+1 дауыс
1.2k көрілді

http://massaget.kz/blog/6774

Өмірім жайлы сыр шертпекпін... Мүмкін біреулерге бұл қызықсыз шығар. Бұл сайтқа тіркелген аға-әпкелерім, замандастарым ақылын айтар деген ниетпен алғашқы жазбамды жазбақпын. Мен компьютерде ұзақ отырмаймын. Айына көп дегенде 5-6 рет кіретін шығармын. Менен сіздерге жауап болмаса ренжімессіздер. Сонымен әңгімеге көшейік...

Қарапайым ауыл қызымын. Кеше ғана қолыма орта білімім туралы аттестат пен "Алтын Белгімді" алдым. Ата-анам қарапайым еңбек адамдары. Ағам, әпкем бар. Астана қаласына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне оқуға түспекпін... Бар мәселе, менің осы Астанаға оқуға кететінімде болып тұр. Өзім Атырауданмын. Достасып жүрген жігітім бар. Өзімнен 4 жас үлкен, бірге жүргенімізге 1 жыл 8 ай болды. Оны қатты жақсы көремін. Оның да мені жақсы көретініне көзім жетеді. Ол отбасында баланың үлкені. Артынан ерген қарындасы мен інісі бар. Отбасылық жағдайына байланысты кәсіптік лицейді ғана бітірді. Колледж немесе университетте оқымақ түгілі маңынан жүргісі келмейді. Менің айтпағым осы жігіт жайлы. Анасы өздігінен жүре алмайды. Төсекте жатады. Қарындасы мен інісі оқуда. Әкесі тамақ пісіріп, кірін жуады. Маған: Мектеп бітірген соң тұрмысқа шық. Ата-анамның осы қиналғандары да жетер, қолдарын жылы суға малып отырғызғым келеді,-дейді. Ал менің оқығым келеді. Ата-анамның үмітін ақтағым келеді. Оқу туралы әңгіме бастасам болды, ұрса жөнеледі. Өзі тым қызғаншақ (Мен де одан қалыспаймын негізі). Мені сүйсең маған күйеуге шығасың дейді. Ал менің не істеуім керек? Үйіне барып, ешқандай оқу оқымай, "Алтын Белгімді" мойныма тағып алып, ата-анасына шай құйып жүруім керек пе? Ақылдарыңызды айтыңыздаршы?

ӨЗ ойларыңызды айтыңыздар.

кыз мұраты кету жол мұраты жету
Я, жауап берген кiсiлерге косыламын! Бирак сени тусинемин оны кимайсын,бауыр басып калгансын,жаксы коресин. 1 жылдан асса аз мерзим емес! Дегенмен де,ойлан, ата-ананды ойла,болашагынды ойла. Казир сен сол жигитине уйленип окымай койсан сенин окинбейтинине ким кепил) Оны озин де жаксы билип откан шыгарсын! Шынымен де уйленуге али ерте емес пе?! Сондыктан да, айтарым жаксылап ойлан. Алдында али талай жигит кездесер. Жигитинди таста демеймин де ... Ол уйдин тирлиги саган карап турмаган шыгар а?? Суйетин  болса кутсин ! Кайта оны окып алуына кондир, озине де кайта окып ал деу керек кой . Сол себепти де , жаксылап ойлан, баскалардын да айтканын ой елегинен откиз!
Сиздерден кеширим отинем,мен казир уялы телефонмен откан едим казакша шрифт жок еди... Ренжимениздер!!!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине, оқуын аяқтап алғаны жөн емес пе? Жігітті де аяйсың негізі. Алайда, өзін өсірген ата-анасы бар екенін де ұмытпасын! Болмаса,  Атырауда оқып, жігіттің анасына қарайласып тұрсын. Далада оқығаннан, өз қаласында оқып өзіне де, жігіттің үй-ішіне де пайдасын жаратып тұрса болады ғой. Алайда, дәл қазір оған тұрмыс құрып қажет емес...

деп ойлаймын...
+1 дауыс
Негізі өте қиын таңдау екен! Меніңше жігітті тастау керек! Ақыры "Алтын Белгі" иегері болса оқысын! Жастығынын қызығын көрсін. Өз-өзін асырай алатын жағдайға жетсін. Сосын барып өзінің теңіне үйленсін. 4 жас үлкен жігітке үйленіп, шай құйып, шұлық жуғанша 5-6 жыл оқып алсын. "Келін" деген сериал есіме түсіп кеткені...
+1 дауыс
Өзіңнің болашағыңды ойла деп кеңес берер едім. Үйленуге кез келген уақытта үлгіресің. Ал білім мен мамандық алуға уақытың тығыз.
0 дауыс
Ол жігіт сендерді асырай алады ма?

Әрине мүгедек адамдарға көмек берген сауапты іс!

Бірақ ол адамды қаржы жинап,шет елдерде емдетсе жақсы болар еді!

Қазір оқуыңды оқып ал, бұл заманда білімнің қажеті мол!
...