0 дауыс
"Бесік құда". Яғни балалар сәби кезінен атастырып қояды. Кейін ержеткен кезде екеуі үйленуі тиіс. Сіз осы салт-дәстүрге келісесіз бе? Бұл дұрыс па?
02.07.2013 4.5k қаралым

4 жауап

0 дауыс

Бұрын осындай болған. Қазір сирек, тіпті көріп жүргенім жоқ. Меніңше дұрыс емес. Себебі ер жеткесін бала ата-анасының келісімімен ұнатқан жарын өзі таңдауы керек.

02.07.2013
0 дауыс
Ертеде ата-бабамыз бала дүниеге келгеннен аттастырып қояды. Сол дәстүрді "Бесік құда". Бұл жайлы "Қозы көрпеш - Баян сұлу" аңызынан белгілі. Қазір бұндай салт ұмыт болған деседе болады.
02.07.2013
0 дауыс
Бесік құда негізінен құрдастардың арасында болатын әзілге жақын туысқандық. Бұл балалар өскенде міндетті түрде үйленеді деген сөз емес.
02.07.2013
+1 дауыс
Келіспеймін,обал ғой жастарға,әр қайсысының өз сүйгендері болады,бір-бірін жақсы көрмесе де амалсыз қосылады,бақытсыз болуы да мүмкін
02.07.2013
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы