Атауыз - ағаш шеберінің бұйымды қысып қойып, жонуға, сүргілеуге, кесуге арналған көмекші құралы, қысқы.(плоскогубцы)
Құлтемір - антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы.(робот)
Бағбан - бау-бақша күтуші, баптаушы адам.(садовник)
Айыз – айызы қанды: риза болды, сүйсiндi; құмардан шықты.(чувство полного удовлетворения)
Мұрап – егістіктегі суды басқаратын адам.(мираб)
Кеңшар - кеңес шаруашылығы.
шиіт – мақтаның дәні.(семена хлопка)
Бессайыс - спорттық жарыстың бір түрі. Оның бағдарламасына спорттың бірнеше түрлері енеді: атпен кедергілерден өту (конкур), семсерлесу, пистолетпен ату (25 метрден), еркін жүзу (300 м), жеңіл атлетикалық кросс (4000 м).(пятиборье)
Ауқат – 1.Жағдай,тұрмыс-жай,дәулет. 2.тамақ.(зажиточность, пища)
Қарық – 1.суландыру жүйесіндегі жасанды арна.2.молшылық.(арык, обилие)
Сонар - Қалың қар жауып ашылғаннан кейiнгi аңға шығуға қолайлы тынық күн, із түспеген қар беті.(пороша)
Жүйек - көкөніс дақылдарын өсіру үшін арнайы қолдан жасалған топырақ жоталары.( гряда)
Шығыр - Егiстiкке су шығару үшiн жасалған, су жүретiн науасы бар қарапайым құрал.( чигирь)
Көсек - Мақта қозапаясының өнiм беретiн түйнегi, ұлпа болып ашылатын қауашақ.( коробочка хлопка)
Аллитерация - Бiр ойды, сөздi баса айту мақсатымен белгiлi бiр дауыссыз дыбысты қайталау.(aллитерация)
Олақ - Iске икемi жоқ, ебедейсiз, епсiз.(неуклюжий)
Кейуана – 1.Жалғыз өркештi көп боталаған ұрғашы түйе тұқымының кәрiсi..2.Жасы ұлғайған кәрi ана, кемпiр.( почтенная старая женщина)
Салдыр - Заттардың бiр-бiрiне соқтығысуынан болатын дыбыс, қаңғыр-күңгiр.( грохот)