0 дауыс
6.2k көрілді
Менің көзім -3 алыстан көрмейді қандай дәрілер, қандай жаттығулар жасауыма болады

13 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің де  көзім алыстан көрмейді. Дәрігер очкиді далаға шыққанда ғана тағасыз, кітап оқығанда, теледидар көргенде, компьютерде отырғанда тақпайсыз деді. Очки көзіңізді өзі дем алдырып ,емдейді деді. Ешқандай капля тамызудың қажеті жоқ деді. Бұл кеңестері сізге де қажет болып қалар....
0 дауыс
Окулистке барып кеңес алғаныңыз жөн.Болмаса интернеттен тренировка для глаз көзге арналған жаттығуларды қараңыз
бардым маған очки берди алдым, бірақ көзімді сорып тастайды деп қорқамын
0 дауыс
негізі очки кимеу керек екен. мен очки кигелі көзім одан төмендей бастады. бір мұғалім көзге қатысты кітаптің электронды оқулығын берем деген еді. егер берсе сізге жіберемін
+1 дауыс
Терезе алдына тұрып, алыстағы бір затқа караңыз, одан кейін көзді мұрын ұшына бағыттаңыз, сосын қайтадан алыстағы затқа қараңыз. Бірнеше рет қайталаңыз.
0 дауыс
Иа Абылайдың iсiн iстеңiз,менiңде айтпағым сол едi.
0 дауыс
Көзіңізді Окулистке көрсетіңіз. Нақты диагнозын айтады. (мүмкін көзіңнің мегапикселі аз шығар :)
Күлдім.. :D
+1 дауыс
Сол алыстан көрмеушілікке арналған көзілдіріктер бар.. соны сатып алыңыз. Ол тесік тесік болады. Оптикада небәрі 1000 теңге тұрады. Теледидар көргенде күніне 1-2 сағаттай тағып отырсаңыз. Пайдасы бар).. Бұны мен жайдан жай айтып жатқаным жоқ, өзім де сол көзілдірікті қолданғандықтан және содан кейін біршама өзгеріс көргендіктен сізге кеңес беріп отырмын!!!
Иә осы , бұны тағып біраз жүрсең көзіңнің қарашықтары бір орынға түсетін болады.Солай оны тек үй жағдайында ғана тағыңыз
бұл көзілдірікті таққанда қарашықтарым орнына түскенді қойып осы көзілдірік сияқты тесіліп тесіліп кететіндей жаман болады
тағып көріппедіңіз ?
иә бір минут қана
Ондай болмайды! Кем тегенде 1 сағат тағу керек .
Мына көзілдірікпен не қарауға болады :D
студент қыз сізден жеке хат арқылы бір нәрсе сұрайын деген едім, жауап берсеңіз
0 дауыс
Очки таккан дурыс кой (кормей жургеннен). Арнайы маманга барып каралыныз, одан арi нашарламай турганда (-3 деген жаксы корсеткiш емес). Немесе ота жасату аркылы токтатуга болады. Неде болса козiнiзге сак болыныз. Аркiм айткан дарiнi колданбаныз. Балкiм блетiнде шыгарсыз дарiгер 'Аевит' деген дарiнi берген (ешкандайда пайдасы байкалмайды).
0 дауыс
Көзіңіз -3 болса.. -2 нің көзілдірігін тағыңыз, және көзге арналған жаттығуларды жиі жасап тұрыңыз. Көзге арналған жаттығуларды интернеттен қарауыңызға болады. дәрі емес көзге арналған дәрумендер.. оны офтальмолог дәрігер өзі жазып береді
0 дауыс
Негізінен очкидi күнi бойы шешпей таққан зиян, сабақ оқығанда болмаса. Мен 8 жылдан кейiн барып тыстадым очкидi. Ана кара тренажерный очкидi де ал. Ол жақсы көзге шаршағанды да кетiреді. Сосын творог, бауыр, т.б тағамдар жеу керек. Мұны маған окулист айтқан.
0 дауыс
Көзілдірік жазып берсе тағыңыз. Одан ары нашарлап кетуінің алдын алады.  Көзге арналған арнайы көптеген жаттығулар бар, интернеттен көрсеңіз болады. Сонымен бірге көруді жақсартатын арнайы витаминдік көз тамшылары, арнайы көзге арналған витамин дәрілерін жылына екі рет қолданып отыру керек. Алайда бұл аталғандар көзіңіздегі минусты азайта алмайды, одан ары асқындырып алудан сақтайды. Көзілдірік таққыңыз келмесе лазерлік ем алған дұрыс. "Көзілдірік көзге зиян,сорып тастайды", "лазерлік ем жасатпау керек, ол зиян " деген лақап сөздерге сене бермеңіз. Дұрыс таңдалған көзілдірікті ғана тағыңыз. Ал лазерлік емнің ақшасы көп.
0 дауыс
Очки тағасың, Линза кисең де болады, басқа амалы жоқ
0 дауыс
Көзге арналған жаттығулар бар.Оңға ,солға ,төмен, жоғары ,қиғашынан ,айналдыру.Меніңде көзім -3 очки кием көзді үйрету
...