+12 дауыс
555 көрілді

Құрметті модераторлар, өз өкілеттілігімізді пайдаланып құлыптаған қолданушыларымызды қайта шешуді ұмытып кетіп жүрген жоқпыз ба? Құлыптанғандар тізімін қарасам алды бір жылдан аса тұрғандар бар сияқты. Негізі Бан жазасын беруде өте сақ болайық, шамамыз келгенше 2-3 күннен артық жазаламауға тырысайық та, уақытын жазаланушыға жекемен хабарлап отыуды жолға қояйық, әрі сол кесімді уақытта босатуды ұмытпайық. Ұмытылып,шешілмеген жаза алушы басқа аккаунт ашуға мәжбүр болады дағы,бұрынғы ұпайларын, қолданушылар арасындағы байланысын үзіп алады, ол жақсы емес әрине. Біздің мақсат қолданушыларды қуғындау емес,сайт тазалығын бақылау, түсінбегендерге шамамыз келгенше түсіндіру екенін ұмытпайық. Құрметті мамандар біріңіз банға қойған қолданушыны ескертусіз екінші біреуіңіз шеше салу,болмаса бір модератор жапқан сұрақты екінші біреуіңіз жапқан маманның келісімінсіз аша салу деген мүмкіншілігіңізді асыра пайдалану әрі мәдениетсіздік болады.Ол мүмкіншілік тек Админде болғаны дұрыс болар деймін. Сөз соңында құлыпқа қойған қолданушыларыңызды тағы бір рет қарап шығуларыңызды және жұмыстарыңызға адал болуларыңызды тілеймін.

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Модератор болғаныма бір жылдай болса да қолданушыны құлыптап қою құқығымды осы уақытқа дейін қолданып көрмеппін. Тек ескерту берумен ғана шектелем
+3 дауыс
Ойыңыз құптарлық екен! Құрметті мамандар біріңіз банға қойған қолданушыны ескертусіз екінші біреуіңіз шеше салу---дегеніңізді түсінбей ақ қойдым. Мен маманмын. Бірақ қолданушыларға ескерту бергеннен басқа құзіретімде ешнәрсе жоқ! Қалай бан беремін сонда ? Артық кетсем айып етпеңіз! Админнен мамандардың құзіретін сәл ғана көтеруін сұраймын осы жауабым арқылы.
Елжан, маманның мүмкіншіліктерінің ішінде Қалаған жауапты өңдеу мүмкіншілігі бар емес пе,оған не кедергі?
Ол мүмкіншілік бар болғанымен де неге екенін білмедім, жауаптарды өңдей алмаймыз :(
Елжан кері байланыс арқылы Админге шығып,осы келеңсіздік туралы хабарласуыңа болады.
https://surak.baribar.kz/219091/
Белгісіз
Маман болдым! Енді басқа қолданушылардың жауаптарын өңдей алатын болдым деп қуанып едім, қуанышым ұзаққа содылмады, Маман дәрежесіндегі қолданушылар мен Қарапайым қолданушылардың еш айырмашылығы жоқ екен.
jako маған көмектесші
Белгісіз
Не жөнінен?
+3 дауыс
Мен Наглый Қазақпын. Мен шындықты бүкпей айтамын, енді кейде қызбалыққа салынып, қатты кетіп қалатын жайым бар. Кешірім сұраймын, айып етпеңдер! Мен БАН нан шығамынба?
Шығасың,шығасың, сен шықпағанда кім шығады, кім құлыптады екен?
+10 дауыс
Айдархан мен наглый қазақты баннан шығарыңдар. Олар белсенді қолданушылар
/voteban жазған ба сонда?
Мен Айдарханмын. / Temirlan2002 Рахмет саған мені белсенді қолданушы қатарына жатқызғанына. Бірақ өкінішке орай Админ мені ешқашан шығармаймын деген. Сенің керегін жоқ деп.......
+1 дауыс
Банға салсам, тек ұятсыз, боқауыз сөздер жазып кететін қолданушыларды ғана , оның үстіне ескертіп құлыптаймын.
Өте дұрыс екен!
+1 дауыс
оооооооо мені шығарғанғой! Рахмет сіздерге достарым!
Сені мен босаттым, Админнен өзім кешірім сұрармын, енді тәртіп бұзба.
Жарайды...............
...