0 дауыс
15.2k көрілді
Сіздер "Балқаймақ" жеп көрдіңіздерме? Рецептін білесіздерме?
Ағамының үйіне барғанда түйенің балқаймағы деп ұсынғанын білемін. Бірақ алыстан келгендіктен аздап қатып қалғанба, енді боладығой ондай ондай) Бірақ дәмі керемет болған, әлі аузымда тұр!)
Иә дәміне әңгіме жоқ, тіл үйіреді! Алматыға келіп балқаймақ таба алмай қалдымғо)))))

4 жауап

0 дауыс
Мен балқаймақты жеп көрмеппін, бірақ жасалу жолын таптым. Балқаймақ– шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ (кілегей) құйылады. Ол баяу жанып жатқан отқа құйылып, бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіріледі. Әбден қайнаған кезде үстіне құмшекер себіледі, бал салынып, ұн қосылады. Содан соң араластырып, тағы да (8-10 минут) қайнатылады. Дайын болған қоспаны ыдысқа аударып, дастарқанға әкеле беруге болады. Ол көбінесе дастарқанға шаймен бірге беріледі. 1 стакан қаймаққа 2 шай қасық бал немесе 1 ас қасық құмшекер 1шай қасық бидай ұны керек. Егер осы сынды тағамдардың жасалу жолын білгің келсе, http://koshpendi.kz/index.php/ulttyk-tagamdar/sut-tagamdary/ осы сілтемеде бәрі жазылған.
Жауабыңа рахмет! Алайда мұны менде тауып оқыдым! Маған Маңғыстауағыдай түйенің сүтінен жасалатын балқаймақ рецепті керек еді !
0 дауыс
Салем наглый қазақ, балқаймаққа ұн себілетінін өмірімде бірінші рет естідім, сақтай гөр құдай, кәдімгі тартылған сүттен пайда болатын қаймақты аламыз, дүкендегі 20 пайыздық сметанадан жасалмайды. Натур продукт болу керек, қаймақты орташа отқа қойып, қайнатасың, қайнаған соң, араластырып тұру керек, әйтпесе тасып кетеді, бір кесеге 1 жұмыртқаны аздаған қантпен араластырасың, әбден араласқан соң, қайнап жатқан қаймаққа аз-аздан құясың, тағы араластырып тұрасың, ол қоюланады, отыңды өшіріп, бірден ыдыстарға құйып қоясың. Бұл біздің күнделікті істейтін тағамымыз.
Сәлем! Қалайсың? Жауабыңа рахмет! Түйе сүтінен істейсіңба? Қайда тұрасың?
сонда ол мороженый ма?!Не нарсе өзі??
Жоқ Наргиз, ол балмұзақ емес, қалай түсіндірсем екен?.. Балқаймақ қой кәдімгі? Сендер жақта жасамайма? Уощм дүкен, базарға барғанда "түйенің сүтінен жасалған балқаймақ" деп сұра! Дәмі тіл үйіреді !
сонда балмұздақтан да,тәтті ма??
0 дауыс

Балқаймақ — ұлттық тағам. Тағамдық Балқаймақты шикі сүт кілегейіне сарғайғанша қуырылған ұн, қант, бал қосып, 10 — 15 мин. бойы баяу отта қоспаны араластыра отырып пісіреді. Емдік Балқаймақты дайындаудың өз ерекшелігі бар. Ол сырқаттың түріне байланысты. Мысалы, асқазан ауруын емдеу үшін таңертең ерте сауылған 10 л сиыр сүтін қызуы аз отқа жарты сағаттай шымырлатып қайнатады да, оған 700 — 800 гр сарымай, сонша таза бал, 10 гр ұнтақталған қызыл бұрыш қосып, әбден қоюланғанша қайнатады. Суыған соң эмалданған ыдысқа салып, салқын жерге қояды.

 

0 дауыс
Балқаймақ түйенің сүтінен қайнатып дайындалатын тағам. Түйенің сүтін шұңғыл қазанға құйып қайнатады. Қазанның астына от үзбей салынып, үнемі былғап отырады. Сүт сəл сарғайған кезде, құм шекер салынады. Құм ше керді сүттің мөлшеріне қарай саласыз (көп салсаңыз тəтті болып, түсі қызара түседі). Сүт əбден қайнап қоюланғанда балқаймақ дайын болады. Балқаймақты суығаннан кейін шеңбер пішіндес қылып қолмен жасаймыз. Кептіріп пайдалануға да болады.
саламатсызба? Түйе сүтінен балқаймақты неше литр сүтті неше сағат қайнатамыз және неше литрге неше кг секер саламыз
...