+2 дауыс
3.0k көрілді
Құмырсқалардың көздері көрмейді. Олар тек иіс сезу қабілетінің арқасында жүре береді. Сондықтан олар еңбеккеш, тынымсыз еңбектеніп жүреді деп естігенмін. Сол распа? Нақты ақпарат, дәлелдермен айтсаңыздар.
Құмырсқа, шыбын, инеліктердікі фасеточное зрение. Яғни тұтас көрмейді, бөлек-бөлек көреді.
Иіс сезетін мұрны болғасын жерде көзі де бар

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Кейде кетіп бара жатқан құмырсқа өзінен 10 сантиметр әрірек өліп жатқан шыбынды байқамай өтіп кететінін көріп жүрміз. Олай еткені көзінің жоқтығынан емес ,  тек ол тұмсығының астын ( 3-4 сантиметрден) артық көрмейді. Онан арғы дүниелер оған бұлынғыр. Кейбір құмырсқалардың көруі өте төмен. Олар алдындағы затты соқтығысқаннан соң байқайды. Олардың көп уақыты илеулерде , қараңғылықта өтетін болғандықтан түйсік , сезу қабілетіне жүгінеді.  Мынадай жағыдайлар болады: Бір топ құмырсқалар жұлдыз құртқа шабулдап жатады.  Олардан әрі 10 сантиметрлік жерде өзімен өзі кетіп бара жатқан  бір құмырсқа кенет бұрылып жаңағылар жаққа барады. Бұл оларды көргендігінен емес , ол құмырсқалардың қышқыл, ащы  қаруының иісін сезгеннен . Мен мына жерден аударып , түсінгенімді жаздым! Қалғанын өздерің аударып аларсыңдар.

Рахмет-рахмет! Және мына жерден ақпарат тауып алдым:
  Құмырсқа айналадағы заттарға қарап жолын анықтайды деп айта алмаймыз. Өйткені шөлде жүрген жолды анықтайтын ағаш, тас, өзен немесе көл сияқты белгілер жоқ дерліктей өте аз кездеседі. Айнала тек қана құм. Өзге заттар болған жағдайда да ештеңе өзгермейді. Өйткені құмырсқаның ол заттарды көріп, есінде сақтап, жүрген жолдарын жаттап алып кейін бағыттарын белгілеу үшін қолдануы мүмкін емес.
      Құмырсқа бұл қиын істі өзіне берілген денесінің ерекшелігі арқылы жүзеге асыруда. Құмырсқаның көздерінде бағытты анықтайтын бір жүйе бар.  Аллаһу та’аланың берген құмырсқаның көздеріндегі жүйе, бүкіл бағытты табуға арналған құралдардан үстем. Өйткені біздің көре алмайтын кейбір сәулелерді қөре алатын құмырсқалар, бұларды қолдану арқылы айналасына қараған кезде солтүстіктің, оңтүстіктің қайда екенін анықтай алады. Сол сәуленің арқасында ұяның қай тарапта екенін болжай алатын жәндік, кері қайтар кезде еш қиналмайды.
http://www.balalaralemi.kz/articles/view/653
0 дауыс
Көреді көздері,тәжірибе жасап көрсең болады ғой,лупамен қара.Көздері көрмейтіндер көртышқандар ғой.Ал қалған тіршілік иелері көреді
Қандай нақты дәлелге сеніп айтып отырсың?
Лупамен қарап едім көздері бақырайып тұр
Білесің бе? Соқыр адамдардың да көздері ашық кәдімгідей тұрады. Бірақ ішкі жағы жұмыс істемейді.
Ақжол чатқа келші,бәрі күтіп отыр
Соткамен қалай кірем?
Жақсы жақсы,
0 дауыс
Мадияр айтқандай лупамен қарасаң олардың көздері бар,демек көздері қөреді,көртышқанда көз мүлдем жоқ,оны солай жаратқан,көздері көрмейді.Ал енді кейбір адамда көз бар бірақ көрмейді дегенің ол соқыр болған адамғой,адамды көзбен жаратқан,олар көреді.
көртышқанды неге қозғай бересіңдер? мен оның көзі көрмейтінін білемін. құмырсқаны сұпрап отырмын
Саган айтып отырмынғой,қай мақұлық болса да,көзі бар ма,демек көреді,сен көзі көрмейтін адаммен неге салыстырасын
0 дауыс
Жоқ құмырсқалардың көздері көрмейді.Олар жүрген ізіне иіс шығарып жүреді ,илеуіне қайтқанда сол иіс арқылы тауып алады.Көздері көрмейді)))))))
Немен дәлелдисіз?
Ана газеттер бар го,аптасына шығатын.мен өзі сол газеттерді көп оқимын,солардың біреуінің ішінде жүрген,қайсысы екені есімде жоқ
...