0 дауыс
6.5k көрілді
Сұрақ-жауап  сайтының қолданылушылары сіздерден  сұрайын  дегенім тісті қандай  пастамен жуған  дұрыс  менің  тісіме  тез  құрт  түседі,жәнеде тістегі құртты кетіруге  болама  дәргерге  бармайақ, тіс немен  жуған  дұрыс?

4 жауап

+2 дауыс

Қазіргі таңда түс күтіміне пайдалы деп блендамед тіс пастасын айтуға болады. Құрамына тоқтала кетсек тіс үшін қажетті ең көп пайдалы заттары тіс пастасы. Жалпы тіс пастасын таңдағанда аса сақтылықпен алу қажет. Айта кетсек тіс пастасының ең түменгі бөлігі қызылмен боялып тұрса, ешқандай қоспа жоқ пайдалы деген мағынаны білдіреді. Қарамен боялып тұрса қоспа көп дегенді білдіреді.

0 дауыс

Меніңше қымбат болса да Parodontax пен  Lacalut  жақсы! Содан кейін Лесной бальзам

+1 дауыс
Ең алдымен тіс күтімі қажет! Тістерімізді күніне үш рет тазалап тұруымыз керек. Тіс пасталарының тіс күтімі турасында әсері көп болмағаны секілді тіс міндетті түрде сүттей ақ болуы керек деген қағида жоқ. Тіс щеткаларын таңдағанда орташа қаттылықты, оқшау қуыстарына жететін және міндетті түрде пластикалық щеткаларды қолданған жөн. Өйткені қылдан жасалған щеткалар доңыз немесе ат қылдарынан жасалады. Қылдар көп мөлшерде су сіңдіреді. Әрбір қыл талшығында болатын саңылаулар бактериялардың көбеюіне өте қолайлы болып табылады. Бір тіс щеткасын бір адам қолдануы керек және 3-4 айда ауыстырып тұру керек. Тіс тазалағанда тіс пастасымен тазалау мәжбүрлігі жоқ. Аз мөлшерде тұзбен немесе содамен де тазалауға болады. Пастамен қолданғанда нохат мөлшеріндей ғана жеткілікті. Щеткамен тазалағанда тіс еттеріне де массаж жасалуы керек. Алғашқыда тіс еттері қанайды, бірақ жүйелі түрде тазалау арқылы тіс еттері беріктенеді. Щеткамен тазалау еттен тіске қарай бағытталуы керек. Аузында тіс тастары болғандар көп кешіктірмей тіс дәрігеріне көрініп тазалатуы керек. Ауыз және тіс күтімінде мисуак қолданудың да маңызы өте зор. Хош иістілігі және алып жүру қолайлығы жағынан да тиімді. Мисуакты тұрақты қолданғандарда тіс шірігінің тоқтағаны, тіс еттерінің мықты болғандығы, ауыз иістерінің қалмағандығы байқалады. Мисуак Арабстанда өсетін Эрак ағашының бұтағы. Тіс жіптерін де щетканың жете алмаған тұстарында қолдануға болады
+1 дауыс

Деннің саулығы тіске де байланысты. Себебі, тіс бала мен ересек адамның денсаулығына, бүкіл бет-әлпетіне, көңіл-күйіне және мінез-құлқына әсер етеді.

Балаларда сүт тістері 6 айдан бастап шыға бастайды. Бүлдіршін 2,5 - 3 жасқа келгенге дейін тістері шығып болады. Бұдан кейін, яғни 2-2,5 жастағы баланы тіс тазалауға үйрету қажет. Оны ата-анасының үнемі қадағалап отырғаны жөн. Тісті күніне 2 рет (таңертең, кешке) тазалау керек. Тіс тазалаудың да өз әдістері бар. Сол бойынша тіс қатарын шартты түрде бірнеше бөліктерге бөлуге болады. Тіс тазалауды жоғары жақтың оң жақ үлкен азу тістерінен бастайды. Жоғары жақ тістерін тазалап болғаннан кейін төменгі жақ тістеріне ауысады.

Жоғары және төменгі жақтың үлкен және кіші азу тістерінің ұрт беттерін тазалағанда, тіс щеткасының қылтанақтары тіс бетіне бұрыш жасап тұруы қажет. Яғни, жоғары орналасқан тістер төмен қарай, төменгі тістер жоғары қарай сыпыру қозғалысымен тазаланады. Одан кейін көлденең қозғалыстар жасалып, тіс тазалауды щетканы айналдыра отырып аяқтайды.

Тістерді тазалап болғаннан кейін тіс щеткасын сумен жақсылап шайып, тамақ қалдықтарынан, тіс пастасынан  арылтып, сабындап қою керек. Келесі тіс тазаланар алдында сабын жуылып тасталынады. Щетканы жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қою қажет. Ешқашанда оны жабық қапшыққа салуға болмайды. Бір тіс щеткасын 3-4 айдан артық пайдаланбау керек. Сонымен қатар, жеке бастың тазалығын сақтау, құрамында дәрумендер, кальций, фтор, фосфор және басқа да микроэлементтері мол сапалы тамақ ішу, жеміс-жидектер жеу тістің берік болуына ықпал етеді.

Әр адам жылына екі рет тіс дәрігеріне барып қаралып, ақыл-кеңес алып тұрғаны жөн. Себебі, ауыз қуысының аман болуы адам денсаулығына қатты әсер етеді. Айталық, тіс жегі – адамдар арасында көп таралған ауру болып саналады. Бұл – тістің қатты тіндерінің жұмсаруынан пайда болатын тіс жегі қуысы. Ол дұрыс тамақтанбау, сілекейдің құрамы мен қызметінің бұзылуы, ауыз суында фтор мен кальцийдің жетіспеушілігі, басқа да себептерге байланысты болады.

Тіс жегінің алдын алу үшін фторлаудың жүйелі әдістерін (құрамында фторы бар дәрілерді қолдану), ошақтық тәсілдерін (құрамында фторы бар тіс сықпаларын пайдалану, фтор ерітінділерімен ауыз қуысын шаю), фиссуралар мен соқыр тесіктерді герметизациялау, ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтау, тамақтану кезінде кариесогенді тағамдарды қолданбау сияқты қарапайым ережелерді білген жөн.

Жалпы, үлкен де, кіші де тіс күтіміне немқұрайлы қарауға болмайды. Салғырттықтың салдары түрлі ауруларға жол ашуы мүмкін.

Және де мына жақтан қарап көріңіз.

...