+1 дауыс
6.0k көрілді
Адам неге түнде сөйлейді?
Ұйқы сұрағаннан шығар!
Белгісіз

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ғалымдардың айтуынша, ұйықтап жатып сөйлеу – зиянсыз құбылыс екен. Бірақ бұл құбылыстың неге және неден пайда болатыны жайында анық айту қиынырақ. Түні бойы көзіңіз жұмулы болып, ұйқыда болсаңыз да аузыңыз тынбай сөйлей берсе, ертесіне шаршаңқы күйде жүресіз. Бірақ, ол үшін қам жемеңіз. Сонымен, біз қайда және неге ұйқыда жатып сөйлейміз? Ұйқыдағы сөйлеу екі түрлі кезеңде іске асады: бірінші кезеңде - егер біз көріп жатқан түс жылдам жүріп, ойлар ағыны басталса, оны ояту қиынырақ; ал екінші кезеңінде ұйықтап жатып сөйлеген жанды тез оятып алуға болады.Негізі қатты жылдамдықта түс көріп жатқан адамды ояту қиынболады. Ондай ұйқыдан соң ол не жайында айтқанын есте сақтап қалуы да екіталай. Біз кейде түсімізде болып жатқан оқиға «желісі» бойынша сөз қозғауымыз мүмкін. Бірақ түс көріп жатқан адам көп жағдайда түсінде көріп жатқан жайтқа байланыссыз әңгіме айтады. Ұйықтар алдында ішімдік ішкен адам ұйықтап жатқандақарқынды түрде «әңгіме» айтады.Жоғары температура, эмоциялық есеңгіреу, бірден бірнеше дәріні қолдану ұйықтап жатып сөйлеуге алып келеді.Сонымен қатар, бұл әдет ұрпақтан-ұрпаққа да берілетінін біліп жүргейсіз! Ұйықтап жатып сөйлеу нені білдіреді? Сарапшылардың айтуынша, жаныңызда ұйқыда жатқан серігіңіздің не туралы сөйлегенін тыңдап алып, бірдентүс жорығандай, қорытынды шығара салмау керек. Ұйқы кезінде айтылған «әңгімені» талқылаудың да керегі жоқ. Серігіңіздің айтып жатқан сөздері сіздің өміріңізге ешқандай да қатысы жоқ. Ұйқыда жатқан жанның сөздері шындықпен үнемі байланыса бермейді. Көптеген ата-аналардың білетініндей, көбіне көзі ұйқыға кеткен кішкентай балалар аузы талғанша сөйлеп шығады. Олардың жасындағы бұл құбылыс кішкентайлардың миының қарқынды жұмыс жасап, жетіліп келе жатқандығынан хабар береді. Балалар арасында мынадай қате пікір бар:«Түсінде сөйлеп жатқан адамның дәл сол сәттеқолын ұстап, бар шындығын сұрасаң, ағынан жарыла айтып береді». Жоқ, бұл қате пікір.Мұндай қылық жасаудан аулақ болғайсыз. Ондай кезде адамды оятуда да абай болыңыз. Дамылсыз сөйлеп жатқан адам түсінде қатты қианалып жатуы да мүмкін. Бет алды оятып алам деп серігіңіздің денсаулығына залал тигізіп қоймаңыз! Ақпарат http://massaget.kz сайтынан алынды.
0 дауыс
бізде жатаханада бір намаз оқитын жігіт бар еді, намазына берік, ерте жатып, ерте тұратын ырысы артық жігіт, бір күні ерте жатып калды, мен енді ұйқыга кірісейін деп жатсам, ол жігіт, парыз намазынын алдында айтылатын Қаматты басынан аягына дейін айтып шықты..) өзі сөйлегенде шаршамай сойлейтін ед
0 дауыс
Себебі ол күні шаршамаған.

..
...