+5 дауыс

Ол жерге мен сайттағы пайдалы және сұрақтың тақырыбы бас әріптен басталып, қатесіз сауатты жазылған, және  сайттың сұрақтың негізгі бөлігі жазылатын жеріне сұрақ туралы жалпы түсінік, толық ақпаратты дұрыс толтырған,  ілмек яғни тегтерді тура жазған қолданушылардың сұрақтарын қойып отырамын. Егер сұрағым сол жерге шығып тұрсын десеңіз дұрыс сұрақ қойып үйренейік. Дұрыс және пайдалы сұрақтарды мен өзім таңдап шығарып отырамын.  Осы жерден қарап сұрақты дұрыс жазуды үйренейік.

10.07.2013 551 қаралым
Пайдасы болар деген үміттемін!

1 жауап

+1 дауыс
Мұндай жақсы сауатты сұрақтарда , сауатсыз сұрақтарда сайтта жетіп артылады. Кеше кейбір сұрақтарды оқып рахаттанып күлгенім бар. http://kazbash.kz/ пен http://kizik.kz/ -ті оқығанда олай күлмегенмін. Мысалға кеше бір сұрақтың ілмегінде СУ-ЛИ-ФА деп тұр екен. Қайта редакторлар өңдеді. Сонда сол сұраққа тег жазғанда қалай ойланады? Негізі осы сұрақты оқып ойланады.
10.07.2013
127,963Сұрақ
322,898Жауап
153,169Пікір
73,027Қолданушы