+1 дауыс
16.3k көрілді
Егерде бұралқы иттер денені жарақаттағанда қалай емдеуге болады,алғашқы көмектер қандай?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ит тiстеген жерді перекиспен тазалап сосын йод жағып, одан кейін бинт пен таңып қою керек, бинт жабысып қалмас үшін жараға арналған мазь жағу керек. Бұл алғашқы көмек, және міндетті түрде емханаға барып тектеріліп қажетті екпелерді алу керек, итті тексерту керек мүмкін құтырма мен ауыруы мүмкін.
+1 дауыс

Былтыр қарындасымды көршінің иті қауып алғаны есімде. Ол жәй ғана жарақаттаған (царапина) болатын. Тіпті қан да аз мөлшерде ағып, сол мезетте тыйылған. Мен дереу қарындасымның жарақаттанған аяғын кір сабынмен жуып, көлігіме отырғызып емханаға апардым. Ол жердегілерге кір сабынмен жуғаннан өзге ешқандай алғашқы дәрігер алды көмек көрсетпедім дегенімде, дәрігер маған: "Кір сабынымен жуғаның үлкен іс бітіргенің " деп, арқамнан қаққаны есімде.

Ескертпе, бұл жәй ғана жарақат алған кездегі оқиға.

+1 дауыс
Ит қапқан жағдайда емханадан шалғай жерде болсаңыз мүмкіндігінше қолдан келген көмегіңізді істеп, ертерек дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Ит слекейінен құтырма,сіреспе ауруларының жұғу қауіпі зор, сондықтан дәрігерлер сіреспеге (против столбняка) қарсы ине салады, ол міндетті.
0 дауыс
Перекиспен жуып и кир сабынмен жуу керек йод жакпау керек и даригерге барп кунделикти перевяскы ларына барып туру керек и уколдарын алп
...