Қазақтарда сөз қалмаған шығар сірә! "Бөлінгенді бөрі жейді" деп атам қазақ тектен тек емес, аса даналықпен айтыпты!
Қазақ тарихы туралы интте көп іздендмін, бір қазақ қандасым қарақалпақ туралы былай депті : "Қарақалпақтың ең көне қаласының бiрi – Шымбай. 1995 жылы қарақалпақты ң танымал ғалым-тарихшысы, академик Сабыр Камалов қызық бiр жайтты айтып бердi. Ол кiсi ғылым Академиясын басқарып, өз ұлтына ерекше еңбек сiңiрген айтулытұлға. Үйiндегi Гүлайым жең¬гемiз болса, қарақалпақты ң танымал жазушысы. Сабыр ағаны Әлкей Марғұлан туған iнiсiндей жақсы көрiп, ерекше сыйласқан. Әлкей аға Нөкiске келсе, қонақ үйге емес, Сабыр ағаның шаңырағына түсетiн. Аса зиялы, қазаққа бүйрегi бұрып тұратын жақсы адамдар. ...
1972 жылы Ғылым Академиясының президентi Сабыр ағаны сол кездегi Қарақалпақ обкомының бiрiншi хатшысы Каллыбек Камалұлы шақырып, шаруасын айтады: – Шымбай – қарақалпақты ң ежелгi қаласы. Бiз сол қаланың 300 жылдығын кең көлемде атап өткелi отырмыз. Негiзгi баяндама сiзден. Шеттен көп қонақ шақырамыз. Қарақалпақты ң автономиялы республика ғана емес, бай тарихы бар iргелi ел екенiн жұртқа танытайық, – дептi. Сабыр аға да мақұлдайтынын бiлдiрiптi. Әдебиетшi, тарихшы ғалымдарға жұмыс артамыз. Бiрақ, негiзгi мәселе бар. Соның басын ашыпалайық дептi сол арада. – Ол қандай мәселе? – Шымбай – қарақалпақты ң емес, қазақтың қаласы. XVII ғасырда Арал теңiзiнен Нұратаға дейiнгi аралықты Ақша хан билеген. Ол – Әлiм руының төртқара тайпасынан шыққан. Әкесi –Ораз Әмiр Темiрдiң бiрiншi кеңесшiсi болған. Ақша хан – әйгiлi Жалаңтөстiң үлкен ағасы.
Жалаңтөс – тоқалдан, Ақша хан бәйбiшеден туған. Әмiр Те¬мiрдiң қасында басқада қазақ¬тың көп руларынан билерi болды. Обкомның бiрiншi хатшысы не iстерiн бiлмей бiраз уақыт үнсiз қалды. – Қазақ дегендi өшiресiң де, қарақалпақтi кi деп айтасың. – Жоқ, болмайды. Мен тарихшымын. Өтiрiк айтуға қақым жоқ. Халық бар, жұрт бiледi. Мынау отырған жерiмiздiң өзi қазақтың жерi ғой. Бiз негiзi Түркiстан жақтан ауғанбыз, ата-бабамыз 1731 жылдан кейiн жоңғар шап¬қыншылығынан қашып, Сыр бойынан осында көшкен. Негiзiнен бiз Сыр бойында отырған қарақалпақта рмыз. Арыға кетсек, тiптi қазақтың бiр руы болып шыға келемiз, Қаллыбек Камалұлы, – дептi.
– Күнi бүгiнге дейiн халық атын алған да жоқпыз. Бердақ жырында: Патша патша болғалы, Патша әдiл болған емес. Қарақалпақ қарақалпақ болғалы, Халық атағын алған емес, – деген жолдар бар емес пе?! Солай. Қазақтың қол астында келген қазақтың бiр руы едiк. Бөлiнiп көшкеннен кейiн де халық атын алуғажете қойғанымыз жоқ. Қайта Кеңес өкiметi автономия берiп, өз алдына халық етiп шығарды. Мен коммунист болғанмен, Құдайдан қорқамын, – дептi. Шымбай қаласының бастап¬қы аты – Шынбай. Ораздың 9 баласының бiреуiнен тараған" енді ол қазақтар бізден бөлініп қазақ тарихын қарақалпаққа бұрмалап не тапты?
Бөлінгенді бөрі талайды деген осы, өзбектің жемтігіне айналып кетпедіме? Сосын тағы бір аңыз : "АЛАШ - Алаштың екі ұлы болған, бірі "қазақ", екіншісі "созақ". Созақтар ешкіммен араласпай басына "қара қалпақ" киіп жүргендіктен қазақтар созақ демей, қарақалпақ" депті міс. Және біреуі "Күллі Алаш жұрты бір мерекеде жиналса керек, бір кісі келіп басындағы қалпағын шешпей отырыпты, содан ас қайыратын кезде атын білмей "әй қара қалпақты" деп шақырса керек" деген аңыздар естідім. Рулары Мүйтін (біздің Үйсінге ұқсайды екен аты),
Қоңырат, Найман т.б. Рулары бар екен, тілдері, салты біздікіндей екен. Ал сізде қандай аңыздар, мағлұматтар бар, қазаққа байланысты?
Жалпы қарақалпақ халқын туыс көресізбе жоқ өгей, гастарбайтерлер елі ретіндеме?