Рахмет-рахмет! Және мына жерден ақпарат тауып алдым:
Құмырсқа айналадағы заттарға қарап жолын анықтайды деп айта алмаймыз. Өйткені шөлде жүрген жолды анықтайтын ағаш, тас, өзен немесе көл сияқты белгілер жоқ дерліктей өте аз кездеседі. Айнала тек қана құм. Өзге заттар болған жағдайда да ештеңе өзгермейді. Өйткені құмырсқаның ол заттарды көріп, есінде сақтап, жүрген жолдарын жаттап алып кейін бағыттарын белгілеу үшін қолдануы мүмкін емес.
Құмырсқа бұл қиын істі өзіне берілген денесінің ерекшелігі арқылы жүзеге асыруда. Құмырсқаның көздерінде бағытты анықтайтын бір жүйе бар. Аллаһу та’аланың берген құмырсқаның көздеріндегі жүйе, бүкіл бағытты табуға арналған құралдардан үстем. Өйткені біздің көре алмайтын кейбір сәулелерді қөре алатын құмырсқалар, бұларды қолдану арқылы айналасына қараған кезде солтүстіктің, оңтүстіктің қайда екенін анықтай алады. Сол сәуленің арқасында ұяның қай тарапта екенін болжай алатын жәндік, кері қайтар кезде еш қиналмайды.
http://www.balalaralemi.kz/articles/view/653