+2 дауыс
3.9k көрілді
Кеше қалаға барып екi жол апатын көрiп қайттым. Жап жас бала тәжiрибесi жоқ -ау. Тек бiздiң қалада емес , елiмiзде күнде бiрнеше жол апаты болса керек. Мұндай қайғылы оқиғаларға қандай қателiктер себеп болады? Тәжiрибесi жоқ болуы мүмкiн, тағы не?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Жазды күні күн ысып, тас жолдарда сағым ой­найды. Осындай кезде көлік апаты жиілеп, адам өлімі болып жатады. Жалпы, жол апаты жиі орын алатын жерде қандай сыр бар? Ондай жерлерде қалай сақтану керек? Біз енді осы сұ­рақтардың төңірегінде ой қозғап көреміз.

Ғалымдардың пайымдауынша, кей­бір­ жерлердің адамға жағымды және жағымсыз әсер ететін қасиеттері бола­ды­ екен. Мұндай жерлерді ажырату үш­ін ата-бабаларымыздың салт-дәстүр­ле­ріне үңілген жөн. Қариялардың айту­ын­ша, ондай орынды мысық жақсы кө­реді екен, ал ит ешқашан жаман жер­ге жатпайтын көрінеді. Өйткені мысықтың бойында жаман энергияны сезетін «ан­тенна» бар. Ол мұндай жағымсыз эн­ергияларды әдейі іздеп, бойына жинайды. Мысық көмірқышқыл газын жұ­тып,­ оттегі шығаратын кәдімгі ағаш тә­різ­­ді. Ал егер өсіп тұрған қисық ағаш көр­сеңіз, ондай жердің де жақсы орын бол­мағаны. Соны білетін диқаншылар шығынға ұшырамас үшін ондай жерге егін екпеген.

Ілгеріде ата-бабаларымыз жайлауға үй тікпес бұрын, алдымен таңдаған ор­ны­­на мал жаятын немесе байлайтын бол­ған. Үй тігетін орынның жайлылығын­ сол байланған малдың сойылған ішегі, өкпе-бауырына қарап ажыратқан.

Жолға шығар алдында жүргізушілердің демалып алғаны жөн. Көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кетсе бітті.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, авто­кө­­лік апатынан елімізде соңғы он жылдың ішінде 28 мыңнан аса адам көз жұ­­мып, 162 мыңы жазылмас жарақат алған. Әрине, оның себеп-салдарын тал­­дай берсеңіз таусылмайды. Дегенмен жол-көлік апаттары кей жағдайда жүргізушілердің кінәсінен емес, жолдың­ жағымсыз аймаққа салынуына байланысты болатынын да бүгінгі ғылым рас­тап­­ отыр. Экстрасенстер жол-көлік апаттарының 10 пайызы жүргізу­шілердің ке­­сі­рінен, ал қалғаны жоғарғы күштің әсе­­рінен болатынын айтады. Көліктің ие­сіне бағынбай кететіні содан екен. Жер­дің терең түкпірінен шығатын белгі­сіз­ жоғарғы күш адамның психикалық және физикалық жағдайына елеулі түр­де жағымсыз әсер ететіндіктен, жүргізу­ші­лердің сезімтал­дығы ерекше артып, ба­сы шыңылдап, құлағы бітеліп, қан қы­­сымы артып, болмаса дел-сал шаршап, көзіне әрнәрсе елестейді. Тіпті он­дай­ жағымсыз жерлерде ұялы байланыс та нашар есті­леді. Сондықтан ондай жағымсыз жолдарда адам қауіп­сіз­­дік шараларын ор­ындаған жөн. Мұн­дай кезде жүргізу­ші өзінің көлік айдап ке­ле жатқанын сезіну керек. Сосын ұя­лы­ телефонын өшіріп тастаған абзал. Ал­ көлігіңізде орнатылған үнтаспадан шы­ғып тұрған әуен – жол апатына алып келетін бірден-бір нәрсе. Сондықтан жол­да келе жатқанда даңғырлақ әуенді өшіріп, Құран сү­релері жазылған таспаны қойыңыз немесе жолға қатысты қасиетті дұғаларды жаттап, іштей қай­­­талап отырыңыз. Бұл өзі­ңіз­ үшін өте пайдалы.

Ақпарат.

+2 дауыс
тәжірибесі жоқ болса неге машина айдайды ең бірінші мәселе осы,айдамас бұрын жақсылап айдаудың қыр сырын нағыз мамандардан үйренуі керек,одан кейінгі мәселе жолдың жаман болуы,тар болуы,адамдар машинаның да көзі бар деп тәртіп сақтамай машина алдынан без берекетсіз өтеді,оның ішіндегі адам сау ма одан хабары болмайды,және қазір көбі машинаны бар жылдамдыққа салып айдайды,ішеді,шегеді,тіпті ұйықтап айдап отыратындары бар,осындай сорақылықтардан кейін жол апаты елімізде жиілеп кетті,бетін әрі қылсын!
+2 дауыс
Жолдағы көлік оқиғалары көбіне:   көліктің жолдағы жүру ережелерін қатаң сақтамау немесе білмеу, елді мекендер мен трассада рұқсат етілмеген жылдамдықпен жүру, ара қашықтық сақтамаудан, бағдаршамға бағынбау, мас немесе шаршаңқы күйде көлік жүргізу, автокөлік жүргізу толықтай курсынан өтпей немесе жүргізуде тәжірибесі аз болу салдарынан және т.б. болады.
+2 дауыс
Кез келген елеусіз деген жол жүру ережесін бұзу орны толмас өкініштерге ұрындырады.Ал қазіргі уақыттағы жол апаттарының басым көпшілігі жүргізуші куәлігін оқымай сатып алудан болып жатыр деп білемін.
+2 дауыс
Себеп көп болады. Кейбірлері асығыстан апатқа ұшырайды. Ал кейбіреулері уайымдап отырып, телефонмен сөйлесіп отырып, ашуланып отырып апатқа ұшырайды. Сол себепті көлік жүргізетін азаматпен азаматшалардың көңілдеріне кірбің түсірмеуіміз керек!
+1 дауыс
Бастысы әйел адам айдамаса болғаны...
...