Өзімді өзім қалай жеңсем екен немесе қалай қайта тәрбиелеп шықсам болады...?
бұлай дейтінім, мен өзімді тым асқақ, эгоист адам санаймын. Жігітіммен арадағы махаббатта қателіктер жіберіп жүрмін. Толығырақ айтсам, жігітім екеуміз де отызды толтырып отырмыз (ол 31-де, мен 30-дамын), мен екі жоғары оқу орнын бітірген екі мамандық иесімін, үлкен компанияда жұмыс жасайсын, еңбекақым мол. Отбасымның ең кішісімін, менен үлкен 3 апам 3 ағам бар? бәрі де өмірден өз орнын тапқан отбасылы жандар. Бұған дейін тұрмыс құру туралы ойламадым, енді ғана ес жиып жалғыздықтан қорқа бастадым. Осылайша, жақсы бір жігітпен таныстым, ол өзіммен құрдас, тегі ауылдан шыққан (қазір қалада тұрады), жұмысы бар, оқыған, қазақтың қара баласы. Және бір жақсы қасиеті арақ пен темекіге әуетігі жоқ.
Мен ол алыста болғанда сағынып, іздеймін, ал келсе қабағымды ашпаймын, әйтеуәір бір жақпай тұрады. Оның көзқарасы, ой-пікірі өзіммен сай келмейтін сияқты, оның мені шығарып салғанда таксиге отыргызып жібермегенінен және де сөз арасында байқағаным ақша мәселесіне келгенде сараңдау сияқты, ал мен тарықпай шаш та төк болып өскен адаммын, қолымда бар болса аямаймын. Сондай сондай түрлі мәселелерге келгенде ойымыз бір жерден шықпай ма деп қиналамын, ол мені сүйеді, ал мен білмеймін, өзімді өзім түсінбеймін. Кеше мәселенің басын ашып айтып қоя бердім, бірақ тағы да өзім жалғызсырап қала бердім. Кейде мейлі кемшіліксіз адам болмайды ғой, өзімді де де жеткілікті кемшілік деп түсіністікпен қарайын деймін, бірақ қолымнан келмейді. Жас емеспіз өмірдің ағымына еріп, бірімізді біріміз тәрбиелеп кетерміз, үйренісерміз дейтін. Ақыл тоқтатып біраз жасқа келіп қосылғанда, ертеңгі күні әңгімеміз жараспай отырған жаман ғой, ол кезде кеш болады, өмір бойы өзімді де оны да алдағым келмейді. Оның өзіме деген шынайы сезімдері үшін сыйлаймын. Ол жоқ та жаман, ал қасымда болса жақтырмай айтәуір қабағым ашылмайды. Өзіме не болып жүргенін білмеймін, оны сүйеімін деп те айта алм аймын, жек көрем деп те айта алмаймын. Көмектесіңіздерші достар, ақыл-кеңестеріңіз керек.
Алдын-ала алғыс білдіремін!