+3 дауыс
15.4k көрілді

Қазақтарда сөз қалмаған шығар сірә! "Бөлінгенді бөрі жейді" деп атам қазақ тектен тек емес, аса даналықпен айтыпты!

қарақалпақ

Қазақ тарихы туралы интте көп іздендмін, бір қазақ қандасым қарақалпақ туралы былай депті : "Қарақалпақтың ең көне қаласының бiрi – Шымбай. 1995 жылы қарақалпақты ң танымал ғалым-тарихшысы, академик Сабыр Камалов қызық бiр жайтты айтып бердi. Ол кiсi ғылым Академиясын басқарып, өз ұлтына ерекше еңбек сiңiрген айтулытұлға. Үйiндегi Гүлайым жең¬гемiз болса, қарақалпақты ң танымал жазушысы. Сабыр ағаны Әлкей Марғұлан туған iнiсiндей жақсы көрiп, ерекше сыйласқан. Әлкей аға Нөкiске келсе, қонақ үйге емес, Сабыр ағаның шаңырағына түсетiн. Аса зиялы, қазаққа бүйрегi бұрып тұратын жақсы адамдар. ...

1972 жылы Ғылым Академиясының президентi Сабыр ағаны сол кездегi Қарақалпақ обкомының бiрiншi хатшысы Каллыбек Камалұлы шақырып, шаруасын айтады: – Шымбай – қарақалпақты ң ежелгi қаласы. Бiз сол қаланың 300 жылдығын кең көлемде атап өткелi отырмыз. Негiзгi баяндама сiзден. Шеттен көп қонақ шақырамыз. Қарақалпақты ң автономиялы республика ғана емес, бай тарихы бар iргелi ел екенiн жұртқа танытайық, – дептi. Сабыр аға да мақұлдайтынын бiлдiрiптi. Әдебиетшi, тарихшы ғалымдарға жұмыс артамыз. Бiрақ, негiзгi мәселе бар. Соның басын ашыпалайық дептi сол арада. – Ол қандай мәселе? – Шымбай – қарақалпақты ң емес, қазақтың қаласы. XVII ғасырда Арал теңiзiнен Нұратаға дейiнгi аралықты Ақша хан билеген. Ол – Әлiм руының төртқара тайпасынан шыққан. Әкесi –Ораз Әмiр Темiрдiң бiрiншi кеңесшiсi болған. Ақша хан – әйгiлi Жалаңтөстiң үлкен ағасы.

Жалаңтөс – тоқалдан, Ақша хан бәйбiшеден туған. Әмiр Те¬мiрдiң қасында басқада қазақ¬тың көп руларынан билерi болды. Обкомның бiрiншi хатшысы не iстерiн бiлмей бiраз уақыт үнсiз қалды. – Қазақ дегендi өшiресiң де, қарақалпақтi кi деп айтасың. – Жоқ, болмайды. Мен тарихшымын. Өтiрiк айтуға қақым жоқ. Халық бар, жұрт бiледi. Мынау отырған жерiмiздiң өзi қазақтың жерi ғой. Бiз негiзi Түркiстан жақтан ауғанбыз, ата-бабамыз 1731 жылдан кейiн жоңғар шап¬қыншылығынан қашып, Сыр бойынан осында көшкен. Негiзiнен бiз Сыр бойында отырған қарақалпақта рмыз. Арыға кетсек, тiптi қазақтың бiр руы болып шыға келемiз, Қаллыбек Камалұлы, – дептi.

– Күнi бүгiнге дейiн халық атын алған да жоқпыз. Бердақ жырында: Патша патша болғалы, Патша әдiл болған емес. Қарақалпақ қарақалпақ болғалы, Халық атағын алған емес, – деген жолдар бар емес пе?! Солай. Қазақтың қол астында келген қазақтың бiр руы едiк. Бөлiнiп көшкеннен кейiн де халық атын алуғажете қойғанымыз жоқ. Қайта Кеңес өкiметi автономия берiп, өз алдына халық етiп шығарды. Мен коммунист болғанмен, Құдайдан қорқамын, – дептi. Шымбай қаласының бастап¬қы аты – Шынбай. Ораздың 9 баласының бiреуiнен тараған" енді ол қазақтар бізден бөлініп қазақ тарихын қарақалпаққа бұрмалап не тапты?

Бөлінгенді бөрі талайды деген осы, өзбектің жемтігіне айналып кетпедіме? Сосын тағы бір аңыз : "АЛАШ - Алаштың екі ұлы болған, бірі "қазақ", екіншісі "созақ". Созақтар ешкіммен араласпай басына "қара қалпақ" киіп жүргендіктен қазақтар созақ демей, қарақалпақ" депті міс. Және біреуі "Күллі Алаш жұрты бір мерекеде жиналса керек, бір кісі келіп басындағы қалпағын шешпей отырыпты, содан ас қайыратын кезде атын білмей "әй қара қалпақты" деп шақырса керек" деген аңыздар естідім. Рулары Мүйтін (біздің Үйсінге ұқсайды екен аты),

Қоңырат, Найман т.б. Рулары бар екен, тілдері, салты біздікіндей екен. Ал сізде қандай аңыздар, мағлұматтар бар, қазаққа байланысты?

Жалпы қарақалпақ халқын туыс көресізбе жоқ өгей, гастарбайтерлер елі ретіндеме?

мынауың ашы шындық! "Бөлінгенді бөрі жейді" дегендей Қарақалпақтар Өзбектің азуына түскен қой секілді болды.
Қарақалпақтар Ақтабан шұбырынды кезінде қазақтарды келіңдер дегенсіп, қырып, құлға айналдырғанын естідім. Рас па?
Ондай нақты тарихи мәлімет жоқ. Бірақ Ақтабан шұбырынды кезінде қарақалпақтарда әр жерге ауып көшіп жүрген.Олардың тарихында Хиуа хандығы мен түрікпендерден көп жапа шеккендігі туралы айтылады.
барине жонгарлармен сталин кинали
ермек каракалпактар актабан шубырында казактарга мал-уй берип комектескен оны кызылорданын тургыны атамыздын оз аузыннан естидим каракалпактарга омир боиы карызбын деп ангимесен битирген

30 жауап

+1 дауыс
Менің ойымша олар қазақ емес текқана олардың тілдері қазақ тіліне өте өте қатты ұқсайды.
каркалпактар казактар дегенге негиз бар ойткени каракалпакта толе бидин ауылы деген ру бар толе би казактын биы найман кыпшак торе конырат нокис кият канлы мангыт деген рулар бар каракалпакта казактарда бар буган не дейсиздер
+2 дауыс
бұл нағыз тарихи шындық.Себебі қарақалпақтың өздерінен сұрап көрсең,арғы ата-бабалары қайдан келген,шығу тарихы туралы нақты бір мәлімет айта алмайды.
Мүмкін, тарихты бұрмалап не ұтты дешиш?! Өз алдына ұлт болғылары келді қа3ақтан бөлініп! Енді соның жазасын көріп жүр, халқында жұмыс жоқ, ақша жоқ...
Ассалаумағалайкум бауырым АллаТағала ісіне араласпа
0 дауыс

Мен әкемнен мынандай бір аңыз естіген едім. Есімде қалғаны бойынша сөздің әлқиссасын бастайын.

Қарақалпақтар негізінен оңтүстік өңірді мекендеген Ұлы жүздің ру-тайпасы болса керек. Бірде олар Қожа Ахмет Яссауидің алтын асатаяғын(нақты не екені есімде жоқ) ұрлаған екен. Оны біліп қойған ел-жұрт даламыздан қуып шыққан екен. Сөйтіп олар сандалып қалған олар қазіргі тұрып жатқан мекеніне тап болыпты. Бастарына қара қалпақ киіп жүрген деседі. Айналасында қоныс тепкен халықтардан айыру үшін оларды қарақалпақ деп атаған екен.

Хехе...керемет аңыз екен...))))
Белгісіз
Марат аңызың жақсы екен. Алайда Ұлы Жүз қазақтары екеніне сенімдісіңбе?
Аңызың шындыққа жанасуы үшін саған сұрақ, ал қазіргі Қазақстанда жүоген ұлы жүздер кімдер?
Оларда ру деген бар ма өзі соны білу керек.
Белгісіз
Мараттың айтқан аңызы шындыққа келеді.Себебі қарақалпақтарда да қоңырат,қытай ж.т.б қазақтың руларындай рулар бар.
Достар мен каракарпакпын рууым канлы. Естиуимше казактардада канлы рууы бар екен улы жузде.
0 дауыс
Қарақалпақ  - ол автономиялық республика. Ол жердегі халықтар қазақтар. Ертедегі жаугершілік заманда қазақтардың біразы әр жерге көшіп кеткен. Солардың бірі Өзбекстан жеріндегі Қарақалпақ Автономиялық Республикасындағы қазақтар.
Сонда қарақалпақтар қазатма? Әлде Қарақалпақстанда тұратын этносы қазақ қандастарымызды айтасыңба?
+2 дауыс
Қарақалпақтар қазақ емес олар халық, қазаққа өте ұқсас, қарақалпақстанда ежелден тұратын қазақтарда бар кіші жүздің қазақтары Әлім, табын, адай, жеті ру, ол жердегі қазақпен қарақалпақ қыз алаысып қыз берісіп араласып кеткен, қазақша мектептер көп, қарақалпақтар жақсы халық, көшеде кетіп бара жатсаңыз нан пісіріп жатқанын көрсеңіз нан жеп кетіңіз деп шақырады, түн де қайта алмай қалсаңыз құдайы қонақ болып қалып кетесіз бірақ қазіргі уақытта олардың тіліне өзбек тілі көп араласып бара жатыр, өзбектер қатты қысып жатыр қарақалпақтар ұлт ретінде жоғалаып кету қәупі бар!
0 дауыс
Қарақалпақтар қазіргі өзбектен гөрі, қазаққа жақындығы басым халық.
+2 дауыс
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш — есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден Өзбек, Сыбиян. «Өзбек аз ағам, сарт садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан Айырқалпақтан Қазақ, Созақ. Созақтан Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс.

Мына шежіреге сенсек Қарақалпақтар ешқандай жүзге кірмейді. Үш жүзде Қазақтың бел балалары Ақарыс,Жанарыс, Бекарыстан тарайды. Ал Қарақалпақ бұл жерде қазаққа бауырлас болып келетін сияқты.
тарихшылардан сурау керек шындыкты каркалпакта толе би дин ауылы деген ру бар, толе би казактын биы онын ауылынын адамдары неге караклпактын руы аталган
+2 дауыс
Салам алейкум мен Қарақалпақпан. Бизлерде сизлер сыяклы адамлармыз. Бизлерди пәске урмаңлар. Тилимиз бир, динимиз бир. Қазақ Қарақаллпақ оралман халық. Уйинде отырып бизлерди жаманлағаншы кел Қарақалпаққа. Бизлер миймандос халықпыз.
Қарақалпақтарда бар ру орта жүз қазақтардада бар. Найман, қонырат қыпшак қаңлы оған қалай қарайсыз
+1 дауыс
Қазақтарға да, өзбектерге де келед, ажырату қиын.
озбекке уйгырлар келеди десеш каракалпактар казактарга келеди каракалпактын адеби тилин окысан казакшага 90 пайзга уксас оны мен окыгам
–1 дауыс
Қарақалпақтардың сөздері  Ноғайларға ұқсайды екен . Бірақ олар еш уақытта қазақтың руына кірмейді. Жоғарыда біреу ұлы жүзге жабыстырып қойыпты, ол мүлдем дұрыс емес, Егер олар ұлы жүз болса айдалада қаңғып неғып жүр.Олар сол қызылордалықтарға ұқсайды, әсіресе қызылордалықтар терме айтқан кезде тура қарақалпақ даже түркімендерге ұқсап кетеді ғой, тілдерін түсінбейміз.
ногай деген улт барма казир каида олар
0 дауыс
Қарақалпақтар Қазақстан тарихында олай жазылмаған. Егер Қазақ болса өзбекстанға емес,Қазақстанға автономия болар еді ғой ең болмағанда. Сосын олардың әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі, тілдері, тіл диалектикасы, мінездері, түрлері кіші жүздерге ұқсайды, бәрі арал теңізін жағалап тұрып жақын арласы бар сияқты. Рулары көбінесе кіші жүз әлім,ақұдай, қызылордалықтардан ажырату қиын, бәрі сол арал жақтан ғой.
0 дауыс
Бір білетінім оралман қазақтарымыздың көбісі Қарақалпақстаннан көшіп келіп жатыр!
0 дауыс
Қазақ емес

сөзін айтсай олардың біртүрлі
0 дауыс
Қарақалпақтар (қарақ. Qaraqalpaqlar, қарақалпақлар) — түркі тілдес халық. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Республикасын мекендейді. БұрынғыКеңестер Одағындағы 424 мың қарақалпақтардың 94%-ы өз тілін ана тілім деп таныған (1989). Қарақалпақтардың антропологиялық типі орта-азиялық көне еуропалық нәсіл мен кейінірек келген моңғол тектес нәсілдің араласуы нәтижесінде пайда болған. Зерттеушілердің пікірінше, қарақалпақтардың арғы тегі біздің жыл санауымызға дейін-ақ Арыс жағалауынан бастап Жайық өзенінің аралығын, Солтүстік Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. Профессор Н.А. Баскаковтың атап өткеніндей, Үлкен Ноғай ордасынан 15-16 ғасырларда қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. 1723 ж. Жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылынан «ақтабан шұбырындыға...» ұшыраған қазақтармен бірге қарақалпақтар да Орта Азияның ішкі аудандарына, Ресей шекарасына ауа көшті, Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмақтарды Жайық пен Жембойынан ығыстырды. Қарақалпақтар ерте кезден жартылай көшпелі халық болған. Мал шаруашылығымен, балық аулаумен қатар көне дәуірден-ақ суармалы егіншілікпен шұғылданып келді. Бидай, арпа, күріш, тары екті, жүзім өсірді, әр отбасының бау-бақшасы болды. КСРО тұсында Өзбекстандаауланатын балықтың 90%-ын қарақалпақтар беріп келген. Алайда Арал апатына байланысты балық аулау кәсібі үлкен күйзеліске ұшырады. Балық – қарақалпақтардың сүйікті асы болып келген. Балықты көбінесе, қуырып жейді. Сондай-ақ, араластырып даярлайтын тағам түріне қарма, уылдырық нан, қақпаш (кептірілген балық) жатады. Қарақалпақтардың күнделікті қорегінде сүт тағамы, қауын мен асқабақ көбірек. Қол өнері дамыған. Қарақалпақтардың ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Ұлттық мейрам мен ойындарға құрбан айт, ораза айт, наурыз мерекесі, сүндет той, бәйге (ат жарысы), ылақ (көкпар) күрес (палуан жарысы), дәруаз жатады. Қарақалпақтар сөз өнеріне ден қойған халық. Той-томалақ пен әр алуан жиындарда масқарапаздар (күлдіргі айтысы) жарысы өткізіледі. Қарақалпақтар ауыз әдебиеті бай. 18 ғасырда өмір сүрген ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Жиен жырау мен19 ғасырдағы Әжінияз, Бердақ қарақалпақ әдеби тілінің дамуына лайықты үлес қосты. Әнші-жыршылар, сазеңдер мен қиссахандар халықтың ертедегі музыкалық мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші болып табылады.
0 дауыс
Сонда олар қазак емес пе
...