+1 дауыс
571 көрілді
Қазақ тілінде "жоғарылатайық" деген сөз бар. Менің қояйын деп отырған сұрағым осы төңіректе болмақ. Бұл сөз қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде "жоғарылатайық" деп жазылады. Тұлғасына қарасақ ойын сөзіне ұқсас. Ойын сөзіне -айық жалғауын жалғағанда "ойнайық" деп жазылады. Яғни "ы" дыбысы түсіп жазылады. Ал, неге "жоғарылатайық " сөзіндегі "ы" дыбысы түспейді? Талдап, жауап жазып жіберсеңіздер екен.

1 жауап

+1 дауыс
Менің ойымша егер жоғарылатайық деген сөзден ы әріпін алып тастасақ жоғарлатайық деп сөз түсініксіз болып қалады, сіз оны түсінгеніңізбенде сөз қате жазылып тұрады, қазақ тілінде жоғар деген сөз жоқ, егер бар болса ы әріпі жазылмас еді. Ал енді ойнайық сөзіне келсек қазақ тілінде ойна деген сөз бар, сондықтан оған ы әріпін қоспай жазсада түсінікті, ал егер ы әріпін қосып ойынайық деп жазсақ ы әріпі артық болып қалады. Ойымды толық жеткізе алдым деп ойлаймын.
Дұрыс айтасың. Ойын сөзін емес  , ойна сөзін алу керек. Жалғауды жасауда қателік болыпты. Ойын - айық емес Ойнай-ық дұрыс.
Дұрыс ой!
Ойна сөзінің түбірі ойын ғой. Ойын сөзіне -а деген етістік тудырушы жұрнағы жалғанғанда "ы" дыбысы түсіп қалып тұр. Ал неге жоғары сөзіне -ла деген етістік тудырушы жұрнақ жалғанғанда "ы" дыбысы сақталып тұр? Екеуінің жасалу жолы бір ережеге бағынған ғой. Бұл жерде ережеге қайшы келіп тұрған жоқ па?
ереже қайда?
Екеуінің жасалу жолы екі бөлекқой! Жоғары-ла  және Ойын - а ! Ойна - йық ! Көрдіңбе екі рет өзгеріп тұрғой!
Екеуінің жасалуы бір. Есім сөзден етістік жасалып тұр."Жоғарылатайық", "ойнайық"
...