–1 дауыс
497 көрілді
Биыл 10 сыныпты бітірдім. Ары қарай шетелде оқығым келеді.  Папам келісті, өзің біл дид. Ал мамам қарсы болып отыр. Жібергісі келмейді( Қалай көндірсем болады?

8 жауап

+2 дауыс

"Балаға әкенің жақындығы жездедей-ақ"-деген сөз бар қазақта, қаншалықты тура екенін білмеймін, бірақ ойлап тұрсам кейде келетін сияқты. Мойындау керек біз әкелер жұмыс, сырт тірлігі деп жүріп кейде үй іші шаруасына жүрдім-бардым қарайтынымыз бар. Әкең бір сондай қауырт нәрселермен отырып уәде беріп қалған болар, әйтпесе баласын алысқа жіберу оңай емес. Бұл жерде анаңның ойы дұрыс па деп ойлаймын. Мен негізі мұхит асып,тау асып оқитындарға түсінбейтін, оларды еліктеушілер деп санайтын адамдар тобынанмын. Болмаса шет елде бізден сапалы білім береді дегенге сенбеймін, ынтасы,ақылы бар балаға өз елімізде де оқу болсын,жұмыс болсын жетеді.

Сөз жоқ!!!(y)
+1 дауыс
Осы АҚШ та өткендегі оқиғадан кейін Қазақстандық студенттерді қабылдамайтын секілді еді ғой!!
Ия, дұрыс айтасыз! Бірақ  11 бітіргенше жібермейтіндері анық болып тұр, оғанға дейін ашылатын шығар деген ойдамын. Шешілмейтін мәселе жоқ,  көшіп, сол жақтың адамы болсам да оқығым келеді. болмай жатса басқа да мемлекеттерге баруға болады емес пе?!
0 дауыс
Гүлжан сен шетелде оқитындарды мысалға ал, таныстардын ішінде болса анана соларды айт. Әрине жақсы жағынан.  Бізде де үйдегі қыз биыл шетелге даййындалып жатыр.
Ол қай қыз, Қыз-ау?
+1 дауыс
Шетелге бармай ақ Алматыдағы ірі университеттерде оқуға болады ғой оны төлеитін ақшаны ойла үйіңдегілер төлей алса жақсы ғо бірақ Алматыда да Жақсы университеттер барғо !!
Алматыда жақсы универлар бар екенінде күмәнім жоқ, бірақ шетелде оқығым келеді....Төлейді ғо)
0 дауыс
менің Ағам шет елде оқып келді,білімі де мықты ,басқа елдерге жумысқа шақыртып жатыр,кущти көтеріліп жатыр,тфа-тфа,бирақ абден шет елденіп кеткен тек жумыс болды,кешкі 11 де ұйықтап танғы 4 қайтып тұрып жұмыс істейді,бз сияқты ангиме айтпайт,тек жумыс ,қыздар артынан шауып жур соларға қарамайды,жалпы билими жағынан жақсы болғанымен өзгеріп кететін секілдісін
+1 дауыс
"Қызға  40 үйден тиым" дегендей, әкең сенің көңіліңді қимай айта салған болар. Ал шешең дұрыс айтқан. "Басқа жерде алтын бар, барсаң мыс та жоқ" дегендей, қайтесің өзге елдің ауасын жұтып, мәдениетін бойыңа сіңіріп. Америка - қашқан-пұшқан бұзақылардың отаны емес пе! Қазір де солар ғой - бүкіл әлемді дүрліктіріп отырған (былайша айтқанда "әлемнің полициясы" дейді емес пе оларды). Менің інім барып 8 ай жұмыс істеп келді, ол жақтың шын мәнісіндегі мәдениетін, қоршаған ортаға деген көзқарасын біліп, жүрегі айнып бармастай болып келді, ал қыз адамға ол жақта жүру, онымен қоса тұрып оқу - қазақи абыройыңды - "жаздың ыстық күні, етті ашықтан ашық қылып, шыбын үймелеткендей" қорғай алмай қалуыңа себеп болары сөзсіз ғой?!  Жалпы айтарым, талаптанып, ізденсең - Алла саған жердің қай түпкірінде болсаң да білім мен ғылымға сусындатар!!!  Керісінше бар десең де бармағаның дұрыс шығар! Ал тек бір рет қыдырып көрмекке болса, барып қайт, жер көресің, ел көресің, ал ата-анаңа өкпелеме және қарсы келме, олардың айтқаны сен үшін заң!
0 дауыс
Анаңа АҚШ-ка бірге барайық де :)
)) Хе бірге барайық деп айтар едім, жұмыста ғо...
0 дауыс
Анаңды ертіп барсай . )))))))))))))))))))))))))))))))))
...