0 дауыс
2.9k көрілді
Өзімді өзім қалай жеңсем екен немесе қалай қайта тәрбиелеп шықсам болады...?
бұлай дейтінім, мен өзімді тым асқақ, эгоист адам санаймын. Жігітіммен арадағы махаббатта қателіктер жіберіп жүрмін. Толығырақ айтсам,  жігітім екеуміз де отызды толтырып отырмыз (ол 31-де, мен 30-дамын), мен екі жоғары оқу орнын бітірген екі мамандық иесімін, үлкен компанияда жұмыс жасайсын, еңбекақым мол.  Отбасымның ең кішісімін, менен үлкен 3 апам 3 ағам бар? бәрі де өмірден өз орнын тапқан отбасылы жандар. Бұған дейін тұрмыс құру туралы ойламадым, енді ғана ес жиып жалғыздықтан қорқа бастадым. Осылайша, жақсы бір жігітпен таныстым, ол өзіммен құрдас, тегі ауылдан шыққан (қазір қалада тұрады), жұмысы бар, оқыған, қазақтың қара баласы. Және бір жақсы қасиеті арақ пен темекіге әуетігі жоқ.
Мен ол алыста болғанда сағынып, іздеймін, ал келсе қабағымды ашпаймын, әйтеуәір бір жақпай тұрады. Оның көзқарасы, ой-пікірі өзіммен сай келмейтін сияқты, оның мені шығарып салғанда таксиге отыргызып жібермегенінен және де сөз арасында байқағаным ақша мәселесіне келгенде сараңдау сияқты, ал мен тарықпай шаш та төк болып өскен адаммын, қолымда бар болса аямаймын. Сондай сондай түрлі мәселелерге келгенде ойымыз бір жерден шықпай ма деп қиналамын, ол мені сүйеді, ал мен білмеймін, өзімді өзім түсінбеймін. Кеше мәселенің  басын ашып айтып қоя бердім, бірақ тағы да өзім жалғызсырап қала бердім. Кейде мейлі кемшіліксіз адам болмайды ғой, өзімді де де жеткілікті кемшілік деп түсіністікпен қарайын деймін, бірақ қолымнан келмейді. Жас емеспіз өмірдің ағымына еріп, бірімізді біріміз тәрбиелеп кетерміз, үйренісерміз дейтін. Ақыл тоқтатып біраз жасқа келіп қосылғанда, ертеңгі күні әңгімеміз жараспай отырған жаман ғой, ол кезде кеш болады, өмір бойы өзімді де оны да алдағым келмейді. Оның өзіме деген шынайы сезімдері үшін сыйлаймын. Ол жоқ та жаман, ал қасымда болса жақтырмай айтәуір қабағым ашылмайды. Өзіме не болып жүргенін білмеймін, оны сүйеімін деп те айта алм аймын, жек көрем деп те айта алмаймын. Көмектесіңіздерші достар, ақыл-кеңестеріңіз керек.
Алдын-ала алғыс білдіремін!

8 жауап

+7 дауыс
Сізге тек бір ғана сөз айта аламызғой...Сіз тек өзіңіздің жүрегіңіздің қалауына жүгініңіз...жүрегіңіздің үнін тыңдаңыз азда болса...Жүрегіңіздің тура жолды таңдайтынына сенімдімін...Егер оны жақсы көрмейтін болсаңыз,өз-өзіңізді де оны да алдамаңыз....Жасым біразға келді,басқа жігіт жоқ деп те ойламаңыз...Ал егер ол сіздің бақытыңыз болса,қандай жағдай болсада сіз қосыласыздар...Сіздің айтуыңыз бойынша ол жақсы жігіт сияқтығой...Сондықтан өз бақытыңызды жоғалтып,басқа жолды таңдауға мүлдем асықпаңыз...Барлығын таразыға салып ойланып алғаныңыз жөн...Ендігі шешім тек қана өз қолыңызда.....
Гүлияның ойлануға уақыты жоқ,шешімді бүгін қабылдауы керек деп ойлаймын.
+7 дауыс
Кешірініз. Жасымның сізден біршама кіші екен. жауап жазар алдына біраз ойландым. Мұны ақыл беріп жатыр деп ойламаныз, тек өз ойым деп қабылданыз. ЕГер сезіміңізге сенімді болмасаныз сенімсіз қадам жасамаңыз."Күмәнді нәрседен бойыңды аулақ салып, күмәнсіз болғанын таңдағанын. Расында шындық - жан тыныштығына бөлейді." деген хадис бар. Сондықтан жүрегіңізге жақын, өзінізге жылулық сыйлайтын шешім қабылдаңыз.
+6 дауыс
Жасыңыз шынменде келіп қалыпты. Мен сізге айтарым. Онымен көп уақытты бірге болыңыз. Оны түсінуге тырысыңыз. Осылай жүргенде сіз оған қалай бауыр басқаңызды білмей қаласыз. Қазіргі заманда ішпейтін шекпейтін жігіттер кездестіре бермейсіз. Мен де сенімдімін ол жақсы жігіт.
+7 дауыс
Салем Ғалия ! Менің ойымша сен оны жаксы кормейсін! Мумкін тур келбеті унайтын шыгар бірак жандүниесін унатпайсын. Сырткы келбеті әдемі болғандықтан және озінді сүйемін деп тұрғандықтан сен оны жаксы коремін деп ойлайсын. Алайда ол олай емес. Бірак сен оны мойындағын келмейді.

Ойткені:

- *Біріншіден,* мама папа достарынның жасын келді деген сиакты создерін естіп калай да болашак жарым болар жаксы адам табу керек деп жургенде алдынан шыккан бірінші адам шыгар, болмаса баягыдан сені унатып жургенмін деген сиакты ангіме айткан шыгар сол ушін сенде оны жаксы коретін сиактымын деп ойлайсын!

- *Екіншіден,*  ол сені шыгарып салганда таксиге отыргызып жібермейтіндігін сараңдық деп тусінемін мен. Егер ол сені болашак жарым деп корсе ол олай істемес еді. Калайда болса саган унаудын адісін табар еді.

- *Ушіншіден,* егер сен оз озіне отказ бермей оскен болсан одан каш!  Болашакта киналасын. Таксиді кояберш оган озінінде акшан жетеді гой, ол улкен мәселе емес кой мунда былай карап турсан. Акша мәселесіне келгенде сараңдық таныткан адам кейін отау курган кезінде де сараңдық танытады.

Тағыда кайталап айткым келеді, алданба! Сен жай казір мумкін озінді жалғыз сезініп журген шыгарсын ол ардайым хабарласып тұрады сол ушін унайды, алыстагыыыыыыыыыыыыыыы телефонын туткасы арқылы. Бірак жанында болашакта жанында ол адамды коргін келмейтіні создерінен анык хаттагы.

Осы уакытка дейін жігіттер кездеспеді емес кездесті гой озін тандап журіп калгансын деп айтар осы кезде маман. Тандадын екен енді реальный жігітке куйеуге шыксай :))

P.S. *А то бул жігітке куйеуге шыгып алып майда-шүйде ушін мінез жараспай ажырасып кетіп жатсан, озінеде жаман, басында уйреніп кетермін деп жургенде балалы болсан ше? Баланы әкесіз калдырасын гой сонда коресін жалгыздыктын кокесін!
Елдерде (ауылдын) айтад олар обязательно айтатындыгын білесін гой тандаган тазга жолыгад деп! саттілік тілеймін! Бұл менін советім , жеке ойым! Аргысын озін шеше жатырсын! Саттілік тілеймін :* *
+6 дауыс
Гуля, қазір жасыңыз 30-да екен, бұл жасқа дейін сіз білім алам дедіңіз 2 дипломыңыз бар,  карьера қуам дедіңіз жақсы жұмыс орныңыз бар екен. Енді сіз осы жасқа келіп, түрлі адамдармен араластыңыз, көрдіңіз. Адамның жасы келе талғампаз болады. Кез-келген адам қателіксіз болмайды. Оның өзінше минустары бар, сіздің өзінше минустарыңыз бар. "Оны сүйеімін деп те айта алмаймын, жек көрем деп те айта алмаймын" депсіз, бірақ көңіліңізге келсе де айтайын, ол сіздің ішкі жан-дүниеңіздің жалғыздығынан. Әрине, сіз оны мойындамай, ата-анам, бауырларым, достарым көп, жалғыз емеспін десеңіз де іштей жалғызсырайсыз. Ол шындық!
Сіз болашақта ол жігітпен жанұя болып жатсаңыздар, әрине алғашында арасында түсініспеушілік болуы мүмкін. бірақ кейін уақыт келе екеулеріңнің мінездерің бір-біріне дағдыланады. Ешкімнің жанұясы бірден күшті болып кеткен жоқ, ең бастысы сіз оның жаман жерлерін жасырып, жақсы жақтарын асыра білгеніңіз дұрыс!
+2 дауыс
Гуля-өмір кейде біз ойлагандай немесе армандағандай бола бермейді.Біз кейде әр түрлі мелодрамаларды көріп, өмірімізді асыра сілтеп армандап кетеміз.Бірақ ол жай ғана фильм.Махаббат дегенді өзіңіз қалай түсінесіз?Менінше сіздің бойыныздан қазіргі кезде нағыз махаббаттық өмір өтіп жатқан секілді.Өйткені-адам шын сүйген кезде осындай сезімдер жиі кездеседі.Кез-келген уақытта қатты жақсы көріп кетесін,кез-келген уақытта қатты жек көріп кетесін.Мұны кез-келген адам мойындайды деп ойлаймын.Бірақ жек көру сезімі уақытша әлсіздік.Оны тез арада,өз уақытында түсінген жөн!Әйтпесе,кеш болып қалуы мүмкін.Ал,енді сіздің жігітіңізге келер болсақ-мен оның бойынан  жағымды (положительный)қасиеттер көріп тұрмын.Ең бастысы сізді сүйеді екен.Ойпырай(неужели)оның ой-пікірі,көз-қарасы сіздікемен салыстырғанда жер мен көктей ма?Соншалықты қорқатын!Және де сараң депсіз. Ия кемшіліксіз адам болмайды.Мүмкін оның сараң болғаны да дұрыс шығар,ақыры өзіңіз ондай емессіз.Сол үшін де бір-бірінізді тартып тұрған шығарсыздар,болашақта жақсы жұп болу үшін)).Өзіңізге жақсылап мінездеме беріпсіз,ия сіздің қазіргі істеп жүргеніңіз өзімшілдік.Ол жігітке де оңай емес, сізді сағынып келіп тұрған кезде ,сіздің қабағыныздан қар жауып тұрады.Ойыныздағы махаббатқа қол жеткізгініз келсе,ол үшін тек жігіт күреспеу керек,сіздің де қосар үлесіңіз  болу керек деп ойлаймын.Оның кейбір жағдайларын түсінуге тырысып көріңіз.Сізді ақымақ деп ойламаймын,тәрбиелі,оқығансыз.Егер болашақ жар ретінде  ол кісіні қабылдамайтындай болсаңыз ,кезінде-ақ жолатпас едіңіз ғой.Мұндай уақытша әлсіздікке берілмегеніңіз жөн деп ойлаймын.Бірақ,жасым осыншаға келді деп,соңғы поезд деп тұрмысқа шығып кет деп те айтпаймын.Бұл сіздің өміріңіз.Көзі ашық жансыз,ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін ажырата аласыз.Мүмкін айтуға қысылып айтпаған минустары тағы бар шығар,егер олай болса ,тәуекелге бармай-ақ қойыныз.Біреудің өміріңізді құртуына жол бермеңіз.А былай тек сондай минустары болса ,қорқатын дәнене жоқ деп ойлаймын.Ал,осындай күйі де сізді қатағаттандырмаса,ол кісіні жайына жібере салыңыз.Кеш болмай өз бақытын іздей берсін.Ал, өзіңіз рационалды түрде болсын тұрмысқа шығуыңыз мүмкін.Ол дегеніміз-ол сізді сүймейді,сіз оны сүймейсіз,қасиеттері өте керемет,тура сіздің ойыныздағыдай болуы мүмкін.Сүйіспеншілік жоқ жерде жақсы отбасы бола алар ма екен?Гуля-бұл сіздің өміріңіз,жай ғана өмір емес,бүкіл өміріңіз осыған байланысты.Сол үшін қорытынды шығаруға асықпаңыз!Сізге сайт қолданушылары атынан тек сәттілік тілейміз!
Құрметті достар, құрбылар, сіңлілерім!
Ой-пікірлеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізге көптен көп алғысымды білдіремін. Осы сайттың барына және оның Сіздер сияқты қолданушыларының барына қуаныштымын.
Сіздердің айтқан ақыл-кеңестеріңіз менің дұрыс шешім қабылдауыма көп септігін тигізетініне сенімдімін. Көп рахмет!
Тағы да пікірлеріңізді күтемін.
+2 дауыс
Кешырыныздер мен мунда мулде жас екем гой,сонда да оз пiкырымды айтатын болсам сол Жыгытынызды сынап корсенызшы сонда шынайы бет бейнесы ашылат деп ойлайм ,бул маселе омырлык маселе боп турган жокпа ,бырак сiз дурыс айтасыз жасыныз быразге кеп калыпты сондада омырыныз алы алда гой!жаксы жигит кездесып калатын шыгар,ар адамнын оз жартысы баргой!ге кеп калыпты сондада омырыныз алы алда гой!жаксы жигит кездесып калатын шыгар,ар адамнын оз жартысы баргой!
Сөйлеспегенімізге, хабарласпағанымызға 3 күн болды, оны әлі ойлаймын, арасында тіпті іздейтінде сияқтымын. Бұл не өзі сонда? Махаббат дейін десем алып-ұшып бара жатқан сезім жоқ, шынында Erke_ ky3 =)) айткандай, мен оның тек үнемі хабарласып тұрғанына, менің жалғыздығымды аз да болса әрлегені үшін үйреніп қалған шығармын... түсініксіз жағдай...
кеширерсиздер... Менин оиымша сиз оны жаксы коресиз, бирак моиындагыныз келмеиди... Мумкин туринен уялатын боларсыз, мумкин баршылыкта оскеннен сон моиын усынгыныз келмейтин шыгарсыз... Сиз 1апта оны издемей,тел оширип одан озинизди алыста сезинип коринизши... Сиз каншалыкты багалаи алатынызга козиниз жетеди... Рахмет
+1 дауыс
Гүлия,сен мені кешір,мен турасын айтамын,сен өз өміріңе өзің балта шапқан адамсың.Сенің күтуге де,таңдауға да,ойлануға да еш уақытың да,құқығың да жоқ.Сен жалғызсыраймын депсің,сен тек қана жалғыздық емес ұят,ар,міндет,парыз дегендердің бәрінен де кенде қалған жансың.Сен туыстарым бар дейсің,бірақ сол туыстарыңа қаншама уайым,ауыртпашылық келтіріп отырғаныңды білмейсің.Екі дипломым,жақсы қызметім бар дейсің,бірақ соның бәрінің кішкентай сәбидің бір жұтым иісіне тұрмайтынын білмейсің.Оқыдым,тоқыдым дейсің,өзіңді оқытқан мемлекетің ұлт санын көтеру саясатына қаншалықты зардап шектіріп отырғаныңды білмейсің.Жігітке сын айтасың,бірақ не үшін сынап отырғаныңды білмейсің.Тақсиге төленетін бірнеше тиынды әңгіме қылып отырған сен сараңсың ба,жоқ ойына не түйгені бар екенін білдірмеген жігіт сараң ба,осы арасын тарызалай білмейсің.30 дан асқанша үйленбей жүрген жігітті сынайсың,қандай адам 30 дан асқанша бойдақ жүреді деп өзіңе сұрақ қоюды білмейсің,енді маған не дейсің?Сен барып тұрған өзімшілсің,ағайының-туғаныңды,ата-анаңды,өзің білім алған мемлекетіңді ойламай,қара басыңды күйттеп жүрген жансың.30 дан асқанша қатын алмай қайқаңдап жүрген жігітке де айтарым осы.Екеуің бір етіктің сыңарысыңдар,ойланатын түктерің де жоқ,ойлануға уақыттарың да жоқ.Сен мені кешір,саған бұлай қатты жазбасам,мына пікір жазып отырған жастар да саған ұқсап селтеңдеп жүре ме деп қорықтым,бұлардың келешек тағдыры алаңтатты деп түсін мені.Сен олардың өзің сияқты болғанын қаламассың деп білемін
...