0 дауыс
Менің жасым 15-те. Өзім өмірге риза болып жүретін адаммын, көп күлемін. Сол көп күлгеннен бе, көзімнің астына кішкентай-кішкентай әжімдер түсе бастапты. Бір қарағанда байқалмайды, жақыннан қарасам білініп тұрады. Қазір қолданып жүрген кремім СТО РЕЦЕПТОВ КРАСОТЫ (сохранение молодости). Сол кремді қанша уақыттан бері қолданамын. Бірақ нәтиже жоқ, сол қалпы. Сіздерден сұрайын дегенім, менің жасыма арналған қандай тез сіңетін, бетке кері әсерін тигізбейтін, жақсы кремдерді айтар едіңіздер?
27.06.2013 1.3k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қазіргі таңда қанша жерден жарнамалап жатса да кез-келген кремде химиялық элементтер бар. Жасың 15.те бола тұра крем пайдаланып үлгергеніңе таңданып отырмын, бәлкім біздің үйде ешкім пайдаланбайтын болған соң шығар. Мен мүлде крем тұтынбаймын, тұтынуым мүмкін, анда-санда той-томалаққа барғанда, онда да балалар кремін. Ол ол ма сабынды айына екі рет қана пайдалануым мүмкін))) Крем керісінше тез әжім түсіруге жетелейді.

Ендігі сіздің бетіңіз кремге тәуелді болып үлгерді, жақпай қойсаңыз оң нәтиже бермейді. Есесіне шыдауға болады, аз уақыт бөрткенімен, нәтижесін көрер едіңіз. Мысалы мен бетімді мұзбен ысқылаймын, сосын қайнаған суды көбірек ішемін. Аз-маз массаж жасауыңызға болады. Жоғарғыдағы аталмыш маскаларды жасауға қорқақтаймын, себебі қазіргі көкөністер дәрімен өсірілгендіктен теріңізді құртады. Мен тек өз бақшамыздың қиярын ғана сенімді пайдаланамын. Өз табиғи теріңізге не жетсін, шіркін!
28.06.2013
0 дауыс
Mary Kay фирмасының кремдері қымбат, бірақ жақсы. Басқа фирмалардыкы ашейін реклама ғой, пайдасы жоқ.
27.06.2013
Сіз өзіңіз қолданып көрдіңіз бе? Нәтиже болды ма?
ия, мужской крем против загара и морщинок дегенді. нәтижесі жақсы
Mary Kay фирмасының кремдері сіздің жасыңыздағы бет терілеріне арналмаған деп ойлаймын. Бетңізге химикаттар тола кремдерсіз-ақ үй жағдайында жасалған кремдер жасап көрсеңізші. Кейін ол мимикалық әжімдерді айтып отырсыз ғой, олар кез-келген адамда болады.
+1 дауыс
http://massaget.kz/bastangy/krasota/4939
27.06.2013
127,965Сұрақ
322,909Жауап
153,169Пікір
73,034Қолданушы