0 дауыс
6.3k көрілді
Жарамазан немесе Жарапазан сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Абай.KZ сайтындағы мәліметте Жарапазан сөзін былай түсіндіреді:

Жарапазан - маусымдық-күнтізбелік ғұрып фольклорына жататын көп таралған байырғы жанр. Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарапазан - рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады», - деп жазады.

Рамазан сөзімен мағыналас болған екен сонда. Толығырақ сілтеме!

Интернетте парсы тіліненде аударғандағы нұсқасы бар екен:

Жарапазан сөзінің түп-төркінін парсының «шахарзабан» сөзінде дейтін де пікірлер бар. Ол парсы тілінде шаһар кезуші, күлдіргі ақын деген мағынаны.

                                                                    Ақпарат "alashainasy.kz" сайтынан алынған.

 

0 дауыс

Жарапазан – қазақ даласына ислам дінінің келуімен пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі. Оны еліміздің кейбір өңірлерінде “Жарамазан” деп те атайды. Арабтың “Жә Рамазан” деген сөзінен шыққан тіркестің мағынасы “Рамазан келді” дегенді білдіреді. Балалар мен жасөспірімдер оны Рамазан айының алғашқы үш күнінде, ортаңғы үш күнінде және соңғы үш күнінде ауызашар уақыты кіргенде үй-үйді аралап айтады.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

...