+3 дауыс
Ауыз шайқауға арналған сұйықтықтардың ішіндегі ең жақсысы қайсысы? Тістің күтім артырып, азыудың жағымсыз исін шығармайтын дегендей...
28.06.2013 1.2k қаралым

2 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Лакалют дегенді көп жылдан бері пайдаланамыз, құрамында хлоргексидин, ментол бар, бактерия, грибоктардың бәрін түгелдей жояды және жағымсыз иісті де кетіреді.Бір стакан суға 5-6  тамшыдан тамызып,сонымен тамақты ,ауызды шайқайды.мүмкіндік болса, тамақ ішіп болған соң шайқаған дұрыс,Егер тамақ ішер алдында шайқасаңыз, онда тамақты жарты сағаттан соң қабылдаған жөн.Жалпы жағымсыз иіс тек қана тістен шықпайды.асқазан , бауыр , өт жолдары,ұйқыбезінің аурулары кезінде  және созылмалы тозиллит болғанда да шығады және бұл жағдайларда тек қана ауыз шайқаумен жағымсыз иісті кетіру мүмкін емес.
28.06.2013
+1 дауыс
Ауыздан жағымсыз иіс шығу себебі құрттаған тістер, көп жағдайда асқазан ауруларынан болады. Асқазаны ауыратын адамдар тістерін күніне 10 рет жуып, жүз рет ауыздарын шайса да иіс кетпейді, себебі ол жағымсыз иіс асқазаннан келіп тұрса. Құрттаған тістерді емдетпегеннен де жағымсыз иіс шығарып тұрады.
28.06.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы