0 дауыс
57.2k көрілді
Мамамның  омыртқасы ауырады. Емделіп жатыр.Жазылмай тұр. Қандай емдерін білесіздер?

17 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
саламатсыздарма менде грижа болып еди(10см)2жыл бурын содан терлеп турганда сквазниактан салкын тигиздим.еки жылдай болды киши даретим дурыс журмей жур.алмаган емим калмады.киналып кеттим.......диагноз екен...
қандай диагноз екен?
+1 дауыс
Оқып көрші. Мүмкін мамандыкі осындай ауру шығар.

Остеохондроз жер бетіндегі тірек-қозғалыс жүйесінің ең көп тараған ауруы болып табылады. Бұл — омыртқаның  ауруы. Яғни, қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек, aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді екен. Осы остеохондроз ауруының асқынған түрі омыртқа арасындағы жарық (грыжа) ауруына алып келіп соқтырады. Омыртқа ауруының түрлері жайлы Шымкент қалалық №5 емхананың балалар невропотолог дәрігері Ақманар Қасымбекқызы МАМЫТБЕКОВА сұхбат берген болатын.

Омыртқа сырқаты неден пайда болады?
Омыртқа — адам денесін тік ұстап тұрған тірегі, ішкі ағзаларды сыртқы әсерлерден қорғап тұрған қалқаны десе де болады. Омыртқа арасында шеміршек пен сіңір болады. Жарақат алғанда, ауыр көтергенде  шеміршек жарылып кетеді де, омыртқа арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Екі аяққа күш түсіп, шыдатпай ауырады. Бұны емдеудің екі жолы бар: біріншісі ота жасау болса, екіншісі мануалды терапия жолымен омыртқаны қолмен жайлап бұрап босатып, қысылып тұрған шеміршекті орнына түсіру. Көбінесе, омыртқадан остеохондроз ауруына ұшырайды.
Остеохондроз — адамның анатомиясына байланысты ауру. Біз тік жүреміз. Сондықтан омыртқамызға көп күш түседі. Мәселен, төрт аяқтап жүретін жануарлар остеохондрозбен ауырмайды. Неге? Өйткені, адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалуы керек. Қазір адамдар көп қозғалмайды. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды, бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмыс жасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауру қылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын  адам ағзасының ең маңызды органы. Жұлыннан қан тамырлары мен жүйке тамырлары шығады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Яғни, ішкі органдардың холестицит, панкреотит, простатит, белсіздік, жүректің, ішектердің, зәр жүру жолының ауруларын асқындырады. Сондықтан, адамның дені сау болуы үшін, омыртқаны үнемі жаттықтыру, остеохондрозды омыртқа жарығына (грыжа дисков) дейін асқындырмау қажет.
Омыртқа арасындағы жарық (грыжа) жайлы бізге Ақманар Қасымбекқызы әңгімелеп берсін.

—    Омыртқа арасындағы жарыққа келетін болсақ, бұл көбіне остеохондроз ауруынан кейін туындайды. Яғни, омыртқалардың арасында қуыс пайда болып, ол іші толған сұйықтық, сырты қапталған бір қуыс құрайды. Остеохондроз ауруы көбіне 20 жастан кейіні, ал жастарда өте сирек кездеседі. Омыртқааралық жарық ұзақ уақыт, күні бойы бір орында отыратын адамдарда көп кездеседі. Яғни, офис қызметкерлерінде, менеджерлерде, банкирлерде, жүргізушілерде. Бір орында 4-5 сағаттай ұзақ уақыт отырмау керек. Адам бір қалыпта ұзақ отырғандықтан, омыртқасы қисаяды, қисайғаннан кейін сол жерде бұлшық еттердің тонусы күшейіп, омыртқааралық дискілердің тамақтану процесі бұзылады. Бұл сұйықтықтардың мөлшері азаюына әкеліп соқтырады. Осы кезеңде тамақтану процесі бұзылғаннан кейін, дискі құрғай бастайды да, біртіндеп мүжіледі, оның соңынан жарық пайда болады.
—    Омыртқа арасындағы жарық (грыжа) көбіне ер адамдарда кездеседі. Ерлер мен әйелдер арасындағы кеселге шалдығу жолдарында айырмашылық бар ма?
— Әйелдерде көбінесе ауыр салмақ, бірден семіргендіктен, семіздіктен, кейде тұқым қуалайтын ауру болып та кездеседі. Аурудың ерлер арасында көп кездесуінің себебі, омыртқа арасындағы ет оларда көп кездеседі. Мұның негізгі себептерінің бірі — жарақат алғаннан кейін пайда болу мүмкіндігі. Мұндай кезде дискілері бұзылады, ығысу орын алады. Сондай-ақ, ауыр салмақты бірден көтеру де омыртқааралық жарықтың пайда болу қаупін тудырады. Бірден семіздікке ұшырау да грыжаға себепші.
Жарақат алған адамдарда бұл жағдай араға 5-6 жыл салып барып кездесуі мүмкін. Өйткені, омыртқа арасындағы дискілердің орын тәртібі бұзылады. Сол жарақат бұл науқасқа ұшырауына әбден себеп болуы ықтимал. Сонымен қатар, омыртқа арасындағы жарық (грыжа) жас балаларда да кездеседі. Бірақ, балаларда көбінесе мойын омыртқасы мен бел омыртқасындағы жарық туғаннан пайда болады. Осындай тума пайда болған омыртқа арасындағы жарықты тек қана ота жасау арқылы емдейді. Ал жарақаттан кейінгі, кейін пайда болатын грыжалар балаларда кездесе бермейді.
— Омыртқа арасындағы жарықты емдеу, оны толық жазу мүмкін бе? Не болмаса емнің қай түрі тиімді?
— Омыртқа арасындағы жарықты Шығыс медицинасында көбінесе ота жасау арқылы емдейді. Бірақ, отасыз емдеуге мүмкіндік болған жағдайда, ота жасатпаған дұрыс. Себебі, ота жасау барысында грыжа алып тасталынады, бірақ, нервтің түйіршіктері қалып қояды. Нерв түйіршіктерінің қалып қоюы міндетті түрде салдану процесіне алып келеді. Егер жарық бел омыртқасында болса, онда төменгі жаққа кері әсерін тигізеді. Мәселен, екі аяғының бірінің қатты ауыруына немесе үлкен дәретін, кіші дәретін ұстай алмау салдарына алып келеді. Омыртқа арасындағы жарық  миллиметр көрсеткішімен өлшенеді. Мұндай сәтте 8 мм-ге дейін жетіп немесе одан да үлкейіп кетсе, міндетті түрде ота жасату керек болады. Негізінде, ота жасамаса болмайтын дәрежеге жетпесе, мануальды терапияға жүгінгені дұрыс. Бірақ, омыртқаның ішінде пайда болған омыртқа арасындағы жарыққа (грыжаға) мануальды терапия көмек бере алмайды.
— Бұл аурудың басты белгілері қандай? Ал қауіптілігі қай деңгейде?
—    Басты белгісі омыртқа арасындағы жарықтың орналасуына байланысты. Егер омыртқа арасындағы жарық кеудеде болса, кеуде тұсының шыдатпай ауырсынуы, екі қолдың ұйып қалуы, үнемі екі қолдың қақсап ауруы, ал бел аймағында болса, аяқтардың ауыруы, біртіндеп аяқ бұлшық еттерінің арықтай бастауы, яғни орналасқан жеріне байланысты ауру туындатады. Ал, қауіптілігіне келетін болсақ, ол мүгедектіктен салдануға дейін алып келеді.
— Мануальды терапия жайлы түсінік беріп өтсеңіз?
— Мануальды терапия дегеніміз, қолмен адам денесіне әсер ету арқылы түрлі ауруларды емдеу және диагностика әдістері мен тәсілдерін қамтиды.
Көптеген дәрігерлер сонау ерте заманнан бері науқасты емдеген кезде, омыртқасына қолмен әсер ету тәсілін қолданып келген. Біздің облысымызда мануальды терапия жақсы дамыған деп айтуға келмейді. Көбінесе ота жасап, бұл дерттің емін табуға асығамыз.
Мануальды терапия көбінесе остеохондроз, грыжаға жетпеген сәттерде өте тиімді болып саналады. Яғни, омыртқа ауруларының бастапқы көрінісінде бұл терапияны пайдаланған жөн.
— Рахмет.
рахмет сизге бул малиметтер озимде бар маган еми керек№ емделу жолы
+1 дауыс
Адам омыртқасының аурулары сан түрлі болады ғой. Мамаңның ауруының дәл диагнозын жазшы. Мүмкін емін біліп қалатын шығармыз.
МРТ признаки остеохондроза  пояснично - крестцового одтела позвоночника . Парамедианная левосторонняя грыжа диска VL3VL-4. Централная грыжа диска VL4-VL5 ..Вторичный стеноз позвоночника канала на уровне дисковVL 3-VL4 ,VL4-VL5
Осы диагнозды койган*сизден жауап кутем
Менің досым дәл осындай диагнозбен (грыжа) ауырған. Суда тұрып тартылып, емделіп шықты. Қызылордада жеке емханада, сосын Алматыда.
+1 дауыс

Менің де омыртқам ауырған грыжа диска. Газеттерге шығып жүрген медолия деген дәрі бар. Ай сайын шығады. Соны қабылдап көрсін. мүмкін шипасы болар. Мен соның 2 курсын пайдаландым. Жақсы болдым. Кейде аздап ауырады.

Бүгінде бел омыртқасынан зақым алған адамдар көп кездеседі. Әсіресе, отырып жұмыс істейтін адамдарға бұл тікелей қатысты. Біз компьютер мен теледидардың алдында, көлік рулінде, жұмыс үстелінде көп отырамыз.

Бел омыртқаның зақымдануынан сақтану үшін, аптасына кем дегенде екі рет физикалық жаттығу жасаған дұрыс. Сондықтан, біз сіздерге пилатес жаттығулар кешенін ұсынамыз. Бұл қатты қиын емес әрі сіздің бел омыртқаңызды сырқаттан сақтайды.

Төмендегі пилатес жаттығулары сіздің арқаңызды кеңге салып. Ауыр жұмыс күнінен соң бел омыртқаға, белге түскен ауыртпалықтарды ұмытуға көмектеседі. Жаттығуды берілген тізім бойынша орындаңыз және жаттығулар арасында 20 секунд демалып алыңыз. Барлық жаттығулар кешенін аптасына 2-3 рет қайталап тұрыңыз.

Негізгі ереже:

1. Шалт қимыл жасамай, жаттығуды асықпай орындаңыз.
2. Тым артық күш жұмсаудың қажеті жоқ
3. Жаттығу кезінде бірден қарқынды көтермей, бәрін ретімен орындаңыз.

Белге арналған жаттығу

1. Белді созу

Бұл жаттығу белді созып, демалдырады.

Орындалу техникасы:

1. Төрт тағандап тұрыңыз, иығыңыз білегіңізбен бір деңгейде, арқаңызды сәл бүгіңіз.
2. Жамбасыңызды сәл артқа тартыңыз, қолыңыз бас жағыңызда қалады.
3. Асықпай бастапқы қалыпқа оралыңыз.

Жаттығуды 10 реттен орындаңыз.

2. Жүзу жаттығуы

Бұл жаттығу бел омыртқа ішіндегі бұлшық еттерді нығайтады.

Орындау техникасы:

1. Төрт тағандап тұрыңыз, иығыңыз білегіңізбен бір деңгейде, бел-жамбас аймағы тіземен бірдей, беліңіз түзу.
2. Демімізді ішке тартамыз да, қайта шығарар кезде қол мен аяқты асықпай еденнен көтеріп, созамыз.
3. Кейін асықпай бастапқы қалыпқа қайта ораламыз
4. Жаттығуды қайталаймыз.

Жаттығуды 10 рет орындаңыз.

3. Жаттығу: Етбетінен жатып, арқаны бүгу

Бұл жаттығудың мақсаты - арқадағы бұлшық еттерді қатайту, әсіресе, бел омыртқаны түзететін бұлшық еттерді шынықтыра түсу. Сонымен қатар, белді жарақаттан сақтау үшін орындалады.

Орындалу техникасы:

1. Етбетіңізден жатыңыз да алақаныңызбен еденді тіреңіз

2. Арқаңыз бүгілетіндей етіп денеңізді көтеріңіз

3. Бастапқы қалыпқа қайта оралыңыз

Жаттығуды 10 рет орындаңыз.

4. Иықпен орындалатын жаттығу

Бұл жаттығу жамбастағы және бел омыртқаны түзететін бұлшық еттерді шынықтырады.

Орындалу техникасы:

1. Шалқаңыздан жатыңыз, қолыңызды басыңызға қойыңыз, аяғыңыз еденде
2. Демімізді ішке тартамыз да, сыртқа шығарар кезде жамбасты жоғары көтереміз
3. Жоғарғы нүктеге жеткенде демімізді ішке тартып, шығарамыз да, асықпай бастапқы қалпымызға ораламыз. .

Жаттығуды 10 рет қайталаңыз

5. Бел омыртқаны жатқан күйіңде айналдыружаттығуы

Бұл жаттығу иық пен арқаның жоғарғы бөлігін жаттықтырып, белді шынықтырады.

Орындалу техникасы:

1. Шалқаңыздан тік жатыңыз да, қолдарыңызды жан жаққа созыңыз. Тізеңіз бүгулі
2. Жауырыныңызды еденнен көтермей, аяғыңызда оңға, кейін солға бұрыңыз

Жаттығуды 20 рет орындаңыз

Еми бармекен тауир болгандар барма
0 дауыс
Менде омырткам ауырады ауа жетпейди бул кандай диагноз береди
0 дауыс
Саламатсыз ба мен бел омыртка аурганна 7 айдан асты ем алып журим бирак әсері жок 4 5 аралгында грежа бар деген аягым тартылып салмак басады коп журсем аягым шатымда аурып жүргізбиды талып калады белим отырсамда жатсамда аурад дене бітім арыктап калды шынымды аитасам жаныма батып жур жазылмагасын бул ауругада бойым уйренып кетти. Кандай пікір айта аласыз
Осылай журе берсен кысылып турган нерв бир куни оледи . сосын вообще сезби журе бересин аягынды даретинде бузылады кейн 2 аякка кошеди тоже самое кайталанады. Маган айткан осы создерди врач саганда комеги тиер
0 дауыс
Салем. Калайсыздар. Менде ауырып журмин.болиским келеди. Еки аягым тартылып калып тунимен уктамай жылап шыгамын.белимди курт жеп жаткандай.кисайып журемин.туалеткеде баралмай калдым. Мрт га туссем грыжа 2жерден деп берди. Хирург срочно операця дейд.мен коркып кеттим жыладым. Баска кандай жолы бар операциядан. Грыжага операц жасамау керек емдеу керек дидиго.жауап кутемин
0 дауыс
Ассалаумагалейкум жасым 16 да белім бүкірейіп қалған онша козғалмайды 20-30градус шамасында ғана иіледі қалай емдеуге болады.
0 дауыс
Саламатсыз ба!!! Ипар компаниясынын продукциясын колданып кориниз.оте жаксы комектеседи. Грыжадан емделген
0 дауыс
Сәлеметсіздерме,менде де дәл осындай диогноз,4-5омыртқамда 5,2 см грыжа бар Калай емделдіздер кандай даригерге кориндиздер айта аласыздарма Алла разы болсын
0 дауыс
Онтустик Кореялык кравать бар. Соган емделсин. Нуга бест салонынан табасыздар. Басында шамалы козгап ауыртады. Бирак сонында
0 дауыс
Грижаны ертерек емдеген дурыс арине. Дегенмен емделу жолын издеу керек. Менде 8мм грижа L4 L5 арасында. Жаттығуды жатып қана орындау керек. Бел булшықеттерин жетилдиру қажет. Етпеттеп жатып аякпен артқа жургендей кимыл жасау. акырындап онга солга бурау. Грижанын бирден бир еми гимнастика жаттыгулар.
0 дауыс

"Остеохондроз асқынып кетсе, адам мүгедек болуып қалуы мүмкін. Сол себепті оны уақытылы анықтап, нерв талшықтарының қажалуын тоқтату керек",- дейді невропотолог дәрігер.

Остеохондроз қандай ауру? Одан қалай емделу керек? Бұл туралы №5 қалалық клиникалық аурухананың невролог дәрігері Асанова Маржан Шеризатқызы сұхбатында айтты. Толық ақпарат мына жерде

0 дауыс
Дегенеративные изменения пояснично - крестцвого oтдела позвоночника по типу остеохондроза .Циркулярная протрузия диска на уровне L4 - L5 и L5 - S1 позвонков Грыжи Шморля тел TH 11 , TH 12 , LI L2 позвонков .
0 дауыс
менің мамада грижа болган бірақ өзбекстанда емдейді 87028954252 хабарласыңыз түсіндіреді
...