түп- түгел жатырда баланың пайда болуы, оның жетілуі және дүниеге келуімен және осы үдерістің мезгілдерін анықтап отыру үшін ойлап табылған. Және де ол  28 күндік  Ай календары болған [18].

Өте бір кереметі, қазақта да бала көтеріп оны тууға байланысты өзінше әйелдер күнтізбесі болған. Бір айда отыз күн бар. Оның алғашқы үш күні "аспанда ай керінбейтін үш күн, оны «өлі күн» деп атайды да, бүл күндері екі жастың ақ тесекте кездесулеріне тыйым салынады. Бүл — халық есепшілерінің болжауына сүйенген дәстүр. Ал осындай әйел календарын жүргізетін аққол аналардың өзіндік есебі бойынша аяғы ауырлаган әйелдердің әрбір айы 27 күннен түрады. Әрбір айдың, яғни осы әр 27 күннің басы оның етеккірі келген күнінен басталады. Бұл алғашқы айдың өзі үш тоғызға белінеді. Бірінші тоғызы —"етеккір тоғызы", екінші тоғызы —"арылу тоғызы", үшінші тоғызы —"кездесу тоғызы". Халықтық тәртіп бойынша "бірінші және екінші кезеңде кездессеңдер екеуің де ауруға үшырайсыңдар" деп, олардың кездесуіне тыйым салынады. Халықтық түсінік бойынша, үшінші тоғыздың әр тақ күні неке төсегінде тән қосылса, олардан ұл туады, ал жұп күндері — қыз туады.

Ана тал бойына біткен баласын тоғыз ай, тоғыз күн көтереді. Жоғарыда атап керсеткеніміздей, әрқайсысы 27 күннен болатын тоғыз айда 243 күн бар. Аққол аналар бүған үшінші "кездесу тоғызын" қосып есептейді. Осыдан келіп тіліміздегі "тоғыз ай, тоғыз күн" тіркесі орныққан. Тәжірибелі ана жаңылмас үшін сол сәтті күннен бастап дорбаға 243 құмалақ салып алады да, осы кұмалақтың күніне біреуін лақтырып отырады, осылайша жүкті әйелдің күні жақындаған сайын құмалақ саны да азая береді [19, 57-б.].

Қазақтарда Ай-әйел туралы түсінік соңғы уақытқа дейін сақталғандығы жөнінде бұрынғы зерттеушілер жазған [20; 1, 58-б.].

Жаңа Ай туылғанда қазақтар оған сәлем беріп, былай деген:

Ай көрдік, аман көрдік.

Ат басындай алтын көрдік.

Қой басындай күміс көрдік.

Жаңа ай - жарылқа!

Ecкi ай - есірке!

Айға сәлем бергенде, сәлем беруші бір аяғын бүгіп үш мәрте белін иген, содан соң жаз айы болса, ол жерден бір уыс көк шөп жұлып алып отқа тастаған. Егер айға сәлем берген жерден үйі қашық болса, сәлем берген жерден  бір тал шөп жұлып алып, құлағының артына қыстырған (АЖМ).

Қазақ ай толып, дөп-дөңгелек болып туғанда да сәлем береді. Айға қарап тілек айтып, бет сипайды. Онысы көңіл айдай жарық болсын, сөзім айдай толсын дегені  [9, 66-б.].

Айға байланысты қазақтың наным-сенімі туралы Ш. Уәлиханов мынандай мәлімет береді: "Қырғыздар (қазақтар. - Ә.Т.) Айда кемпір отырады дейді (бұл айдың бетіндегі дақтардың адамның бетіне ұқсатуынан болар). Қырғыздар айға ұзақ қарамайды, сенім бойынша айдағы кемпір адамның кірпіктерін санап қойса, ол адам өледі деп есептеген. Дәрет сындырғанда адам бетін Айға қаратпайды. Жалпы Айға үлкен ғибадатпен қарайды» [1, 58-б.].

Қазақ аңызы бойынша, Ай мен Күн әдемі егіз болған екен, алайда, бірінің сұлулығын бірі қызғанып, ақырыбір-бірін жек көріп кетеді. Бірде Күн-ару Ай-арудың  бетін тырнап алады, осыдан, оның бетінде дақтар қалып қояды [21, 230-б.]. Қазақ тілінде егіздердің бәсекелестік тақырыбы дуалисттік мифтерде кең тараған болып табылады.

Сұлулықтың Ай мен Күндей қос белгісі қазақ өлеңдерінде былай бейнеленген:

Бір қыз бар Маралдыда Қорлы-қайың

Табиғат берген екен Күн мен Айын

Ахау Гулдерайым, Күн мен Айым.

Жаңа туған Айға қарап, қазақтар сол  айдың ауа-райын болжаған. Егер айдың орағы тік орналасса немесе соған жақын жатса (яғни,тігінен туса) бұл қалпы айдың өзіне жайсыз, ал шаруаға жайлы деген. Ал ай шалқасынан жатып туса онда «өзіне жайлы, шаруаға жайсыз деп есептеген».
Қазақ кейбір ұзаққа созылған тері, ішкі құрылыс, психикалық ауру түрлерін жаңа ай туған кезде емдеген [22, 144-б.].

Қазақта Айға байланысты мынадай ырым-сенімдер бар:

Ай шалқайып туса, күн суытады. Ай еңкейіп туса, қыс -жылы, жаз - ыстық болады. Ай мүйізге ұқсап шаншылып туса, күн қыста желді, суық. Жазда аңызақ желді болады. Ай дөңгеленіп туса, қыс аязды болады. Аспандағы бұлттар ақ шарбы болып баяу қалқыса, күн жақсы болады.

Айдың мүйізі үшкір болса, ауа-райы жақсы болады, ал мүйіздері шалқақ болса күн бұзылады [23, 75-76-бб.].

Қазақ баласы айға телміріп, ұзақ қарамайды, түнде жұлдыз санамайды. Айда бір кемпір бар, айға телміріп қарасаң, әлгі кемпір сенің кірпігіңді санайды, кірпігі саналған адам қазаға ұшырайды деп жориды [9, 43-б.].

Бұл адамдардың күнәсінің көптігінен аспанды билегісі келген Ібілістің ісі, сондықтан ерте кездегі қазақтар Ібіліс айды қолымен ұстап жібермей тұр деген түсінікпен қатты дауыс көтеріп шулап, темірден жасалған заттарды бір-біріне қатты соғын, әртүрлі әрекеттер жасаған.

Халық ұғымыңда жаңа ай туғаңда қолға алған іс жақсылық нәтиже береді. Соңдықтан айға бата жасап: "Жаңа ай өлгендердің күнәсін кешір, тірілердің тілегін орындап, қуанышына атып, бақытқа кенелт" деп, ауруы бар адамдар өзін аурудан қайғы-мүңнан алыстауын сұрайтін болған. Халық сенімінде қолына сүйел шыға беретін адам жаңа ай туғаңда "ай-ау, сүйелімді ал да, қолымды бер" деп тілек тілесе сол тілегі орындалады.

Қазақтың қариялары жаңа ай туғанда соған қарап тағзым етіп, алақанын жайып: "ай көрдік, аман көрдік, баяғыдай заман көрдік. Амандықпен осынша жасқа келдік. Ескі айда есіркелдің! Жаңа айда жарылқа!, — деп бетін сипап, тілек етеді. Үлкендер: "Көкте тәңір, жерде әулие бар", — деп балалардың аяғын аспанға көтертпеген [23, 79-80-бб.].

- Жаңа туған айды алғаш көргенде тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжәт етеді де, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды. Бұл — әулетім оттай қаулап өсе берсін дегені [9, 52-б.].

Ерте кездегі түркілер, жаңа ай туғанда дені сау адамдардың бетіне қарап, бала-шағам аман болсын деп құран оқып, жақсы адамдармен әңгімелесіп, солардың қасиетін қабыддауға тырысқан. Және айға тесіліп қарауға рұқсат етпеген. Қарағанда көз алдына пышақ, алмас секілді өткір заттарды ұстаған.

Халық ұғымында айдың тұтылуы алланың ісі, осы кезде ол қолымен айдың бетін жабады. Сондықтан айдың тұтылуы тоқтағанша Құран сүрелерін оқып отыру керек.

Халыктың тағы бір сенімінде айдың бетіне  пайғамбардың сәулесі түскен. Құраңдағы күнге де, айға да табынбай, Аллаға бағынуды талап ететіні сондықтан болса керек.

Халық ұғымында айдың тұтылуы жердегі адамдардың көбейген күнәсі үшін, Алланың қолданған жазасы. Соңдықтан құран оқып айдан кешірім сұрау керек. Соңдай-ақ, бұл адамдардың күнәсінің көптігінен аспанды билегісі келген Ібілістің ісі, сондықтан ерте кездегі қазақтар Ібіліс айды қолымен ұстап жібермей тұр деген түсінікпен қатты дауыс көтеріп шулап, темір заттарды бір-біріне қатты соғып, Ібілісті қорқытып, айды қыспақтан босатып аламыз деп әртүрлі әрекеттер жасаған [23, 79-80-бб.].

Қазақ Күн тұтылса – мұсылманға, Ай тұтылса – кәпірге көрінеді, патшалары өледі деп жориды [9, 27-б.].

Қазақ Айға, Күнге қарап тұрып түзге отырмайды. Ал құбыла жаққа, күнбатысқа қарап тұрып бұлай істеуге тіпті де болмайды. Бұлай істеу әрі күнә, әрі рух шамданып, ұшынады, ауру иелеп, қуығы тұтылады, жіңішке ауруға тап болады, ауызы қисаяды деп ырымдайды [9, 22-б.].

Қазақта Ай сәулесін бетіңе түсіртпе, Ай толғанда желі тартпа, Ай толғанда жолға шықпа, Ай толғанда көшпе, Ай толғанда қыз ұзатпа, Ай толғанда үй тікпе, Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберме деген де тиымдар бар [17, 261-б.]

Қазақ: «Ай құлақтанса - аяғыңды сайла, күн құлақтанса – күрегіңді сайла» дейді. Оны – Ай қораланса күн жылы болады, Ай шалқасынан туса – қатты аяз болады. Ай қырынан туса – күн жылы болады деп жориды.

Қазақ баласы Айға телміріп қарамайды, түнде жұлдыз санамайды. Айда бір кемпір бар, Айға телміріп қарасаң, әлгі кемпір сенің кірпігіңді санайды, кірпігі саналған адам қазаға ұшырайды деп жориды.

Қазақ өрттің алдына ақ құяды. Онысы оттың тәңіриесінне жалынып-жалбарынғаны, сонда өрт тез өшеді деген.

Жаңа туған Айды алғаш көргенде тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінажат етеді де, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып отқа тастайды. Бұл әулетім оттай қаулап өсе берсін дегені.

Аспандағы жұлдыз әрбір адамның жанының бейнесі саналады. Бір жұлдыз ағып түссе – бір жан үзілді деп нанады.

Жұлдыздар қазақ дүниетанымы мен сенімдерінде

XIX ғасырдың ортасындағы орыс саяхатшысы Матвей Ястребов былай деп жазған еді: «Ең алғашқы астрономдар көшпеліі халықтар болғаны даусыз. Кең далада мал бағып өмір сүру олардың аспан денелерінің қозғалысына үнемі бақылау жасауға мүмкіндік тудырды және де сол аспан денелерінің адамның денсаулығына, рухани  жай-күйіне әсер ететіндігі жөнінде өзінше жорамалдар жасауды тудырды» [24, 306-б.].

Шоқан былай деп жазған: «Кейбір қазақтардың ойынша, жұлдыздар асыл тастардан үйілген таулар, олар жерден соншалықты қашықтықта, нүктедей болып қана көрінеді. Қазақтар жұлдыздардың жер бетіндегі бақытқа әсер ететініне сенеді, халық арасында көк күмбез жайлы әңгімелер де баршылық. Енді біреулердің пікірінше, әрбір жұлдыз жердегі әрбір адамның жанымен сәйкестік тұтастықта, адам өлгенде оның аспандағы жұлдызы да жерге ағып түседі.Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар менің жұлдызым жоғары дейді. Болып-толған бақытты адамды «жұлдызы жанған деседі» [1, 56-57-бб.; 25, 209-б.]. Осыған ұқсас түсінік Кавказ елдерінде де болған [26,137- 138-бб.].
0 дауыс
Қыздарға аиға қарауға болмаиды, себебі сұлулығы кетіп қалады.

Аи шалқасымен жатса,тілек тілесің тілегің қабыл болады.
...